Қазіргі таңда оқырманның өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі, күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет-журналдар, келіп жатқан оқырмандар легі. Осылай біздің жұмыс күніміз жалғасып жатады. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа толы құмарлықтан басталады. Сөйтіп, кітапханашы мен оқырманның бірлескен іс-әрекеті жалғасады. Кітапхананың алдында өз оқырмандарына кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауға көмектесу, оқу мәдениеттілігіне тәрбиелеу міндеті тұр.
Біздің кітапхана студенттер, білім саласындағы мамандар мен оқытушылар үшін білім-ақпарат орталығы болып саналады. Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Кітапханашы – кітапхананың қожасы, оқырманның ең жақын досы. Кітапханада қызмет атқаратын қызметкерлерден кәсіби біліктілікпен қоса жоғары этика талап етіледі. Сол сияқты, кітапханаға келетін оқырмандар әдептілік нормасынан алыс кетпеуі керек. Оқырмандар кітапхана шаңырағына келген сәтте өздерінің қандай жерге келгеніне баса назар аударуы қажет. Мысалы, кейбір оқырмандар кірген сәттен бастап қатты даурығып сөйлесіп, оқырмандардың шырқын бұзады.
Көпшілігі ұялы телефондарын өшірмей келіп, оларға хабарласқан сәтте қатты сөйлесіп жауап беріп жатады. Жалпы қандай да бір әдеп, этика дегеніміз – адамдардың бірімен-бірінің амандасуынан, сөйлеу мәдениетінен басталады. Жақсы кітапханашы ол ойлампаз, парасатты, байқағыш, оқырманның мінез-құлқын білетін адам болып саналады. Кітапханашы мен оқырманның арасында негізгі рөлді кітапханашының педагогикалық этикасы атқарады. Кітапханашыға оқырмандармен көп әңгімелесуге тура келеді. Сондықтан, бұл жерде кітапханашының сөз сөйлеу мәдениеті, мәнерлі сөйлеуі талап етіледі.
Сонымен қатар, оның сыртқы түр-тұлғасы, өзін-өзі ұстауы, әдептілігі негізгі рөлді атқарады. Кітапханашы еңбегінің ерекшелігі екі жақты іс-әрекетке бағытталған. Оның бірі-оқырманды тәрбиелей отырып, оған қызмет етуге, ал екінші жағы өз оқығанына есеп бере отырып,оны оқырманға жеткізу болып табылады. Сонда ғана кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Айта берсек, кітапханада атқарылып жатқан еңбек аз емес. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар десек қателеспеспіз.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізгі болып табылады. Олар кітаптарда жинақталған адамзат жадының, ұлт жадының алтын қоры, ал кітапханашылар – сол теңдессіз қазынаның шырақшылары іспеттес. Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы қызметі туралы ұғым жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада тек кітап береді деген тар ұғым орнына, қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындайтын оң пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру керек. Кітапханашы маманы туралы түсінік терең мәнді, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлінуі тиіс.
Бүгінгі кітапхана оқу залы, интерактивті тақта, компьютермен жабдықталған. Оқу залында көпшілік шаралар, дәрістер өткізіледі. Оқырмандардан ұсыныс қабылданып, қордағы материалдар ұсынылады. Кітапхананың оқу залында даталы күндерге байланысты және дәріс өткізу барысында көмек ретінде кітап көрмелері мен ұсыныстық әдебиеттер тізімі жасалады. Компьютерлер интернетке қосылған. Қысқаша айтқанда оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған. Қазір жекелеген электронды кітапханалар ғана емес, мемлекеттік деңгейде орталықтандырылыған электрондық кітапханалар жүйесін құру мәселесі де күн тәртібіне қойылып отыр. Мұндай ірі жобалар мемлекеттік бюджеттің қолдауымен белсенді түрде жүзеге асырыла бастады.
Кітапханашы еңбегінің ерекшелігі екі жақты іс-әрекетке бағытталған. Оның бір-оқырманды тәрбиелей отырып,оған қызмет етуге,ал екінші жағы өз оқығанына есеп бере отырып,оны оқырманға жеткізу болып табылады.Сонда ғана кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі,сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сикырлы да киелі орда.Айта берсек, кітапханада атқарылып жатқан еңбек аз емес.Мұның барлығы болашақ жастардың игілігі үшін екенін барлығымыз жақсы білеміз. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасында жалғастырушы – кітапханашылар десек қателеспеспіз.
Сөз – кітапханашының көпшіліктің алдында сөйлеуінің көрінісі: ол әр түрлі өндірістік жиналыстарда, оқырмандармен жеке және көпшілік жұмыстар өткізген кездерде сөйлейді. Сөз сөйлеу әр адамның жеке мүмкіншілігіне, тақырыпты білуіне, аудиторияға байланысты. Кітапханашы сөз сөйлер алдында жазып алған қағазын қопарып жатса, ол да кітапханашы жайлы ұнамсыз әсерде қалдырады. Сонымен бірге, кітапханашы халық алдына шыға сала сөйлеп кетпей, аудиториямен біраз үнсіздік арқылы байланыс орнатып алуы керек. Сөз сөйлеген кезде басқа жаққа қарамай, халыққа тура қарап сөйлеу керек. Кітапханашы мамандары кәсіптік өнегемен бірге сөз этикасына да көп көңіл бөледі.
Маманның жұмыстарындағы жетістіктері оның өзін қоғамда, ұжымда қалай ұстауына, кәсіби этикетті, сөз сөйлеу мәдениетін, телефонмен сөйлесуді меңгергеніне байланысты болады. Сөйлеу мәдениетімен қатар этиканы білу кәсіби дәрежеде өсуге, үжымда қалыпты ахуалды қалыптастыруға, оқырманды кітапханаға тартуға көп ықпал етеді. Этикет — адамдармен қарым-қатынас жасаудың белгілі бір ережесі. Кітапханашыларға этиканың негізгі принциптері белгілі, олар: кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық, дәлдік, жауапкершілік, ұқыптылық. Олар кітапханадағы жұмыс жетістіктерінің жиынтығы болып табылады.
Адамзат баласының қол жеткізген игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан–ұрпаққа жазба түрінде немесе әдебиет түрінде жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады. Қиындығы мен қызығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін бірақ, дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алу үшін жан тәнімен беріліп, қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбектері ұшан-теңіз.