+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту Шеберлік сағаты

Ж.С.Амисултанова., А.Б. Имадилова.,  Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімері

 

Мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс–тәсілдер арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін  ойлау арқылы ойлануға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижесі:

  • Жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алады.
  • Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.
  • Белгілі  бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.
  • Басқа мектептермен іскерлік қарым –қатынас орнайды.

Түйінді идеялары: Жаңаша әдіс — тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін меңгереді

Әдіс-тәсілдері: «FILA  кестесі», «AQCI стратегиясы»

Өту барысы:

І кезең. Кіріспе бөлімі.

Тренинг. “Сөйлей алатын қолдар”

Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады. Бірі шеңбер ішінде, екіншісі сыртта. Ішкі шеңбер сыртқа қарайды, ал сыртқы шеңбер ішке қарайды. Сонда бізде қатысушылар жұпқа бөлінбек. Әр жаттығудан кейін тренер “Сыртқы шеңбер бір қадам оңға” деген ұсыныс айтады сонда сыртқы шеңбер бір қадам оңға басып жаңа адаммен жұпты құрады. Тренер айтатын жаттығулардың бәрін тек қолмен ғана орындау керек: Амандасу, достасу, аяу, қуаныш көрсету, ескерту айту, күресу, сәттілік тілеу, сипау, арқасынан қағу, қабағын түю, реніш білдіру, көзін қысу, бетінен сүю, қоштасу.

ІІ кезең. Негізгі бөлім

1.«FILA  стратегиясы»

Мақсаты: сыни ойлата отырып, проблеманы  шеше  білуге  жетелеу.

«Кірпі» мәтіні таратылады. Мәтінмен танысып, кестені толтырады.

FILA кестесін толтыру

Фактілер

(Мәтін бойынша нақты мәліметтер)

Идеялар

(Кірпіге не болуы мүмкін?)

Туындайтын сұрақтар

(Зерттеуді талап ететін сұрақтар)

Жоспарлы іс-әрекет

(Шешімдер жоспары зерттеуді қалай жүзеге асыруға болады?)

 

 

 

 

 

Фактілер

(Мәтін бойынша нақты мәліметтер)

Идеялар

(Кірпіге не болуы мүмкін?)

Туындайтын сұрақтар

(Зерттеуді талап ететін сұрақтар)

Жоспарлы іс-әрекет

(Шешімдер жоспары зерттеуді қалай жүзеге асыруға болады?)

1.Кірпі жүгірді, ойнады.

2.Мадина кірпімен ойнады.

3.Кірпінің түсініксіз қылығы.

4.Кірпі қимылсыз қалды.

1. Уланып  қалды.

2.Қатты шаршады.

3.Қатты ұйықтап жатыр,ештеңе естімейді.

4.Аяқтары ауырып жатыр.

1.Кірпі  қандай тамақ жейді?

2.Үй тамағын жейді ме?

3.Кірпі  қандай жерде тұрады? Інде тұрады ма?

4.Күзде  кірпіде қандай өзгерістер болады?

5.Қыста кейбір аңдар неге ұйықтайды?

6.Кірпі жылдың әр мезгілінде қалай тіршілік етеді?

1.Мұғалімге айту.

2.Биология пәнінің мұғалімінен көмек сұрау.

3.Интернет арқылы мәлімет жинау.

4.Балалар энциклопедиясынан аңдар туралы оқу.

5.Аңдар туралы фильм көру.

2. AQCI стратегиясы. (ЭйКюСиАй)

1.Argument —  Дәлел (Агюмент)

2.Question —    Сұрақ (Куешн)   

3.Connection -Байланыс (Канекшн)

4.Implication — Ізденіс. Қорытынды (Имликейшн)

Күтілетін нәтиже.

1. Жаңа шығарма, мәтінді оқып танысуда, оқушылардың іштей түсініп оқуын, түсінгенін жазбаша түрде жеткізе білу дағдыларын жетілдіруге болады және сыни ойлау көзқарасын
қалыптастырады.
2. Өз ойын жинақтап, дәлелдер келтіре отырып, сын тұрғысынан ойын жүйелеуге, талдау жасауға үйренеді;
3. Автор сөзін, аргументтерін, өз ойы мен түсінігін, дүниетанымын қосып талдап, қорытынды жасайды;
4. Мәтінге шағын зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді;

1 тапсырма: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» мәтіні таратылып беріледі.

AQCI төмендегі 6 элементтен тұрады:

1.Негізгі мәтін

Бұл айтпақ ойы бар мәтіннен үзінді немесе шағын көлемді шығарма

2. Дәлел

Мәтіндегі негізгі ой немесе шығарманың идеясы

3. Сұрақ

Мәтінде толық қамтылмаған немесе жеткіліксіз қамтылған ой төңірегінде сұра

4. Тәжірибемен байланыс

Сіздің келтірген дәлеліңіз күнделікті өміріңіздегі қағидаңызға дәл келе ме, әлде қарама-қарсы ма?

5. Мәтінмен байланыс

Мәтіннен негізгі дәлелді ізде. Мына мәтінге басқа мәтіннен дәлел алуға болады.

6. Ізденіс, қорытынды

Мәтіндегі ойды бүгінгі күнмен байланыстыр.

2-тапсырма  Мәтін:”Дүние қалай етсең табылады?”
Цитата: ”Антон бұл сөздерді естіген соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып, бір орнында тұрып қалды”
Сұрақ: Мұның себебі не еді?

Цитата:«Баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім….»

Сұрақ: Жолаушы не үшін баласын жастайынан еңбекке үйретті?

Цитата:

Әңгіменің соңғы сөйлемі былай дейді:

«… тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Ісіме нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки, осы зор дүкеннің иесі болдым”…

Сұрақ:Зор дүкеннің иесі болуына Антонға қандай күш көмектесті?

3-тапсырма

«Пирамида». Мәтін бойынша жұпта төмендегі сұрақтарға жауап жазады.

1.Негізгі кейіпкер кім?

2. Кейіпкерді суреттейтін екі сөз жаз

3. Оқиға болып жатқан жерді үш сөзбен суреттеңіз

4. Шығармадан төрт сөзден тұратын проблемалық сұрақ туындатыңыз немесе проблеманы анықтаңыз

5. Шығармадағы бірінші өзекті мәселені бес сөзбен сипаттаңыз

6. Шығармадағы екінші өзекті мәселені алты сөзбен сипаттаңыз

7. Шығармадағы үшінші өзекті мәселені жеті сөзбен сипаттаңыз

8. Проблемалық сұрақтың шешімін сегіз сөзбен шешуге тырысыңыз

ІІІ-кезең. Қорытынды бөлім

Кері байланыс. «Арттарыңызға қарап, келешекті болжаңыздаршы»

Дүние қалай етсең табылады?

Ыбырай Алтынсарин

             Француз жұртының бір білімді адамы жазады:

1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң бірге келе жатқанымызда, әдетінше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

— Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ тіленшілік қылғаным жоқ. Ел ішінен ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым. Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісім нық, жинақы және еріншіктікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік (үлкен, еңселі) фабрикамды балама бердім. Үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі, баламды да жасынан бос жүруге, еріншіктікке үйретпедім. Осы айтқанымша, машақаттанудан қашпасаң, сен де бай болсың, Антон,-деді де, жөніне жүріп кетті.

Антон бұл сөздерді естіген соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып, бір орнында тұрып қалды. 

1815 жылда Брюсель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкенннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс сияқты  көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды  да, қасыма келіп айтты:

-Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Сонда ойыма түсіп, таң қалып :

-Сен Антонбысың?-дедім.

-Рас,-деді Антон,-Мен сондағы көрген тіленші Антонныңыздың өзімін. Сол жүргеніңізде бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Ісіме нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки, осы зор дүкеннің иесі болдым,-деді.

Фактілер

(Мәтін бойынша нақты мәліметтер)

Идеялар

(Кірпіге не болуы мүмкін?)

Туындайтын сұрақтар

(Зерттеуді талап ететін сұрақтар)

Жоспарлы іс-әрекет

(Шешімдер жоспары зерттеуді қалай жүзеге асыруға болады?)

 

 

 

 

 

Фактілер

(Мәтін бойынша нақты мәліметтер)

Идеялар

(Кірпіге не болуы мүмкін?)

Туындайтын сұрақтар

(Зерттеуді талап ететін сұрақтар)

Жоспарлы іс-әрекет

(Шешімдер жоспары зерттеуді қалай жүзеге асыруға болады?)

 

 

 

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype