+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 2 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім беру мазмұнының берері мол

КЕМЕШЕВА Л.О.,
Күршім ауданының мәслихат депутаты,
№1 Теректі орта мектебінің директоры міндетін атқарушы

      Қай елдің болсын қанат жайып гүлденуі, дамыған елдердің арасында орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, бағытына тікелей байланысты.
        Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасы іске асырылуда. Оның өзі кезең-кезеңмен жүретін үздіксіз процесс. Сондықтан да бастауыш сынып – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше қайталанбайтын кезең. Қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген.
        Қазіргі заман білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңі. Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыратын - бастауыш сынып мұғалімі. Өткен жылдан бастап, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің БАИ-дың ұйымдастыруымен Күршім ауданында бастауыш сынып ұстаздарына арналған «Оқытудың жаңа форматы» атты біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Курстан мұғалімдеріміз білім қорымен және тәжірибелік дағдылармен оралуда.

        Біздің мектепте осы курста оқыған 4 ұстаз бастауыш буынға нәтижелі білім беруде. Аудан көлемінде ұйымдастырылған семинар-тренингтерге қатысып, білімдерін жетілдірді. Бірінші сынып ұстаздары бағалаудың жаңа жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беру үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.
         «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда  тұрғандай»,  – деп Сократ айтқандай, Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясатында қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай, білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
        Қазіргі кезде білім беру мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді  көздейді. Сондықтан да жаңартылған білім беру мазмұнының жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде елімізге болашағымызға берері мол деп кәміл сенеміз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype