+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың құзыреттілігін арттырудың жолдары мен маңыздылығы

Г.Апселемова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы 
Г.Мәукей, «Төсқайың орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі, Күршім ауданы

        Қазіргі таңда елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістер әлеуметті, экономикалық дамуға байланысты болғандықтан жас ұрпақты сапалы білім негіздерімен қаруландыру мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделген. Сондықтан, қазіргі тәрбие мен білім берпетін оқу мекемелерінің алдында жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Яғни, барлық оқу және тәрбие әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының, ұйымдастыру формалары мен түрлерінің кешенін жеке тұлғаны толыққанды қалыптастыруға бағыттау керек. Аталған міндетті жүзеге асырудың бір жолы – үздіксіз білім беру жүйесін дамыту, білім беру мазмұнына жаңа көзқарас енгізу. Ал өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың замана көшінен қалып қоймай білімді, жан-жақты дамыған, кемелді болуы ұстаздар қауымына, оның орасан зор жауапкершілігі мен өз жұмысына деген қарым-қатынасына байланысты екені даусыз.

          Бүгінгі жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуы кезеңінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік ойлау үлгісін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдіске жаңа технологияларды қолдану жетелейді. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде заманауи жаңа технологияларды қолдану қажет. Жаңа ғасыр табалдырығын еркін аттаған ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, білім саласында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.
         Келешек өскелең ұрпағымызды ұлттық тәлім тәрбиеге баулып, халқының дәстүрін жақсы білетін  көпмәдениетті тұлға тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан еліміздің болашағы болайын деп тұрған баланы нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін жалпы білім берудегі жаңа технологияларды қолдану стратегиялары арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
               Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек[4]. Алайда, әр мұғалімнің оң нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты – заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыра алуы қажет.
            Қазір елміздің білім беру мен тәрбие жүйесін жүзеге асырып жүрген оқу орындары педагог-ғалымдар ұжымдары ұсынып отырған көптеген жаңа идеялар мен жаңа технологиялардың ішінен өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Оқытуды ұйымдастыру формаларын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңа технологияларды қолдана отырып өзгерту оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, рухани, адамзаттық, ұлтжандық және басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсер етеді. Оқытуды инновациялау, жаңаландыру, түрлендіру оқушылардың оқуға ынтасын, белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуға итермелейді, оқу әрекетіне елеулі өзгерістер енгізеді.
         «Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технлогияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің жетелуіне игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», деп көрсетеді С.В.Селевко.
          Олай болса, қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың құзыреттілігін арттырудың ең тиімді жолы жаңа технологияларды оқу-тәрбие процесіне қарқынды енгізу.

         Зерттеп отырған тақырыбымыздың негізгі мән-мағынасын ашу үшін құзыреттілік ұғымына тоқтала кетейік. Соңғы жылдары құзыреттілік ұғымына деген көзқарастардың ауқымы кеңейе түсті. «Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі таңда жан-жақты зерттеліп, талқылануда. Оған педагогика және психология ғылымының зерттеуші ғалымдары түрліше анықтамалар беріп жүр. Сондықтан да құзыреттілік ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер көптеген педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылады.
          Жалпы зерттеулерге көз жүгіртсек көптеген ғалымдар, мысалы В.Шепель, В.Ландшеер, П.Симонов, М.Чошанов,ль, В.Безруков, О.Шахматова т.б. өздерінің жұмыстарында құзыреттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Кейбір сөздіктерде құзыреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, қазір құзыреттілік дербес және жауапкершілікпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты орындауға қабілет пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «құзыр» (компетенция) – біріншіден, қайсібір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау, екіншіден, тіл мен психолингвистикада – тілдің базалық, абстрактілі ережелерін меңгеру деп көрсетілген. Латын тілінен аударғанда құзыреттілік дегеніміз өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал түсіндірме сөздіктерде «құзыреттілік» ұғымы құзырлықты меңгеруші ретінде қарастырылады.
           Сонымен көптеген зерттеушілер мен ғалымдардың еңбектерін саралай келіп, құзыреттілік дегеніміз жеке тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.
           Құзыреттілік ұғымының маңызды белгілері болып мынадай критерийлердің жиынтығы жатады:
          * іскерлік пен білімді меңгеру деңгейі (іскерлік пен білім саласы);
          * іскерлік пен білімнің кеңдігі және диапазоны;

          * өз жұмысын ұтымды ұйымдастырып, жоспарлау қабілеті;

         * тосын жағдайларда өз білімін қолдана білуге қабілеттілігі (техника, технология, еңбек ұйымдастыру мен оның шарттары өзгерген жағдайда тез бейімделу).
         Сонымен, қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың құзыреттілігін арттыру өте маңызды міндеттердің бірі. Оны ұстаздар қауымы да жақсы түсінеді. Біз жоғарыда атап кеткендей оқушылардың құзыреттіліктерін жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыруға болады. Оқу-тәрбие процесінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар:

  • дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов, В.Репин);
  • саралап, даралап оқыту;
  • деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
  • оза отырып оқыту (С.Лысенкова);
  •  іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков)
  • тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов);
  • сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (RWST);
  • жобалап оқыту технологиясы және т.б.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
  • баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
  • баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
  • әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
  • барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
  • оқу процесін оқушының сезінуі.

Демек, осы аталып отырған жаңа технологиялар мен негізгі қағидалары ұстаздар үлкен жауапкершілікпен, зерттеушілікпен өз тәжірибелерінде жүзеге асырса, оқушылардың құзыреттіліктерін арттыра алады. Яғни, біздің көтеріп отырған мәселеміз де өз шешімін табары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологий / Г.К.Селевко.- Москва-Народное образование, 1989.-С.42-58.
  2. Шәкілікова С., Білім берудегі компетенттілік тәсіл / С. Шәкілікова, Д,Қазақбаева, Ш.Кәрібаева, Қ.ұмағұлова. – Қазақстан мектебі2004. №4. 14-17
  3. Төленова Ұ, Білім беруде жаңа технологияны қолдану – өмір талабы / Ұ.Төленова. – Бастауыш мектеп. 2005.№5.- Б.3-4.
  4. Өмірбаева К. «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер». 2001 .
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype