+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Білім беру ұйымдарында денсаулықты қорғаушы ортаны дамыту

 Сансызбаев Е.,  №5 Күршім орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Күршім ауданы

        Өскелең ұрпақтың бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы олардың еңбек потенциалын дамытуда басты роль атқарады. Демек, балалардың және мектеп оқушыларының денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
    Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен халықтың ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты біршама құжаттар қабылданды. Атап айтсақ, «Қазақстанның-2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен» анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы, «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданған.

        Қазіргі кездегі ойландыратын нәрсе ертеректе тек  егде жастағы адамдарда кездесетін аурулардың жастар, балалар арасында болуының жасаруы. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жүргізілген медициналық зерттеулер тұлғаның денсаулық күйінде түрлі патологияның бар екенін  көрсетті, соның ішінде әр жетінші оқушыда ас қорыту органдары мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің аурулары, әр тоғызыншы оқушыда − жүйке жүйесінің аурулары, әр оныншы оқушыда − тыныс алу органдары мен эндокриндік жүйке аурулары байқалады. 
        Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық-індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі».  Оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп − олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі. Сонымен қатар қазіргі мектеп оқушыларының басым бөлігі денешынықтыру сабағына қатыспаудың әйтеуір бір жолдарын іздестіруге тырысатыны шындық.Бірақ, денешынықтыру сабағынан босату анықтамасы медициналық көрсеткіштер бойынша ғана беріледі.Босату жөніндегі анықтаманы емдеуші дәрігер аурудың түріне қарай әртүрлі мерзімге беруі мүмкін.Ең ұзақ деегн анықтама бір жылға берілуі мүмкін.
        Олай болса,неліктен оқушылар денешынықтыру пәнінен босату жайлы анықтаманы алуға тырысады,кейбір оқушылар мақтанышпен «менің анықтама қағазым» – бар дейді?
        Мектептегі дене шынықтыру пәні-басқа да оқу пәндерімен тең дәрежелі, мектепте оқушылардың физикалық дамуын қамтитын міндетті пән болып табылады. Пәнге бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі барлық оқушылар қатысуға міндетті. Пән келесі үш бағыт бойынша дамытуға бағытталған: білімділік, сауықтыру, спорттық-сайыстық. Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мектеп бағдарламасында оқушыны жан-жақты дамытуда ерекше маңызы бар. Мектептегі дене шынықтыру сабақтары денсаулықты сақтау мен нығайтуға ғана емес, сондай-ақ баланың басқалармен қарым-қатынасқа түсуіне және баланы әлеуметтендіруге мүмкіндік береді.
        Дене шынықтыру сабағы спортзалда немесе арнайы жарақталған мектеп ауласындағы спорт алаңдарында өтеді. Дене шынықтыру сабақтары өтетін орындар мемлекеттік нормативтік шарттарды сақтай отырылып  (спортзал төбесінің биіктігі, қосымша бөлмелердің болуы,спорт құралдары) өткізіледі.
Дене шынықтыру сабақтары денені қыздыруға арналған жаттығулардан басталады. Сабақтың негізгі бөлімінде алдыңғы сабақтарда өткен жаттығулар қайталанады және жаңа жаттығулар үйретіледі,қозғалысқа арналған спорт ойындары өткізіледі. Нақты жаттығулар кешені музыка арқылы өткізіледі, сөйтіп баланың есту мүшесінің дамуына,ритмді сезінуі мен зейінін тоқтатуға ықпал етеді. Сабақ соңында оқушыларға тынысты қалпына келтіруге, тыныштандыруға уақыт  беріледі.
        Дене шынықтыру сабағы Білім Министрлігінің ұсынған бағдарламасы бойынша өтеді. Дене шынықтуру пәні мұғалімдері бағдарламадағы нормативтерді қатаң сақтауға тиісті. Әр жастағы топтың өзінің нормативі бар.Дене шынықтыру тек аталмыш сабақта ғана емес, эмоционалдық және қажуды жеңу үшін әр сабақта дене қозғалыстары жаттығулары жасалады.

Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында дұрыс дем алуға, қимыл мен тыныс алуды үйлестіруге, әртүрлі қимылдар жасауға үйрету арқылы (мысалы, допты лақтыру және оны бір немесе екі қолмен қағып алу), қозғалыс координациясын дамытады. Бала ағзасының физикалық және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып командалық спорттық ойындарға қатысу дағдыларын дамытады.
        Жоғары сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру пәні біршама түрлендірілген.Оның құрамына психологиялық реттеу негіздері,өзін-өзі реттеу, өз бетімен спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыра отырып,денсаулық сақтауға бағытталған спорттық өмірге бейімдеу енеді.
        Көпшілік мектептердің денешынықтыру пәні мұғалімдері өз ісіне беріле жұмыс атқара жүріп,өз әдістемелерін жасап алады,сөйтіп өз сабақтарын түрлендіре,қызықты өткізуге тырысады.Өз сабақтарында әр оқушының ерекшелігін ескере отырып,олармен жекелей жұмыстарды жүргізу әдісерін ойлап шығарады.
        Дегенмен, мұндай әрекеттер нормативтік құжаттардан ауытқып жатса мектеп әкімшілігі тарапынан сынға да ұшырап жатады.Мүмкін сол себепті де көптеген оқушыларға денешынықтыру пәні ұнамайды.Оқушылар бұл босқа уақыт өткізу,ешқандай пайдасы жоқ деп ойлайды.Көпшілік оқушылардың денешынықтыру сабағына қатысқысы келмеуі де осындай себептерден болады. Сондықтан олар денешынықтыру сабағынан босату жайлы анықтаманы қалай да алуға тырысады. Онымен қатар оқушылар осы кезге дейін 20-30 жыл бұрын бекітілген нормативтік құжаттармен бағаланады. Қазіргі кезде нормативтік құжаттарды жаңарту қолға алынуда.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Абылкасымова А.Е. Современный урок. Алматы: НИЦ «Гылым», 2003
2.  Антропова М.В. Физическое развитие ребенка /Под ред. В.И. Козлова, дд. фарбер.- М., 1983.
3. Вазина К. Модель саморазвития человека. — Н.Новгород: ВГИПИ, 1999.
4. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. — М.,1960.
5. Гигиена детей и подростков. /Под ред. Г.И. Сердюковской и А.Г. Сухарева. — М., Медицина, 1986.
6. Гринене Э.  Адаптация  к учебной деятельности детей, начавших обучение с шести лет // Новые исследования по возрастной физиологии. — М., 1988.-№1 (30).

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype