+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 2 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тәлімгерлік – мұғалімдердің кәсіби білімдерін арттыру тәсілі

МУХАМЕТКАЛИЕВА У.,
Үлкен Владимировка орта мектебінің тарих және география пәндері мұғалімі, Бесқарағай ауданы

      Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, мұғалімдердің бір-біріне қолдау көрсетуі дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі - тәлімгерлік ісі.
«Тəлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тəлімгер мен тəлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Тəлімгерліктегі басты ұстаным – қызмет емес, қарым-қатыныс болып табылады, оның барысында тəлімгер объективті тыңдаушы жəне бағыттаушы болады» деп анықтама берілген.
      ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының екінші (негізгі) деңгейі бойынша сертификат иегері Жумашева Толқын Нургалиевнаның үйретуімен жаңа форматта сабақ беру әдіс-тәсілдерін тез үйренуге мүмкіндік алдым. Толқын Нургалиевна менің жеке қасиеттерімнің дамуына, ұстаздық жолымның қалыптасуына көмектесіп жатқан ұстаз. Жыл басынан тәлімгерімнің сабағына қатысып, көп нәрселер үйреніп келемін. Әр сабағы өзгеше. Сабаққа қатысу мақсатын құрып алып, әр сабағына қатысқаннан соң «Тәлім алушының күнделігі» деген дәптеріме түсіріп отырамын.
      Тәлімгерлік ету үдерісі туралы іс-шаралар жоспарын айқындап, екі жылдан бері бірге кеңесе отырып жұмыс жасаудамыз. Тәлімгерім кез келген уақытта сұрағыма жауап беріп, ойымды тыңдап, ұсыныс-пікірін айтып, аптасына бір рет сұхбат жүргізіп тұрамыз.

      Жаңаша сабақтың орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарын құрастыру жолдарын үйретуді былтырдан қолға алғанбыз.
      Біздің арамызда ең алдымен шынайлылық, мейірімділік, қамқорлық, ашықтық, құпиялылық, сыйластық деген қасиеттер бізді көптеген жетістіктерге жетіп, балаларға білім беруді тереңдетіп қана қоймай, жаңаша беруімізге себеп тигізіп келеді деп ойлаймын.
      Тәлімгерімнің арқасында өз жұмысыма рефлексия жасап, бұрынғыдай емес, мен қазір әр сабағымда дайындағанда жаңа көзқараста отырып, сабақтың психологиялық сәт, сергіту сәті, рефлексияларын байланыстыруға тырысып, өздігінен жаңа идеялардың күннен-күнге туындап жатқанынан байқаймын. Өзіме деген сенімім қалыптасты. Өзімің өз білімін жетілдіру деген қобдишамды жақсартып, дамытып, байтып отырамын десемде болар.
      Жаңаша оқытуда тәлімгерліктің маған бергені мол десем артық емес. Оның дәлелі ретінде қысқамерзімді жоспар түрінде «Абылай хан» атты ашық сабағымды айтар едім.
     Сабақтың мақсаты — жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өз іс-тәжірибемізді әріптестерімізбен бөлісу және оқушылардың жаңа тақырыпты топтық жұмыстар арқылы өз беттерімен меңгеріп, білімдерін, ойларын еркін жеткізе алатындықтарын көрсету. Сабақ басында үштілділікті қолданып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастырдым. Сосын топқа бөліп алып, әр топта спикер тағайындалып, олардың мақсаттары анықталып, яғни бағалаушы арқылы бағалау парағында өз-өздерін сабақтың кезеңдері арқылы бағалаулары сұралды. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтаулары сұралды.
        5 «Ә» сыныбының жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың кезеңдерімен таныстырғаннан кейін үй тапсырмасын «Интеллектуалды футбол» әдісін қолдандым. Үй жұмысын қорытындылай келе, жаңа тақырыптың негізгі мақсатын оқушылар өздері анықтай алды. Тақырыпты меңгерту бойынша «Абылай хан» туралы бейнематериал көрсетіліп, түсінгендеріне кері байланыс ретінде кластер қолданып, оқушылар Абылай хан кім болды деген сұраққа жауап беріп, тақтаға кластер құрап, жазып жатты. Жаңа тақырыпты толықтыру мақсатында топтық жұмыс жандандырылып, әр топтарға арнайы жұмыстар ұсынылды: жұмысинтер белсенді тақтаны қолдана отырып(сандармен жұмыс), шарты: жасырылған даталарды оқулықтан тауып интер тақтаға жазу; терминдермен жұмыс та орын алды. Сергіту сәтінде Абылай ханның термесі оқушыларға рухани күш-қуат бергендей болды. Сабақты қорытындылау барысында СТО: семантикалық карта орындалды.
      Сыныптың дарынды оқушылары Нурай мен Самира өз шығармашылығы бойынша «Абылай ханға арнау»дегенөлең жолдарын оқып берді.
      Сабағыма қатысқан ұстаздар мен мектебіміздің директоры Г.К.Тилеубекова мен оқу ісінің меңгерушісі Ш.Е.Мухаметжанова жоғары деңгейде өтті деп баға берді.
      Өзімнің бұрын білмеген модулдерім туралы ақпарат көп біліп, үйрену, тәжірибеде қолдану заман талабы деп білемін.
      Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибелерін пайдалану маманның тұрақты өз білімін арттырып, өзіндік рефлексия жасауына ықпал етеді. Ал кәсібилікті арттыру бағытында екеуміздің тұрақты, мақсатты жұмыс жасауымыз шығармашылық табыс көзі.
      Қорыта келе айтарым, нағыз тәлімгер деген атқа ие Толқын Нургалиевна өз тәлім алушыларын тәрбиелеуге барын салатын жан.
      Әлемде осындай өз ісінің шебері, білгенін үйретуден жалықпайтын тәлімгерім қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы ұстаз екенін жақсы білеміз. Жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілеті тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, үлгі-өнеге. Тәлімгеріме шығармашылық еңбек, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасына баянды бақыт тілеймін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype