+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңаша оқыту – заман талабы

СЕРИКБАЕВА М.Ш., «№21 ЖОББМ» КММ-нің қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі,

КОНАЕВА С.Б.,  «№31 ЖОББМ»  КММ-нің қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы   

       Әлем жылдам өзгеруде. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деп, қытайдың ұлы ойшылы Конфуций айтқандай, жаһандану кезеңіндегі технологиялық қарқынды даму, әлемдік өзгерістер жаңашылдықпен білім алуға бағыттайды. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін талап етуде.
       Бәсекеге қабілетті ел қатарында болу үшін оқушылардың білімі мен білігіне назар аударып, сандық көрсеткішке емес, сапалық көрсеткішке баса назар аудару ұстаздардың басты міндеті деп білеміз. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткен курс осы тұрғыдан келгенде өте маңызды курс  екеніне күмәніміз жоқ.

       Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты – оқуға жаңаша қарау. Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арнап әзірлеген «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларына және критериалды бағалау жүйесіне негізделген. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғлімнің күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау қарастырылған.
       Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағатталғандығы, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпритациялау дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту. Сонымен қатар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы да бағдарламаның құндылығын танытады.  Оқушыларымызды ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып оқыту дегенді білдіреді. Бұл да көңілге қуаныш ұялатады.
       Курс барысында ықшамсабақтың жоспарын жасауда қолдауды көп қажет ететін, қолдауды аз қажет ететін және қолдауды мүлдем қажет етпейтін оқушыларға тапсырмаларды саралап беру барынша маңызды екеніне мән беру керектігін түсіндік. Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса» әрі «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірбие қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей берілсе» (Ж. Аймауытов)  оқудың анағұрлым тиімді болады. Белсенді оқу әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталады. Белсенді оқу әдістері оқу үдемелілігіне ықпал ету қажет. Талқылауға берілетін тапсырмалардың жеңілден күрделіге қарай ауысуы да — табысты оқытудың алғы шарттарының бірі. Сондықтан ықшамсабақты жоспарлағанда белсенді әдіс-тәсілдерді барынша таңдап-талғап қолданған жөн. Ол әдіс-тәсілдердің оқушылардың танымдық дағдысын дамытуға ықпалын бағамдауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушылардың өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы маңызды.  Олар күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан зор ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым мүмкіндіктері оқушыларды барған сайын дамып келе жатқан  жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дайындайды. Бірінші кезектегі және негізгі тіл болып табылатын қазақ тілі мен  қазақ әдебиеті бойынша сапалы білім алу оқушылардың өз ойлары мен эмоциясын басқаларға жеткізе алу үшін еркін оқуына және жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқылым мен тыңдалым  әдісімен басқалар да олармен қарым-қатынас жасай алатындықтан мұғалімдер өз оқуларында  білім берудің жаңартылған тиімді әдістерін жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы меңгеру үстінде болды. 
       Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тілдік дағдыларды дамыту да барынша назарда болуы – бағдарламаның басты құндылықтарының бірі. Сондықтан айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым, тілдік норма дағдыларын оқушылардың барынша сауатты меңгерулеріне қолдау жасау өте маңызды.  Тіл қарым-қатынас құралы болғандықтан, тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып, оқушының тиімді білім алу үшін ауадай қажет болып табылатын дербестікке ұмтылуға оң ықпал етуі тиіс. Бұл айтылғандардың барлығы белсенді оқу әдістері арқылы іске асырылатынын курс барысында білдік.
       Жаңартылған білім беру бағдарламасы шиыршықталған оқуға негізделген. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Қритериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақта өлшемдері бойынша өлшенеді. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды. Сол себепті ықшасабақтың өн бойында жүріп отыратын қалыптастыруша бағалау оқушылардың ішкі уәжін туғызады, сабаққа ынталарын арттырады, белсенділіктерін оятады. Бағалау нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Бұл да сабақ үдерісіндегі маңызды қадамдардың бірі.

      Бұл курста бізге дәріс берген Жұпар Сақанқызына алғысымыз шексіз. Біздің білімімізді толықтырып, белсенді оқу әдістерінің түрлерімен таныстырып, критериалды бағалау және оны ықшамсабақтарды тиімді қолдана білудің жолын көрсетті. «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» дегендей, өз тыңдаушыларына қажетті біліммен қаруландырып, жаңартылған білім мазмұны бойынша жан-жақты түсінік берді.
       Жаңартылған бағдарлама бойынша оқушы пәнді оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіледі, қарапайым идеялардан күрделі идеяларға ауысады, оқу мақсаттарын қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелейді.Әрі ұлттық құндылықтарды танытатын «Мәңгілік Ел» идеясы басты назарда болуы жеке тұлғаны патриот етіп тәрбиелеп шығатынына да сеніміміз мол. Өзінің оқыту және оқу тәжірбиесін дамыту, өзгерту, жетілдіту әдістеріне мұқият және үнемі ойластырып жүретін рефлексиялаушы практик мұғалімдер болайық дегіміз келеді.  Бұл –заман талабы.

 

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype