+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңа форматтағы курс бізге нені үйретті?

Тауданбекова Г.,  "Жамбыл орта мектебі"  КММ-нің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Катонқарағай ауданы, Жамбыл  ауылы  

         Ұстаз – жүректің жылылығын, мейірімнің шуағын, адамгершіліктің ұлылығын біліммен қоса бала бойына дарыта алатын тұлға. Ұстаз қандай болу керек? - деген сұраққа өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, ұстаз -білімді, бала жанын түсіне алатын, әділ, еңбекқор және үздіксіз ізденіс үстінде бола алатын жан деп ойлаймын. Олай болса, ұстаз мамандығын таңдағандықтан, ең алдымен өзіңді - өзің танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуің керек. Заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім анық жетті.

         Бүгiнгi таңда қазақстандық бiлiм беру жүйесi жаңа заман талабына сай жаңаруда. Жаңа форматта біліктілікті арттыру жүйесінің мақсаты — жаңа педагогикалық білімдер мен технологияларды қолданумен қатар, оларды әзірлеуге, жүргізіліп жатқан реформаларда өзіндік кәсіптік қызметіне рефлексивтік өзгерістер енгізуге қабілетті педагогтың кәсіби біліктілігін дамыту болып табылады.
         Осы мәселеге байланысты биылғы жылы  Катонқарағай ауданында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы – ШҚО бойынша педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының тренері, ф.ғ.к  Ж.С.Курманованың ұйымдастыруымен өткен курс барысында оқушылардың мектептегі табысты оқуы ғана емес, өмiрде де табысты болуы мұғалiмнiң қабiлетiне, оның құзыреттiлiгiне байланысты екенiн терең түсiндiк. Мұғалiм оқушылар үшiн қандай да бiр пән бойынша бiлiм беретiн адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегiн қызықты, тиiмдi ұйымдастыра алатын, оларға үлгi болатын ерекше тұлға болуы керек.
Жаңа заман мұғалiмнен күнделiктi оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбiр жағдаят үстiнде ерекше бiлiм деңгейiн көрсетудi және шығармашыл шешiм қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшiн қазiргi заманның мұғалiмi  жаңашыл, икемдi, өзгерiстi тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Оқушы талабы жылдан-жылға артып келеді. Жаңа бағдарламаның бізге ұсынып отырғаны оқушыны қазіргі заманға, бәсекеге қабілетті, өмірге бейімділігі мен алған білімін күнделікті тіршілікте қолдана алатын тұлға тәрбиелеу. Өмір адамнан өзгерісті қажет етеді. Өзгеріс үздіксіз ізденіс пен еңбектің арқасында келетін туынды болып табылады.
         Сондықтан, болашақ ұрпақ тәрбиесі мен білім алуында олардың ЖАДЫНА сіңіретін үш факторды қалыптастыруымыз қажет деп санаймын:
          1) Мен – осы уақытқа дейін қандай өзгеріс жасай алдым?
         2) Мен – бүгінгі күндері қандай өзгеріс жасап жатырмын?
        3) Мен – болашақта қандай өзгеріс жасай аламын және оған қалай қол жеткізуге болады?

         Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасымен таныса отырып, бiлiм беру жүйесiнде педагогтер алдына жаңа мiндеттер қойылғанын және  сол мiндеттердiң бiреуі өздерiнiң бiлiм алу және бiлiм беру үдерiсiне керi байланыс жасауы, оның болашақ педагогикалық тәжiрибесiне ықпал етуi және мектеп мұғалiмдерiнiң кәсiби қоғамдастық аясында белсендi жұмыс iстеуге дайын болуы екенін жете түсіндім.
         Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Бұрынғы дәстүрлі оқыту үдерісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы, нұсқаушы болып табылады. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады, ойын ашық айтуға, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдауға үйренеді. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.
         Осы курс барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды екенін білдік. Бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген болса, енді оқушылар бір-біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылық танытып, бір-бірінің жұмысына талдау жасап, жұмыстарының жақсы, кемшін тұстарын айта отырып, бір-біріне баға қою арқылы оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас та нығаяды деген ой түйдім.  Бағалауда оқушылар  өздерін, бір-бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта оқушылардың білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді әрі пайдалы екендігін түсіндім.

         Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау, онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға, жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не қызықсыз, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырады.
Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады екен.

         Сонымен қатар курс барысында білім мазмұнын  жаңарту аясында бүгінгі күн талабына сай сабақ жоспарын әзірлеу, оны құру, оқыту мен оқудың белсенді әдістерін сабаққа енгізу, «тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым» дағдылары, онда оқушылар нені меңгеру керектігі туралы терең түсінік берілді. Курс соңында мұғалімдер өз жұмыстарын берілген критерийлер бойынша бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін көре білді.
         Қорыта айтқанда, «Адам мен адамды теңестіретін – білім» екенін Мұхтар Әуезов айтқандай, өзге дамыған елдермен терезесі тең болуы үшін біз білім алаңында олармен тең дәрежелі болуымыз керек. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына болуымыз үшін, ең алдымен, жастарымыздың білігі мен біліміне көңіл аударып, сандық көрсеткішке емес, сапалық көрсеткішке баса назар аударуымыз керек.
          Сөзiмнiң соңын Чарльз Дарвиннің мына сөзiмен аяқтағым келеді: «Ең күшті, ең ақылды емес, болып жатқан өзгерістерден қалыс қалмайтындар ғана өміршең болады»,– деген екен. Бүгiнгi таңда елiмiздiң бiлiм беру жүйесiндегi болып жатқан үлкен өзгерiстер мұғалімдердің жаңа бағытта жұмыс жасауына, ізденуіне, өз білімін жетілдіруге талап ете отырып, елiмiздiң болашағына, оны жүзеге асыруда талмай еңбек етiп жүрген ұстаздарға толағай табыстар әкелетiнiне сенiмдiмiн.

         Пайдаланылған  әдебиеттер:
1. Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype