+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ЕЖЕЛГІ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ (1-сынып)

Байжұманова С.Б.,  «№2 Ақсуат орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Тарбағатай ауданы

Дүниетану пәнінен өткізілген бұл сабақта оқушылар «Ежелгі ата-бабаларымыз» сақтар туралы түсінік алады. Көрнекі материалдар негізінде  сақтардың өмір салтын сипаттайды. Дереккөздерді зерделеу арқылы сақ ханшайымы Томирис жайлы мағлұмат алады.

Сабақта алған ақпарат негізінде сақтар қазақтардың ежелгі ата-бабалары болғаны туралы өз ойларын жеткізеді. Олардың тұрмысы мен тіршілігін баяндайды. Өткен өмірмен қазіргі өмірді салыстыра сипаттайды.

Сабақ барысында оқушылар өз халқының тарихын құрметтеуді түсінеді, сақтардың мәдениеті мен өмір салты туралы ұғынады.

 

Оқу мақсаты

1.3.2.1 Көрнекі  материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау.

1.3.4.1 Дерек көздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ежелгі тайпа сақтар туралы біледі. Сабақта алған ақпараты негізінде сақтар қазақтардың ежелгі ата-бабалары болғаны туралы ойларын айтады. Олардың тұрмысы туралы түсінік алады.

Көпшілігі:

Уақыт ағынына байланысты қарапайым терминдерді қолдана отырып, өткен мен қазіргіні салыстырады.

 

Кейбір оқушылар:

Өз есімдерін ежелгі ата-бабалар есімімен байланыстыра айтады. Ежелгі және қазіргі адамдар тіршілігін салыстырады.

 

Алдыңғы сабақта

 

Терминдер:

«Алғашқы адам» тақырыбында түсінік алды.

 

Ежелгі — древний — ancient

Көшпенді — кочевник — nomad

Тайпа — племя  — tribe

Сақ — саксы — saxon

Тілдік мақсат

Саяхат, көшпенді халық, сақтар, сақ ханшайымы.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы:

2 минут

 

 

5  мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

Тапсырма

10 минут

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

  

Критерий

 

Дескриптор

Сергіту сәті.

2 мин

Дәптермен жұмыс.

10мин

Критерий

Дескриптор

Қортынды

5 мин

  

Кері байланыс.

3 мин

 

Оқушылар көңілді шеңберге жиналып тұрады.

 Оқушыларды топқа бөлу.

Ол үшін оқушыларға ежелгі адамдардың баспаналары, аң аулауы, алғашқы кәсіптері, еңбек құралдары, көш суреттері салынған үлестірме парақшалар таратылады.

Оқушылар  суреттер бойынша топтасады.

Осы суреттер туралы не айта аласыңдар.Оқушы жауаптарын тыңдау.

Ойын«Көшпенділер» ойыны

— Балалар, қазір сендермен  ойын ойнаймыз.

— «Көш қозғалды» дегенде сендер алдарындағы заттарды алып,келесі топпен орындарынды ауыстырасыңдар.

«Көш қоныстанды» деген сәтте сендер қай орынға келіп тоқтадыңдар, сол жерде қалуларын керек.

— Балалар, ойын барысында сендер  не байқадыңдар?

/Балалардың мүмкін болатын жауаптары/

— Біз орнымызды ауыстырдық.

— Бір жерден екінші жерге көштік

— Ал бір орыннан екінші орынға көшкен адамдарды қалай атауға болады?

(Балалардың жауаптарын тыңдау)

— Көшпенділер

— Көшпенділер  деп кімдерді айтамыз? Неліктен?

Көшпенділер туралы не білесіңдер?

— Ия, біздің ежелгі ата-бабаларымызды көшпенділер деп атайды.

— Ендеше, бүгінгі сабақта біз кімдер туралы сөйлесеміз.

— Ежелгі ата-бабаларымыз.

— Ертеде біздің бабаларымыз тайпаға бөлініп өмір сүрген екен.

Бұл үлкен тайпаның атын табу үшін мына сөзжұмбақты шешіп көрейік

(Балалар жауаптарын тақтаға өздері жазады)

1. Біз қазір қандай бөлім өтіп жатырмыз  /Саяхат/

2.Ежелгі адамдар ең алғаш қай елді мекендеді?  /Африка/

3. Қазір қай жыл мезгілі?    /Қыс/

— Әр жауаптың бірінші әріптерін қосып оқысаңдар,үлкен тайпаның атауын табасыңдар.

Балапан телеарнасынан «Ерден атаның әңгімелері» туралы видео ролик көреді.

Жұппен жұмыс істейді

Көргендерін айтып береді.

Ежелде ұлы даламыздың сақ тайпаларында Томирис есімді патшайым болған екен.Ол халық арасында Тұмар ханшайым есімімен де белгілі. Томирис бес жасынан атқа отырып,ал жеті жасынан қолына қылыш алған екен.Сақ ханшайымы Томирис батыл,ержүрек,сымбатты еді.

Жауыз Кир патша өз әскерлерімен жерімізді басып алмақ болды.Томирис елін жаудан аман құтқарып қалды.

1-топ. Суретке мұқият қараңдар.Бұл сақтардың қонысы.Суретте берілген адамдардың тіршілігін сипаттаңдар.

2-топ. Сақ ханшайымы туралы сұрақ дайындаңдар.

3-топ. Сақтар қандай көлікпен жүк тасыған.

4-топ. Қазіргі кезде көліктің қандай түрлері бар.

5-топ. Болашақтағы көлік түрлері қандай болады деп ойлайсыңдар.

(Постер арқылы қорғау). Дайын болған топ өзінің жұмыстарын тақтаға іліп қорғайды.Әр топ бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады,тексереді.Өздерінің тілектерін,ұсыныстарын пікірлерін стикерлерге жазып іледі.

Суретте берілген адамдардың тіршілігін сипаттай алады,сұрақ дайындай біледі,көлік түрлерін атай алады,қазіргі және болашақтағы көлік түрлері туралы айта алады.

Адамдар тіршілігін сипаттайды,сұрақ дайындайды, көліктің қазіргі және болашақтағы түрлерін айтады.

Қимыл-қозғалыспен

Төмендегі суретті қолдана отырып, көшпенділер қонысының суретін салыңдар.

Әр түрлі бояу түрлерін пайдаланып Томирис ханшайымның суретін бояңдар.

Суретті сала алады және бояй біледі.

Суретті салады, бояйды.

— Сонымен балалар біздің  ежелгі ата-бабаларымыз – сақтар болған екен .Олар көшпенді халық  өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін  жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті әйелдері  де  қорған бола білген.

Ойын «Бес қадам» Оқушылар қазіргі көлік түрлеріне отырады.

Мен бүгінгі сабақты өте жақсы түсіндім.

Мен тағы да сақтар жайында көп нәрсе білгім келеді.

Шеңберге тұру

 

 

Қима суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әріптер топтамасы.

 

 

 

 

Видео ролик

 

 

  

 

 

 

 

Ақ бет, маркер, стикерлер

 

 

 

Видео

Қосымша ақпарат

Дифференциация.

Сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? 

Бағалау.

Оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланысы.

Топтық, жеке жұмыстарды орындауы смайликтер,  түрінде бағаланып, қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушылардың креативті идеялар айтуына жетекші сұрақтар қойылады.

 

АКТ-да оқушылар сақтар туралы, Томирис ханшайым туралы суреттер көреді.

Өнер.Ойын барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Ойын барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері айтылады.

Сабақ барысында оқушылар өз халқының тарихын құрметтеуді түсінеді, сақтардың мәдениеті мен өмір салты туралы алғашқы түсініктер алады. Сақ ханшайымы Томиристің ерлігі туралы біледі.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype