|
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: «Жақсы болу» өлеңін айту 5 Т ережесін құру. II. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтағы Айнаш Ілиясованың «Отан деген…» әңгімесін оқып келу. — Бір сыныпта кімдер оқиды? — Олар не туралы сөз таластырып қалды? — Самал қандай оқушы? — Сен үшін Отан деген не? — «Отан», «Қазақстан» дегенде ойыңа не түседі? |
Ескерту |
|
ІІІ. Дәйексөз: Отан – оттан да ыстық. Мақал айту (2 рет ұлдар, 2 рет қыздар, 1 рет бірге қайталап айтады) — Отан неге оттан да ыстық? |
|
|
ІҮ. Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы. Мультфильм: «Астанаға барамыз!» — Аңыз әңгіме: «Алып қара құс – Самұрық» Ертеде бір батыр жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ғашқа өрмелеп бара жатқан айдаһарды көреді, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Батыр балапандарды құтқарған соң, Байтеректің түбіне демалып отырады. «Сол кезде күнбатыc жақтан бір қара бұлт шығыпты. Қатты дауыл жерді шаңдатты. — Бұл не? – деп, сұрады батыр. Сонда екі балапан айтты: — Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі, — деді. Күн нөсер жауын құйып – құйып жібереді. — Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты: — Анамыздың көз жасы. Жылда-жылда бала тапсам да, бірі ілеспей койды деп жылағаны – деді. Құс ашылып қар жауды, жапалақ – жапалақ. — Бұл не? – деді, батыр. — Анамыздың қуанып, қарқ-қарқ күлгені, — деді, балапандар. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады. — Батырдың басына қандай күн туды? — Ол жерастынан нені көрді? — Батырдың бойынан қандай қасиеттер көрдіңдер? — Самұрық құс батырға не үшін көмектесті? — Сенің жақсылық жасаған кезің болды ма? |
|
|
Ү. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушыларға Қазақстан картасының сұлбасы (плакатқа) беріледі де, картадан еліміздің Астанасын тауып, әңгімелеп береді. Астананы көрнекті ғимараттармен әсемдеп, коллаж құрастырады. |
|
|
ҮІ. Топпен ән айту. Бота Бейсенованың әні: «Туған жер» 1.Армысың туған жерім, ауылым, Жайлауы жазы қандай? Құшақ жайып қарсы алар бауырым, Жайдары жаны жаздай Қ-сы: Туған жер топырағыңнан айналдым. Жадымда мәңгі есімің. Мөп-мөлдір бұлағыңнан нәр алдым Ауылым ақ бесігім 2.Армысың туған жер атамекен Өзіңнің жоқ қой тенің Сағыныш сезіммен тартады екен Кіндік қан тамған жерім Қ-сы: |
|
|
ҮІІ. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы Роза Әбілқадырованың «Туған жер туы» шығармасынан үзіндіні оқып келу. |
|
|
ҮІІІ. Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылар барлығымыз оң қолымызды жүрегімізге қойып, Отанға деген сүйіспеншілігімізді сезінейік. |
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отан ұғымы арқылы сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінік беру