+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 1 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Географиядағы кроссенс тәсілі

ИСИНА Н., «№32 орта мектебі» КММ-нің география пәні мұғалімі,  Өскемен қаласы

       Мақсаты: География сабағында оқушылардың шығармашылығы мен сыни ойлауының дамуына ықпал ететін кроссенс тәсілінің қолданылуы мен тиімділігін көрсету.
       Күтілетін нәтиже: Кроссенс тәсілін қолданып, тиімділігін анықтайды.
       Стратегиялар: «Кроссенс», «Рахмет!»
       Құрал-жабдықтар: мәтіндер, фломастер,  суреттер, ақ қағаздар, презентация, интернет, ноутбук.
       Шеберлік-сыныбы барысы:
       1. Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Музыка қою. Шаттық шеңберіне тұрып, киелі киіз үйден сыйлықтар (жануарлар) алу. Алған жануардың бойындағы қасиеттерін анықтап, өз бойындағы қасиеттермен салыстырып табу. 

       2. Топқа бөлу. Жануарларда жазылған атаулар бойынша 3 топқа бөлінеді.(Алматы, Астана, Өскемен, Сарапшылар-2)
       3. Презентацияға қарап ой қозғау. Мына суреттердің мағынасын ашып, сөйлем құрастыру.
      1-3 сурет – 1-топ
      4-6 сурет – 2-топ
      7-9 сурет — 3-топ (Мұғалімдер ойларын ортаға салып, топта талдайды).
       4. Кроссенс тәсілінің шығу тарихы мен авторларымен таныстыру.
«Кроссенс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «мағынаның қиылысуы» деп аударылады. Кроссвордқа ұқсас тәсілдің бірі.

       Алғаш рет бұл тәсіл туралы 2002 жылы жазушы Сергей Федин мен математик Владимир Бусленко «Наука и жизнь» журналына басылып шығады.

        Кроссенс суретпен бейнеленген ассоциациялардың тізбегінен тұрады.    Барлығы 9 ұяшық, әр ұяшықтағы сурет келесі ұяшықтағы суретпен байланысты болады.
         Ал ортадағы сурет – негізгі, ол бірнеше суреттерді байланыстырып тұрады. Солдан оңға, немесе жоғарыдан төмен де оқуға болады.

      

      5. Топпен шығармашылық жұмыс. Регламент: 5 минут. Сарапшы тобы әр топқа берілген тапсырмалары бойынша  критерий құрып бағалайды.

       6. Әр топ құрған кроссенстерін қорғайды. Сарапшы тобы бағалайды.

      7. Кері байланыс- «Карта» . Қазақстан картасындағы облыстардың бөліктеріне сабақтан алған әсерлерін жазып, ойларын білдіреді. Облыстардың орналасуын картадан тауып біртұтас Қазақстан Республикасын құрастырады.

      8.«Рахмет!» менен басқа бүгін тағы кімге рахмет айтар едіңіз?

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype