Қазақ әдебиетін орыс мектебінде оқытуда, әсіресе өлеңдерді талдау кезінде көптеген қиындықтар туғызады. Ал Қ.О.Бітібаева технологиясының элементтерін қолдана келе, өзге ұлт өкілдеріне тиімді жолдармен оқытуға болатынына көз жеткіздік. Мысалы, 5-сыныпта Абайдың «Қыс», «Күз» атты пейзаждық лирикалары беріледі. Шығармаларды оқыту мен талдау барысында оқушыларға теориялық ұғымдар да беру керек. Ол біріншіден, лирика туралы алғашқы қарапайым түсінік, екіншіден, өлең құрылысы, тармағы, ұйқасы туралы алғашқы ұғым беру, үшіншіден, өлеңнің көркемдегіш құрлдары, бейнелеуіш сөздер-теңеу, эпитет, кейіптеу, метафора туралы сөз қозғау болып табылады. Бұны сұрақ-жауап, поэтикалық талдау, кітаппен жұмыс арқылы жүргізуге болады.
«Күз» өлеңінде: Күз айын көз алдыңа елестетіп көр. Абайдың «Күзіндегі» оны суреттейтін сөздер шындыққа сәйкес алынған ба? Яғни, ақын суреттеген «Түсі суық, сұр бұлт», «жапырағынан айрылған, ағаш қурайлар» бүгінгі күзде кездесе ме? Осындай әңгімелесу жұмысынан кейін, оқушылар пікірін толықтырамыз, әрі қарай поэтикалық талдау жасаймыз. Бұл сұрақтар қазіргі оқытудың жаңа тәсілдерінде «күрделі сұрақтар» деп беріледі. Яғни оқушылардың ойлау қабілетін арттырады, ал Бітібаеваның технологиясы бойынша «ойланту» деп беріледі.
Қ.Бітібаева өзінің инновациялық технологиясында көбінесе Абай шығармашылығына зерттеу жүргізген.
Абайдың «Мәз болады болысың» және «Болыс болдым, мінеки» өлеңдерін оқыған кезде ұлы Қанипа ұстазымыз мына кестені қолданған:
|
Ұқсастықтары |
Өзіндік ерекшеліктері |
|
1. Көтерген проблематика, өлең идеясы, тақырыбы 2. Болыстардың іс әрекеттері 3. Болашақтың жоқтығы 4. Сынау, сатира, юмор, реализм |
1. Патшаның отарлау жүйесі 2. Болыстардың іс әрекеті автор тарапынан берілуі |
Қазіргі жаңаша оқытуда бұл Венн диаграммасына ұқсас келеді. Абайдың аудармаларын оқыту кезінде қолданатын кестелерін сабақта жиі қолдануға тырысамыз, солардың бірі:
|
Письмо Татьяны (Пушкин) |
Татьянаның хаты (Абай) |
Аударма сапасын талдау |
|
…Я к вам пишу |
Амал жоқ қайттым білдірмей |
Еркін аударма |
8-сыныптың қазақ әдебиетінде Абайды оқыған кезде, аудармаларына да көңіл бөлеміз, сол кезде жүргізілген жұмыстарым.
Абай аудармалары туралы пікірлер
|
М.Әуезов |
С.Мұқанов |
Қ.Жұмалиев |
Оқушы пікірі, ойы |
|
|
|
|
|
Қ.Бітібаеваның технологиясы бойынша топтық жұмысқа да көңіл бөлінеді. Жалпы топтық жұмыстар оқушылардың өз қалауы мен тілегіне негізделеді. Жаңа форматты оқудағыдай жұмыс түрлерін таныстырғаннан кейін, олар өз ынтасы бойынша топ-топқа бөлініп, әзірлікке кіріседі. Дегенмен, әр топтың құрамында білім сапасы әртүрлі оқушылар болуын қадағалап отырамын. Себебі бірлесіп проблема шешіп, ортақ пікірге келуде олар бір-бірін жетелейді, бір-біріне көмек көрсетеді.
Абайдың қарасөздерін оқытудағы қолданған бір кесте
|
Қарасөзі |
Мақал-мәтел |
Абай сыны |
Өз пікірім |
|
|
|
|
|
Ұлы ұстаздың сабақта қолданылатын оқыту кестелері оқушылардың бүгінгі таңдағы функционалды сауаттылықты дамыту мақсатын жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Осындай қысқартылған кестелер арқылы оқушылар түйінді, қысқа түрде өз ойларын білдіруге тырысады. Бұл оқушыларға көмек нұсқау көрнекілігі болып табылады, оқушының ойын жетілдіру, Блум таксономиясында берілгендей өз ісіне талдау жасауға үйренеді. Қазақ әдебиеті сабағының басты мақсаты оқушының сөздік қорын байытып, оның сөйлеу әрекетін дамыту болса, осындай әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың әңгімелесуіне әсерін тигізеді.
Ұстаз өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастайды да сабақтың өн бойында ол шешуші рөл атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау кезеңдерін бірлікте қарастырып бүтінге айналып кетеді. Сабақтың өн бойында, әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда» белгіленген ауқымды мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс-әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады. Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары — баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданыста жүрген «модель», «жоба», «бағалау парағы», «постер жасау», «миға шабуыл», «технологиялық карта» терминдері ұстаз еңбегінде, оның білім беру әдіс-тәсілдерінде бұрыннан да бар екендігін еңбектерінен көре аламыз.