+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 1 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың саусағын ойната отырып, ауыз әдебиеті арқылы тілін дамыту

Кунафина Л.М., «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі,  Курчатов қаласы

       «Бала қабілетінің қайнар көзі – оның саусақтарының  ұшында», – деп кемеңгер ғалым, педагогиканың атасы В.А.Сухомлинский айтқандай, баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту туралы біз көп естиміз. Ал ол моториканы дамыту не үшін керек? Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек екен. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасқан екен. Сондықтан зерттеушілер алақанды екінші тіл деп те атаған. Яғни, екі алақан мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы баланың есте сақтау, ойлау, пайымдау, зейін салу,сөйлеу сияқты қабілеттерін жақсарта алады екенбіз.
      Баланың саусақтарындағы ұсақ моториканы дамытудың жолдары сан алуан. Мұны баланың жас мөлшеріне қарап таңдау керек. Саусақтарға жаттығу жасау, түрлі дақылдармен сурет салу, түймелерді тізу, мозайкаларды жинау, асық ойнау, саусақпен сурет салу, ермексаз, балшықтан түрлі бұйымдар жасау, түйме қадау, кесте тоқу, моншақ тізу, оригами, түрлі табиғи заттардан топырақ, жапырақ, ағаш, тас бұйымдар жасау. Саусаққа киетін қуыршақтармен және саусақтың көлеңкесімен ойнау.
      Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен сияқты түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

      Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері, ән ырғағымен айту мен жазу шеберлігін ойдағыдай меңгерту үшін:
     — саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен өлең-тақпақ шумағын сахналауға;
     — ән айту, музыка тыңдау дағдыларын қалыптастыруға;
     — сергіту, ертеңгілік жаттығуларға арналған;
      — өлең шумақтары қолданған саусақ жаттығулары берілген.

 

      Саусақ ойыны балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойының ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы,  «Моншақ»: Қызыл-сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ.

      Мұнда қатар екі қолдың бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді. Сонымен қатар қол саусақтары қимылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістердің дәндерінен, түймелерден әр түрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
      Сонымен, саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Төмендегі көрсетіліп отырылған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.
      Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалр екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қарапайым саусақ жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған сабақтарда, серуенде режимдік кезеңдерде, ояну кезінде пайдаланамын.
      Балабақшада балалармен саусақ ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype