Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Коммуникация» білім беру саласы «мектепке дейінгі білім беру мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу» деп көрсетілген. Осындай күрделі мақсат пен міндеттер баланың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану әдістемесін дайындау қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі таңда баланың тілдік құзыреттілігінің дамуына маңыздылығы заманауи ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді. Алайда, бұл көздер негізінен бәсең қабылдау материалдарын береді. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың маңызды міндеті дербес бағалау қабілетін дамыту және алынатын ақпараттарды іріктеу болып табылады. Мұндай қабілеттің дамуына білім беру қызметіндегі және еркін қызметтегі балалармен алынатын білімдерді қолдану практикасы болатын ойын көмектеседі.
А.Байтұрсынұлы сөйлеу туралы «Тіл – адамның адамдық белгісінің қоры, жұмсайтын қаруының бірі» деп жазған. Ал зерттеуші С.Тұрмаханованың айтуынша тіл – материалдық бірліктер жүйесі. Ол адамдардың өзара қарым-қатынасы үшін қызмет етеді. Ал сөйлеу – тіл бірліктерінің тізбегі болып, тіл заңдылығына сәйкес, тілдік материалдар арқылы ойдың, сезім мен тілектің, көңіл күйдің нақты мазмұнына орай көрініс беретін қатысым әрекеті. Демек, сөйлеу өзінің табиғатында тілдік жүйеге, оның бірліктері мен заңдылықтарына тәуелді. Олай болса, тіл дамыту деген ұғымның өзі ана тілінің сөздік қорымен бірге тілдің нормалары мен лексикалық жүйесін игерумен байланысты. «Тіл үшін, — деп жазады профессор М.М. Кольцова, — дамудың мұндай «қиын-қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар аударылмаса, кейін олқылықтың орнын толықтыру үшін қырқуар күш-жігер жұмсауға тура келеді».
Ақпараттық технологияны пайдалану барысында біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және тілін дамытады алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады, тілдік құзыреттілігін арттыруға әсері мол. Кез келген ұйымдастырылған әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, тілінің дамуына, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Балаларға оқыту бағдарламасын қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе танымдық фильм көрген немесе тыңдаған әлдеқайда қызығырақ. Олар тілдің семантикалық негізін жылдам ұғып алады және өздері сөйлей бастайды. Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі пайдаланылса, әсері көп болады. Бұл баланың қазақ тілімен тұрақты және терең байланыс жасауын білдіреді. Бала санасының астары өте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір көрінбесе де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған лингвистикалық қабілеттерін әбден байқауға болады.
Балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану- бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы. Мысалы: Мультимедиялық оқулықтарды балабақшада пайдаланар болсақ, оқу іс-әрекеттерін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай жағдайда тәрбиеші бала тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай оқулықтар пайдалану алдымен балалардың қызығушылығын арттырып, оқу іс-әрекеттерге деген белсенділігін арттыра түсер еді.
Балаларға қазақ ертегілерін немесе сергіту сәттерін видеоэкранмен тамашалату тиімділігі зор. Бала оны көре отырып қимыл-қозғалыс белсенділігі артып, ертегіні мазмұндап айтуға үйренеді. сөздерді қайталау арқылы тілі дамиды.
Қорыта айтқанда, ең басты мақсатым: ақпараттық коммуникативтік технологиялар әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, баланың тілін дамыту, еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.