+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 2 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Мәдени өсімдіктер» («Өзін-өзі тану» пәні мен интеграцияланған биология пәні сабағының жоспары)

АХМЕРОВА М.М., биология пәні мұғалімі,
ТОРЕХАН А.Т., Өзін-өзі тану мұғалімі,
«Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ, Абай ауданы

Сынып: 6-сынып
Оқушы саны: 20
Тақырыбы:
Мәдени өсімдіктер
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: тазалық, жауапкершілік, қамқорлық

 

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға мәдени өсімдіктің жабайы өсімдіктен айырмашылығы неде екенін, мәдени өсімдіктердің маңызы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылардың өсімдіктер әлемінің дамуы жайлы білімдерін жетілдіре отырып, мәдени өсімдіктердің маңызы туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өсімдіктерге қамқор болуға жауапкершіліктерін дамыту.
3.Оқушыларды мәдени өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық, интербелсенді тақта, плакат, Құдылықтар жазылған «гүлдер»)

 

 

 

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
5Т талап,тәртіп,тыныштық,тазалық,татулық
Тыныштық сәті .Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім:
Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзімізденгі мазасыздықты сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалаайық,балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л.. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет).

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Үй тапсырмасын тексеру:  сұрақ-жауап
Азық-түлікке жататын өсімдіктерді атаңдар?
Өсімдіктердін өнуіне қандай жағдайлар қажет?
Біз бидайды неге қадірлейміз?
Астық тұқымдасының өкілдеріне қандай белгілер тән ?
Астық тұқымдасы неге даражарнақтылар класына жатқызылады?
 Астық тұқымдасына жататын қандай маңызды мәдени өсімдіктерді білесіңдер?
Астық тұқымдасына жататын қандай жабайы өсімдіктерді білесіңдер?
           Жаңа материалды оқыту: (слайд)
            Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары:
250 мыңға жуық жабықтұқымдылардың 3 мыңдайы ғана кезінде белгілі болған. Тағамның 80% — ы негізгі алты мәдени өсімдіктен алынады: дәнді дақылдардан – бидай, күріш, жүгері; крахмалды дақылдардан картоп, батат, маниока. Тамақ үшін ең маңыздылары: қантты — қант қамысы, қант қызылшасы; көкөністер — асбұршақ, картоп; дәнді дақылдар – бидай; майлы — кокос, күнбағыс, соя; жемістер — алма, банан, жүзім, цитрустылар.
Дүниежүзілік тарихи және археологиялық деректерге сүйене отырып Н. И. Вавилов ертедегі мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын жеті топқа біріктірді.
Оңтүстік азиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Шығыс азиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Оңтүстік – батыс азиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Жерортатеңіздік орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Абиссиналық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Дәнді құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны.
Орталық америкалық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ, үрмебұршақ мәдени өсімдіктердің отаны.
Андылық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Картоп, дәрілік өсімдіктердің отаны.

    Видео көрсету.    Мәдени өсімдіктердің пайдасы.

    Тапсырма:  Тақтаға гүл ілініп, жан-жағына «арам шөптер» жапсырылады әр шөпте адам бойындағы түзету керек қасиеттер жазылған, тапсырма бойынша гүлді қасиеттерді түзету арқылы «арам шөптен» тазарту керек.

                             Тест
1. Мәдени өсімдікке қайсысы жатады?
А) Терек     Ә) Қайын  *Б) Алма

2. Өзгерген өркен ол не?
*А) түйнек    Ә)  көзше   Б) тамыр

3. Қай мәдени өсімдікті «екінші нан» деп атайды?
*А) картоп  Ә) алма   Б) рапс

4. Шырғанақтың неше түрі бар?
А) 2     *Ә) 3     Б) 4

5. Қай өсімдіктен бал алуға болады?
А) Қызылша    Ә) Орамжапырақ   *Б) рапс

Сұрақтарға жауап бер.
1. Мәдени өсімдіктер деп неліктен аталған?
Себебі,__________________________________________________________________________________________________________

2. Түйнек деген не?

_______________________________________________________________________________________________________________

1-3). Венн диаграммасын толықтыр.

Мәдени  дақылдар

Мәдени дақылдарға

жататын өкілдер

Мәдени  өсімдіктердің маңызы

4) Тақырыптың басты идеясы неде?
________________________________________________________________________________________________________________

Мұғалімнің қорытынды сөзі: үнемі жақсы, әдемі  гүлдер сияқты жан-жағымызға әсемдік сыйлай білейік,қиянат жасамай қамқор болайық.

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype