Курс барысында білім беру мазмұнын жаңарту бойынша қарым-қатынас дағдылары, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу, сындарлы оқу-педагогикалық оқудың түрлі аспектілері қарастырылды. Ұстаздар осы жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алып, жоспарлауды меңгерді. Осындай біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырып отырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ-да атқарылған үлкен еңбегі үшін аудан ұстаздарының алғысы шексіз.
Осы меңгерген білім негізінде ауданның әрбір ұстазы өз шәкірттерін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім нәрімен сусындатқаны сөзсіз. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей Елбасының алға қойған міндетін іске асыру үшін ұстаздардың бар күшін салып еңбектенері хақ. «Білім негізі – бастауыш мектеп» екендігін басты назарда ұстаймыз.