1-жүргізуші: Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен билеріміздің орны ерекше.
2-жүргізуші: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес;тек салт-ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған»
1-жүргізуші: «Шешеннің шешендігі сөзді шиырлап сөйлей беруде емес, аз сөзге көп мағына сыйдыруында, айтар ойын жүйелеп, қиыстыра жеткізе білуінде, айтқыштығында, тапқырлығында»
2-жүргізуші: Міне, дәл осы сыннан Бекболат бабамыз да талай рет сыналып, қиын сәтте жол тапқан, туған халқының әспеттеуімен «Бекболат би» атанып, «қара қылды қақ жарған», әділ билігін айтқан.
2. Көркем сөз
«Бекболат бидің» монологы авторы: Қажығали Мұхаметқалиұлы
Оқитын: Амангелді Арнұр
1-жүргізуші:
Көз салсақ, біз тарихтың сандығына
Үлкен оймен қараймын барлығына
100 жыл толып отыр, міне, биыл,
Алаш партиясының құрылуына
2-жүргізуші:
Алашым, тақ тұғырың биік болсын
Қазағыма мәңгілік ырыс қонсын!
Ер жігіттер аман болып ел көтерер
Қазағымның ұлы ордасы баққа толсын!
3. Ұлдар вокалдық тобы
Әні мен сөзі: Б.Тілеухановтікі «Алаш ұраны»
Орындайтын: Ұлдар вокалдық тобы
2-жүргізуші:
Әсем сазды осы әуен,
Өнердің бағы, ырысы.
Тынар сәтке кең әлем,
Ашылып сезім тынысы.
1-жүргізуші:
Бабамыздан бастау алған халық ән өнері ғасырлар бойы атадан балаға ауысып, дамып ұрпақтан-ұрпаққа өтіп өз жалғасын тауып келеді.
2-жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың. Халық әндері өзіндік мәнерімен, әуен сазымен ерекшеленеді. Ендеше, неге тыңдамасқа!?
4. Жеке өзінің сүйемелдеуімен ән (домбыра)
Халық әні: «Угай- ай»
Орындайтын: Қажымұқан Бақберді
1-жүргізуші:
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз.
2-жүргізуші:
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз.
Жасайды Алаш,өлмейміз,
Күн сөнгенше сөнбейміз!
5. Театрландырылған көрініс
«Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз»
Орындайтын: Мектеп оқушылары
1-жүргізуші:
Лазер, білесің бе?Ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі Құрманғазы бабамыз кезінде Абай қызы Ақмаңдаймен күй тартысыпты.
Л: Иә, сонымен…
Д: Сонда Құрманғазы атамыз Адай руының атын жалпыламай ұғымда алып, еркіндік сүйген елінің қайтпас күшіне арнап күй шығарған екен.
Л: Ендеше, Тоғжанның орындауында сол күйді тыңдап көрейік
6. Күй
Құрманғазы «Адай» күйі
Орындайтын: Қайырбекова Тоғжан
1-жүргізуші:
Дорогие гости, вы знаете, что в этом году Международная выставка ЭКСПО-2017 «Энергия будущего» откроется в Казахстане. 93 дня, насыщенных культурными мероприятиями, ожидает казахстанцев и иностранных гостей. Думаю ,что выставка проидет на высшем уровне.
2-жүргізуші:
Дұрыс айтасың, мәдениет мұрасы деп айтып кеттің ғой бір сөзіңде қазағымның ашық аспанымен, кең жазира даласының иісі аңқып тұрған асыл қазынамызды көрсететін осынау мерекеге неге өз үлесімізді қоспасқа.
1-жүргізуші:
Ендеше, мың бұралған бишілеріміздің өнерін тамашалайық!
7.Топ би
«Небо» композициясы» Әні: О.Ивахненко. Сөзі: Е.Муравьев
Орындайтын: «Жас дәурен» бишілер тобы
1-жүргізуші:
Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазағымның ұлдары мен қыздары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасайды. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында.
2-жүргізуші:
Балдай тамар сөзіміз,
Нұр шашады көзіміз.
Қазақтың біз қыздары,
Келіп бізге көріңіз.
Мыңнан озған біріміз,
Ақжарқын біздің жүзіміз.
Шуақ шашар әрдайым,
Біз қазақтың қызымыз.
8. Дуэт
Әні мен сөзі: Сиви Махмуди «Мен қазақтың қызымын»
Орындайтындар: Мақсатқызы Мөлдір, Мүтәлбекқызы Нұрай
1-жүргізуші:
Көрейік мерекенің салтанатын,
Шәкірттер көрсетуде бар талантын.
Ендеше кезек келді, көрермендер,
Ортада тылсым дүние таң қалатын.
2-жүргізуші:
Л:Қыздыра түссе, өнерге қол соғайық,
Күліп-ойнап сиқырға алданайық.
Өнерпаздар сахнаға шыққан кезде
Қошеметтеп баршамыз қарсы алайық!
9. Оригиналды жанр
«Суретші» Урустемов Ержан
1-жүргізуші:
Пай! Пай, шіркін қазақтың әндері-ай! Айтқан сайын құмарыңды қандырып, сарайыңды ашатын. Не жетсін, қазағымның әніне!
2-жүргізуші:
Диас, Диас,сені тамсандырған қандай ән? Тіпті, құмартып білгім келіп барады.
1-жүргізуші:
Ол ән қазағымның інжу-маржаны, естіген сайын елітіп, тыңдай бергің келеді. Әсіресе, ару қыздар салғанда құлағыңның құрышын қандырады.
2-жүргізуші:
Беу, шіркін! Мақтауын асырдың көрейік онда, естіп бізде тамсанайық
10. Қыздар вокалдық тобы
«Сыбызғы сазсырнай» Әні: Қ.Мархабаұлы. Сөзі: Ә.Иманғали
Орындайтын: қыздар вокалдық тобы
1-жүргізуші:
Көз салсақ , тарихтың сандығына
Үлкен оймен қараймын барлығына
25 жыл толып отыр, міне, бүгін
Қорғаныс күштерінің құрылуына
2-жүргізуші:
Атыңнан айналайын, бабаларым,
Шалт бассам, өсиетіңе паналадым,
Киелі сөзіменен болашақты,
Аманат еткен екен даналарым.
11. Терме
«Қазақтың қара баласы»
Сөзі: И.Сапарбаев Әні: А.Бексұлтан
Орындайтын: Ұлбек Абақ
1-жүргізуші:
Сауатты ұрпақ өсірсек деп жалынды,
Үштілділік қолға, міне, алынды.
Жерімізде тың өзгеріс орнап,
Елордада ЭКСПО-да салынды.
2-жүргізуші:
Ағылады енді адамдар тараптан,
Көру үшін ЭКСПО-ның көрмесін.
Күллі әлемді ауызына қаратқан,
Батыр қазақ, рухың әркез өрлесін!
12. Интермедия
«Тіл – достықтың алтын көпірі» (Мектеп оқушылары)
1-жүргізуші:
Ойналсын әсем әуен, тағы күйлер,
Күй мен әнге балқымайды мына кімдер?!
Мінеки, көркемөнерпаз байқауында
Ән шырқалып, биленсін әсем билер
2-жүргізуші:
Өлең – жырды қайсы қазақ сүймесін
Тәнті болып, басын жерге имесін
Мектебімнің биші қызы ортада
Мың бұрала, жүз ырғала билесін!
13. Жеке би «Өзбек биі»
Орындайтын:Марқабаева Аяужан
1-жүргізуші:
Туған ел, қалай айтсам жетер тілім,
Ұмытылмас сендегі әрбір күнім.
Асыр сап жайлауыңда сайран салам,
Таулардың неше түрлі теріп гүлін.
2-жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
1-жүргізуші:
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Елім!» – деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шыққса,
Елім мені әрқашан қабылдаған.
2-жүргізуші:
Ашық аспан, кең өлке, дархан далам,
Туған елін сүйеді әрбір адам.
Алыс кетсем, сағынам бір өзіңді,
Күй арнаймыз өзіңе бүгін саған.
14. Аспаптық ансамбль
Таир Белдібай «Ақарал» күйі
Орындайтын: Мектеп оқушылары
2-жүргізуші:
День со счастья начинается
Счастье встало раньше всех!
Счастье маме улыбается
Развернув улыбку в смех!
1-жүргізуші
Біз –бейбіт елдің ұланы,
Өнер, білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман,
Күлім қағып тұрады.
2-жүргізуші:
Бүгінгі мереке жар салады,
Құрметпен бізді халқым қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерді,
Сіздерге арнап Ақнұрымыз ән салады.
15. Жеке орындаушы
«Улыбка» Әні: В.Шаинский. Сөзі: М.Пляцковский.
Орындайтын: Жиенқанова Ақнұр
1-жүргізуші:
Өзіңде өткен балалықта бал татып,
Арманымды, арманымды самғатып,
Бастауы сен басымдағы бар бақтың
Туған елім — атамекен ардақтым!
2-жүргізуші:
Қазағымның қасиетті мекені
Әрбір қазақ сені мақтан етеді
Тау-тасыңды, көркем мынау тұлғаңды
Қастерлейді, мәңгі жырлап өтеді.
1-жүргізуші:
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем мен төрінде жаннаттың,
Алтын діңгек – өзім туған босағаң! – деп өр ақын, батыр ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, туған жерімді, отанымды қанша жырласам да, артық етпейді-ау, шіркін!
16.Трио
Ән «Елім-ай» Сөзі мен әні: Ө.Айниязов
Орындайтындар: Отан Балдырған, Аршын Аягөз, Асқар Мадина
1-жүргізуші:
Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
2-жүргізуші:
Тез арада зуылдап өткен уақыт,
25 жыл ішінде жеткен бақыт.
Елбасымыз егемендік тұтқасы боп,
Жарқылдайды біздің ел бейне жақұт.
1-жүргізуші:
Нұр Отан! Нұрлы жолың үлгі болсын,
Жас Отан! Жас жолың гүлге толсын!
Туған елдің тұғыры биік болып,
Отанымыз шаңырағы берік болсын!
17. Концертті аяқтау нөмірі (концовка)
«Нұр Отан» Әні мен сөзі: Б.Бейсенова
Орындайтын:Мектеп оқушылары
1-жүргізуші:
Көк байрағы биікке желбіреген және тұғыры берік еліміздің мәртебесі мен баянды болашағы кейінгі толқын — жастардың қолында екені сөзсіз.
2-жүргізуші:
«Әлем мойындаған көшбасшысы мен оның соңынан ерген жасампаз жастары барда қазақ елінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына шүбәсіз сенеміз»
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Осымен Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия оқушыларының «Қазақстанның болашағы – жалынды жастар» атты шығармашылық концерті өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші:
Dear guests, our government will be in peace. We hope and believe!
1-жүргізуші:
Келесі кездескенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1-жүргізуші:
На этом мы с вами прощаемся, спасибо за внимание, до новых встреч.
Бірге: Қош-сау болыңыздар!