«Сұңқар» тобының тапсырмасы: Ұлттық қолөнер түрлері:
1. Ағаштан бұйымдар жасау.
2. Жүннен бұйымдар жасау.
3. Арқан жіп есу.
4. Киіз басу.
5. Киізден бұйымдар жасау.
6. Киім тоқу.
7. Теріден бұйымдар жасау.
8. Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.
9. Металдан бұйымдар жасау.
10. Зергерлік.
11. Тастан, қыштан бұйымдар жасау.
12. Ши тоқу.
13. Ер – тұрман жасау.
14. Кесте тігу.
15. Киім тігу.
16. Аяқ киім тігу.
17. Сабын жасау.
18. Бояу жасау.
2 — сайыс түрі: «Салт-дәстүрін білген — елін сүйген азамат» (Әр топ өздеріне берілген дәстүрді түсіндіріп беруі керек, дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі).
«Қыран» тобының сұрақтары:
1. Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі, қуанышты сәттерге берілетін сый
2. Тәбәрік — біреу ойын тойда жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса, одан жанындағыларға үлес беруі.
3. Кәде — айтта, ойын тойда мейрамдарда берілетін сый. Той кәделері тойбастар, айттық, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт.
4. Жеті ата — Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
5. Қазан шегелеу — әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бірінің үйіне бас қосып барып «осы үйдің қазанын шегелей келдік», — дейді. Үй иесі қонақжайлылық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.
6. Қорықтық құю — әлденеден қорыққан, шошынған адамға қорықтық құйып ем жасайды
7. Ұшықтау — тамақтан, иістен ұшынған адамды ұшықтау
«Тұлпар» тобының сұрақтары:
1. Тұсаукесер тойы — сәби жүре бастаған кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады. Арнайы жіп дайындап, жылдам жүретін адамға қидырады.
2. Тілашар тойы — бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде, тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын жасайды.
3. Атқа мінгізу тойы — баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
4. Сүндет тойы — ер балаларды 5-7 не 9 жасында сүндетке отырғызады.
5. Тоқымқағар — бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
6. Қымызмұрындық — жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-томалақтар да өткізіледі.
7. Мизам (Сабан той) — күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізілді.
«Сұңқар» тобының сұрақтары:
1. Соғым басы — қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.
2. Жаңбыр шақыру — құрғақшылық болса өткізіледі. Бұл шарада құрбандыққа мал шалынып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар алла Тағаладан «жауын жау, жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынған малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.
3. Қыз ұзату тойы — ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі, жар-жар айтылады. Қыз аттанарда «Сыңсу» айтады.
4. Қыз айттыру — жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
5. Шілдехана — сәби дүниеге келгенде оған қуанудың бір белгісі. Сүйінші сұраушылар ұл туса «ат ұстар», ал қыз туса «көйлек тігер» деп хабарлайды.
6. Құда түсу тойы — жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
7. Ұрын той — күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар кәделері алынады.
3-сайыс түрі: «Ырымдар жайлы не білеміз, ағайын…» (Әр топ бір минут уақыт ішінде өздері білетін ырымдар туралы қанша айтып үлгереді, әр жауапқа бір ұпайдан беріледі).
1. Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.
2. Қыз бала кәрі жілік жеуге болмайды — тұрмысқа шықпай, оң жақта көп отырып қалды деп ырымдайды.
3. Қызға аяқ, қол көтермейді — қыздың жаны нәзік, болашақ жар, ана деп құрметтейді.
4. Түн ішінде тырнақ алмайды. Өйткені қол кесіліп немесе тамаққа тырнақ ұшып түсуі мүмкін. Тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді.
5. Мал сатқанда бас жібімен бермейді- малдың басы кемиді деп ырымдайды.
6. Ердің алдын кеспейді — жолы болмай қалуы мүмкін деп ырымдайды.
7. Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.
8. Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.
9. Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды. Бұл қауіп-қатер не адам шығынынан хабар деген жаман ырымға саналады. Егер сүйінші хабар болса, шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші!»,- деп айқайлап келу керек.
10. Таяққа сүйенуге болмайды. Өйткені жақыны қайтыс болған адам ғана таяққа сүйенген.
11. Құран оқығанда күлуге, оны жерге тастауға болмайды. Өйткені ол – киелі кітап.
12. Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады. Сүттен жасалған тағам-дарды жерге төгіп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге төгіп тастау күнә болып саналады.
13. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қойылады. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан – қасиетті дәм.
14. Кірдің суын басуға болмайды. Барлық жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
15. Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе — қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шұбар төс дұшпан деп қаралайды.
16. Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» — деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
17. Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды, бұл қылықтардың бәрі де әдепсіздік болып саналады.
4-сайыс түрі: «Ойды аяқта» (Мақалдардың бірінші бөлігі айтылады, жалғасын тауып айту керек).
«Қыран» тобына сұрақ:
1. Таппасаң сөздің жүйесін … (Отына өзің күйесің)
2. Ақылдының сөзі қысқа … (көпке болар нұсқа)
3. Шешен сөз бастар … (Батыр қол бастар)
4. Қылыш жарасы бітеді … (Сөз жарасы бітпейді)
5. Көп ішінде сөйлеген … (Ойға салмай сөйлеген)
6. Көсемдіктің белгісі,… (шешендіктің белгісі)
7. Көп сөз – күміс … (Аз сөз – алтын)
«Тұлпар» тобына сұрақ:
8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз … (Жақсы қыз – жағадағы құндыз).
9. Ақылың ағаңда болсын… (Құндызың жағаңда болсын).
10. Ата көрген оқ жонар … (Ана көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын … (Ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің … (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады… (Тас жармаса бас жарады)
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл … (немесе 7 түрлі ғылым біл)
«Сұңқар» тобына сұрақ:
15 . Оқысаң озарсың…(Оқымасаң тозарсың)
16. Ағайын тату болса ат көп…(Абысын тату болса ас көп)
17. Еңбектің наны тәтті…(Жалқаудың жаны тәтті)
18. Ақыл азбайды…(Білім тозбайды)
19. Сөз сүйектен өтеді…(Таяқ еттен өтеді)
20. Ашу арындайды…(Ақыл артынан аяңдайды)
21. Білекті бірді,…(білімді мыңды жығады)
5-сайыс түрі: «Үш санындағы ұшқыр ой» (Топтарға жеті сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі).
«Қыран» тобына:
1. Үш жұрт: 1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт
2. Үш байлық: Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.
3. Үш би: 1.Үйсін Төле би. 2.Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3.Алшын Әйтеке би.
4. Үш дана: 1.Абай 2. Шоқан 3. Ыбырай.
5. Үш қат: 1. Жоғары қат (аспан) 2.Орта қат. (жер үсті) 3.Төменгі қат (жер асты)
6. Үш қуат: 1.Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
7. Үш ғайып: 1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.
«Тұлпар» тобына:
8. Үш арсыз: 1.Ұйқы арсыз. 2.Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
9. Үш дауасыз: 1. Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.
10. Үш қадірлі: 1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет.
11. Үш қадірсіз: Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.
12. Үш жамандық: 1. Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3. Ата-бабаның көзі – ескі жұртты бұзу.
13. Үш жақын: 1. Жан тәтті. 2. Бала тәтті. 3. Жар тәтті.
14. Үш ақиқат: Қымбат – шындық, арзан — өтірік, дауасыз – кәрілік.
«Сұңқар» тобына:
15. Үш қуаныш: 1. Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі. 3.Ісіңнің өшпеуі.
16. Үш биік: 1. Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
17. Үш асыл: 1. Көз. 2.Тіл. 3.Көңіл.
18.Үш тұл: 1.Қайратсыз ашу тұл. 2.Тұрлаусыз ғашық тұл. 3.Шәкіртсіз ғалым тұл.
19. Үш кедейлік: 1.Кежірлік. 2.Еріншектік. 3.Ұйқы.
20. Үш кемдік: 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық.
21. Үш көз: 1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы – тұяқ. 3. Сөз анасы – құлақ.
6-сайыс: «Өнерлі -өрендер» (Топтардың өнерімен сайысқа түсуі, ең жоғары ұпай — 3 ұпай)
7. Қорытынды: Күй орындалады: «Ата толғауы». Топтардың ұпайлары саналып, жеңімпаздар марапатталады.
Мұғалім: Біздер ата-бабамыз қалдырған аманатқа қиянат жасамайық. Салт-дәстүріміз жылдан жылға өсе берсін, қазақ елі, жері аман болсын!
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.