+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы тілдік дағдыларын қалыптастыру

И.Исебаева.,  Базылбек Ахметов атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі, Ново-Одесское ауылы Ұлан ауданы

 

 Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.

 

Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.  Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Функциялық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үдірісінде дамыта оқыту теориясын таным қызметінің белсенділігіне көп сүйенеміз.

Сондықтан оқушылардың оқу таным әрекетін белсендіру жұмыстарының түрі мен әдістерін жан жақты талдап, олардың әдістемедегі орындарын анықтау мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Өйткені, ғылыми тұрғыдан сұрыпталып негізделген дамыта оқыту әдістері жүйесі арқылы ғана бастауыш мектепті бітіріп оқушының тұлғасын модельдеуге болады.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту теориясын қазақ тілін оқытумен байланысты зерттеген Н.Құрманованың пікірінше, оқушының теориялық ұғымдарды меңгеруі арқылы теориялық ойлауымен мен бай мазмұндағы сөйлеу тілі қалыптасуының тиімді жолы қалыптасада.

Оқушының жеке тұлғасының маңызды процедуралық бір белгісі сөйлеу шеберлігі екендігін негізге ала отырып, коммуникативтик үдерістің ерекшеліктерін оқу таным қызметін ұйымдастырумен байланысты танудың орны үлкен. Өйткені коммуникациялық латын тіліндегі түнегізінде «қарым қатынас жасаймын»  деп аударылатын белгілі.

Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьевтің ізбасар шәкіртінің көзқарастары бойынша адамдар іс-әрекетін мынадай екі түрде анықтауға болады: белсенділік; қарым-қатынас.

Адамның танымдық дамуы барысындағы таныған дүниесін түрлі өзгерістерге түсіру қабілеті адамның еңбек ету қабілетін күштірек екенін адамзат қоғамындағы ғылым мен техниканың даму барысынын көре аламыз.

Танылған дүниесін адам баласы материалдық немесе рухани өзгерістерге түсіре алатын қабілетке ие болғандықтан да, білім беру мен тәрбиелеу үдірісін оқушының сол өзгеріске түсіру қабілеттерін ғылыми біліммен қалыптастыру, жетілдіру бағытында ұйымдастыру керек.

Оқушының оқу- танымдық қызметі дегеніміз оқу нысанына оқушының белсенді қарым- қатынасы. Танылған білім жүйесін оқушы бұзып жармайды, бірақ, өзіне дейінгі мұраларға енді өзінің ғылыми көзқарасымен қарап, оны терең тану үшін түрлі мүмкіндіктегі бейнелерге түсіре алады.

Психология іліміне адамның белсенді танымдық әрекеті тек танылған нәрсе туралы біліммен байланысты танылмайды, онымен тығыз байланыста енді адамның құндылық адамгершілік дүниесі туындайды.

Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «функционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады»  – деп сипаттама беріледі.

Функционалдық сауаттылық сындарлы оқытуда ғана жүзеге асады.

Тіл сабақтарынан бастауыш білім беру төмендегі міндеттерді: оқушыларды кітапты тез әрі мәнерлеп, түсініп оқуға, саналы түрде әңгімелеп беруге, сауатты жаза білуге, айтар ойын жүйелі жазып беруге үйрету. Оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, тілін дамыту мақсатында ана тілі пәнін оқытудың маңызы зор. Ана тілі пәні оқушылардың ақыл-ойы мен тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Олардың үйреніп жатқандықтарын өз тәжірибелері мен бұрынғы білімдеріне байланыстырудың жолын іздеп, оқушылардың жауаптарын тыңдап, әр сабақты өмірмен байланыстыруға тырысамын.Оқушыларға сөйлеу дағдыларын меңгертуде сұрақ-жауап пен диалогтың алар орны ерекше. Бірі бастаушы, екіншісі жалғастырушы. Диалог арқылы оқушылар жеңілден қиынға қарай бет бұру арқылы тілдік қатысымдыққа үйренеді.
Оқушылардың сауаттылығын дамытуда 2-сыныпта «Мәтін. Сөйлем. Сөз» тақырыбын өткенде мынадай тапсырманы пайдаландым:

1.Мәтінде неше сөйлем бар?

Біз өз сыныбымызды жақсы көреміз. Біздің сыныбымыз жарық және таза. Терезе алдында әдемі гүлдер өсіп тұр. Біз сыныбымызды таза ұстаймыз.

2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

3.Мақалды оқы. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек күтеді.

Жаман күліп кетеді.

4.Төмендегі берілген сөздерге мағынасы жуық сөз тауып жаз.

Қорқақ,……

Әдемі,……

Қашық,…….

5.Сөйлемнің жігін ажырат.

Бөрібасар жақсы ит ол түнде ұйықтамайды мал қорасын күзетеді өзі сондай сақ бір күні қораға қасқыр келді оны Бөрібасар сезіп қалды ол арсылдап, қасқырға тап берді қасқыр қаша жөнелді мал шығыннан аман қалды шіркін, иттің бәрі Бөрібасардай болса.

Оқушылардың тіл сабақтарында функционалдық сауаттылығын дамытуда жүйелі жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп отырады. Өздігінен орындайтын тапсырмалар, тәжірибелік жұмыстар, логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу, тілін дамытатын, шығармашылық қабілетін оятатын жаттығулар қамтылады. Әңгімелеу, жазу, жұпта жұмыс істеу дағдылары дамыды.Жұмыста коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктері  тапсырмалары  ұсынылды.

Тіл сабақтарында оқушылар ой-өрісін кеңітетін, шығармашылығын дамытатын жұмыс түрі- шығарма жазу.Бірінші сынып оқушыларына  оқу жылы аяқталарда «Балалар сендер әжелерің мен аталарыңды 1 мамыр мерекесімен құттықтап, құттықтау хат жазып келіңдер. Ойлаңдаршы, қандай жақсы сөздер жазуға болады.» Осылайша алғашқы шығарма жазу басталады. Келесі күні барлық баланың жұмысы оқылып, мадақталады. Оқушы бұл жұмысқа өз көзқарасын, ойын бірдіруге, жазуға үйренеді. Сондықтан «олай жаз», «мына сөздерді пайдалан» деп шектеу бала шығармашылығын шектейді. Шығарманы оқушы өзінің ішкі сезімдерінің нәтижесімен жазады. Шығарма жазып болған соң мен тексеру кезінде оқушының ең әдемі сөзін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін жазып әкеліп, бүкіл сыныпқа оқып беремін. Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушы өз ойын дұрыс айта білуді, әрекетін жоспарлайды .Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімінің күнделікті өмір тіршілігінде қолдану мүмкіндіктері артады ,үйренеді.Сонымен қатар жаңа ойлар, жаңа мүмкіндіктер ашылады, өзін-өзі дамытып жетілдіреді.  Тұлғалық даму, жетілу жүзеге асады.

Сондықтан мұғалім мен оқушының қарым- қатынасында сөйлеу, сөйлесу яғни, тілдік қарым- қатынастың ерекше орны оқу танымдық қызметте ерекше орынға қойылып, сол бағытта анықталған мүмкіндіктер барлығын дерлік оқушының тілді оқып білуі үдерісінде өз бетімен іздену әдістері ретінде, шығармашылық, теориялық ойлауын дамыту әдісі ретінде пайдалану керек.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық дамуда оқушының жеке тұлғасы мен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамып жетілуі үлкен орынға ие болады. Оқушының бойындағы жеке тұлғаға тән болып келетін өзіне, өз біліміне деген сенімділік, батырлық, ерік пен еркіндікті сүю, табиғи мінезбен өмір сүру, өзін өзі тану арқылы басқа адамдарды да жеке тұлға ретінде танып құрметтеу деген игілікті қасиеттер қалыптасып, дамып жетілуі үлкен ұстаздық шеберлік, адамгершіліктің талаптарынан қылдай аттамайтын жеке басының ізгі қылықтары керек.

Адам баласының осындай қасиетін шығармалық психологиясы тұрғысынан зерттеген ғалымдар оқушының бойындағы шығармашылық қабілеттерді жетілдіруге басшылыққа алуға болатын түрліше модельдегі және дамытушылық жүйелерді ұсынып келеді.

Пайдаланылған   әдебиеттер

1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі  2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы // «Қазақстан жоғары мектебі», 2004 ж. №1

3.Әмірова Ә. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориясы мен технологиясы.- Алматы, 2008.-186-188 б.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype