+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Математика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру

С. Бикенова, «Зәки Ахметов атындағы №16 орта  мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі, Өскемен қаласы  

           Президенттің Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Заман талабына сай мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекетке икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.    Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу, яғни жеке тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы деп білемін. Сондықтан да оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.  Ал жеке тұлғаның функционалды сауаттылығын арттыру білім беру процесінің негізі.

 

         Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру барысында математика пәні бойынша сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту және модульдік оқыту технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерінің элементтерін қолданамын. Осы бағытта қала және облыс көлемінде 8-сынып оқушыларымен «Математика сабағында модульдік оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі»  тақырыбында өз іс-тәжірибемді тараттым.

         Модуль құрылысы:   (сағат саны – 3)

Модуль құрылымы

Сабақ реті

Сабақ мазмұны, түрі

Уақыты

Кіріспе бөлім

1-ші сабақ

1)                Ұйымдастыру кезеңі

2)                Модуль құрылымымен таныстыру

3)                Мақсаттары мен міндеттерін анықтау

4)                Дәріс арқылы жаңа сабақ оқыту.

2 минут

5 минут

38 минут

Сөйлесу бөлімі

2-ші сабақ

1)                 Ұйымдастыру кезеңі

2)                Модуль құрылымымен таныстыру

3)                Мақсаттары мен міндеттерін анықтау

4)                Жеке – топтық  жұмыс –деңгейлік тапсырмалар орындау

2 минут

5 минут

38 минут

Қорытынды бөлім

3- ші сабақ

«Брейн – ринг» ойыны

45 минут

           Сонымен қатар мүмкіндігінше АКТ құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін іске асыруға бағыттаймын.  Оқу үрдісінде деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы дарынды оқушылардың  білімін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік туғызамын.
           2016-2017 оқу жылындағы жаңа форматтағы енгізілген өзгерістерге байланысты қала мектеп «Алтын белгі» мен «Үздік» аттестат үміткерлерінің арасында  ұйымдастырылған жаңа үлгідегі алгебра және анализ бастамаларынан алынатын емтихан жұмыстарының шығару үлгілері беріліп, сабақ ұйымдастырылды. Осы сабақ нәтижесінде оқушылар өзара есеп шығару тәсілдерімен алмасты. Өз білім деңгейлерін одан әрі жетілдіре отырып, емтихан тапсырмаларына дайындалуға бағыт-бағдар алды.
           Функционалды сауаттылықты меңгерген оқушы өз бетімен білімді игеріп, өз болжамдарына  күмәнмен, сыни тұрғыдан қарайды. Құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасайды. Белсенді түрде білім жинақтайды. Осының бәріне мұғалім көшбасшылық етіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы оқу үдерісіне мұғаліммен бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін қоса алады. Мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.Сондықтан бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын қабілетін көтеріп, танып білу заман талабы. Олай болса оқушы бойына адамгершіліктің асыл қасиетін сіңіру, сапалы білім беріп, оның болашағын, жеке басын сыйлау біздің бірінші міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы//ресми мәтін. – Астана, 2012.

3. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж
 4. Интернет қоры. bilimdiler.kz.

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype