|
Сабақта оқушылар бір таңбалы сандардың қосу кестесімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді, соның ішінде ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарады.
Сабаққа қосудың шаршы түріндегі көлемді кестесін дайындап қойямын. Оны тақтағамн. Кіріспе тапсырма. Қосу кестесі бойынша қосу мен азайтудың нәтижесін табу алгоритмін қайталаймыз. Жұмысты топпенпен орындауды ұйымдастырамын. Әр топқа қосу кестесінің парақшасын таратып беремін. Қосу кестесінің көмегімен бір-біріне 2 мысалдан (біреуін қосуға, екіншісін азайтуға) құрастыруды тапсырамын. Жұмыс барысында оқушылардың әрекетін бақылаймын. Керек болған жағдайда көмектесемін. Қосу кестесінің көмегімен түрлі тапсырмалар орындауға болатынына оқушылардың назарын аударамын. Ненің іздері? Тапсырманы бүкіл сыныппен орындатамын. Оқушыларға белгісіз аңның қалдырған іздерінде жазылған мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешуді ұсынамын. Оларға нәтижесін сандардың өсу ретімен жазу үшін, бос кесте таратып беремін. Мысалдардың жауабы болатын сандарды оқушылар өсу ретімен кестеге орналастырамын. Осы ретпен іздерде жазылған әріптерді орналастырады. Нәтижесінде оқушылар белгісіз саңды анықтайды. Жауабы: 10 – 9 = 1 (Б); 7 – 4 = 3 (A); 2 + 3 = 5 (Р); 3 + 6 = 9 (Ы); 6 + 4 = 10 (C). «Барыс» деген сөз шығады.
|
Төбешіктің ар жағында не жасырынып отыр?
Бұл тапсырмада оқушылар берілген мысалдар-ды шешіп, жауаптарын кему ретімен жазып, қар төбешігінің артында ненің тығылғанын көрсететін сөзді оқуға болады.
Жауабы:
1 + 9 = 10 (Қ); 3 + 6 = 9 (О); 9 – 3 = 6 (Я); 5 – 3 = 2 (Н). Қоян сөзі шығады. Кестені қолданып, мысалдар құрастыр.
|
|
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырмын. Топпен немесе жеке дара талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).
|
Дәптермен жұмыс. Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап. а) Жауабы 10 болатын мысалдарды қоршап сыз 2+3 2+8 2+6 3+6 5+3 1+4 7+3 ә) Жауабы 9 болатын мысалдарды қоршап сыз 8+1 7+2 2+5 4+6 4+5 1+9 4+3 б)Жауабы ең кіші сан блатын мысалды қоршап сыз 5+1 5+5 3+3 1+7 4+2 2+1 4+4 в) Жауабы ең үлкен болатын мысалды қоршап сыз 1+1 7+1 1+8 1+9 8+2 5+4 6+3 Нәтижесінде оқушылар 1 таңбалы сандарды қосып,алып дұрыс жауабын табады .
|