|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Бағалау критерийлері |
Дескрипторлар |
||
|
ü Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. ü Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін айта алады. |
ü Ии дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады. ü Өз ойын айтады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы, дүниетану сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, тапсырмалар, видео, аудио, физминутка әуені, , таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі. |
||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспарланатын жұмыс (өз тапсырмаларыңызды жазыңыз) |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут Топқа бөлу:
Сабақтың ортасы 8 минут
№1 Оқылым.
Оқулықпен жұмыс.
№2 Тыңдалым
Сергіту сәті 2 минут
|
— Сәлеметсіңдер ме, балалар? Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз, Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз! /қимылмен/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Балалар, табиғат дегенді қалай түсінеміз?/ әр баладан өз ойын сұрау/ — Табиғат бізді қоршаған әлем. — тағы….. — өсімдіктер, жануарлар, Су, Ай мен Жер, Күн мен алыстағы жұлдыздар барлығы табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. . — Дұрыс айтасыңдар. — ендеше, табиғат тақырыбы аясында топқа бөлінеміз. / Мына жерден өздеріне ұнаған суретті алыңдар/ 1 топ: Күн 2 топ: Гүлдер 3 топ: Су 4 топ: Жұлдыз Жаксы. Топка бөліндік енді топ ережесін еске түсіріп алайық… Топ ережесі 1.Ережеге бағыну 4.Бірігіп жұмыс жасау 5. Досыңа көмектесу./ топ ережесін сақтау/ — Қазір, әр топ өз топтарын таныстырады. 1 мин уақыт беріледі. / әр топ сайын бағалау / — Балалар, гүлге нелер қонады? Ара, шегіртке, инелік — Қане, ИНЕЛІК деген сөзді айтып көрейікші? — И – не — лік, И – не — лік, И – не — лік — Қандай дыбыс таныс емес? -Ии дыбысы. Хормен айту. Сонымен, Ии дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? — Дауысты. Себебі,…? / созылады, кедергіге ұшырамай шығады/ Барлығымыз тақтаға қараймыз. — И – не — лік,
-Инелік сөзінде неше дауысты дыбы бар? Неше дауыссыз дыбыс? — Ии дыбысы бар қандай сөздер білеміз?? — сиыр, жираф, т.б / буынға бөлгізіп, сөздің қай жерде тұрғанын айтқызу/ — сонымен, Ии дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі екен. Қазір мына сөздерді мен оқимын сендер қайталап отырыңдар. Осы сөздердің ішінде таныс емес, түсініксіз сөздер бар ма? — Ши – астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 50—220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3—2 мм), өте қатты. — ие – әр заттың өз иесі болады. — Тізбектетіп оқыту. /әр топта бір балаға/ Келесі тапсырма, барлығымыз аудио таспаны мұқият тыңдаймыз! — Өлең қалай аталады? — Керек Өлең не туралы айтылған? Итке не керек? — ие — Жіпке не керек? — Ине Іске не керек? — икем — жүкке не керек? — иық керек. — Барлығымыз бірге оқып көрейік….. — Кім оқиды? — Түсініксіз сөздерді түсіндіру, / Ие- иесі, Икем- қабілеті/ — осы өлеңді кім жатқа айтып бере алады? — Айта алса сұрау…… 2. Айырмашылығын тап: Тиін тиын Тиін- әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін жануар. Қане, буынға бөлейік? — Ти –ін Неше буын?/ 2 буын, жіңішке айтылады. Себебі і дыбысы жіңішке болғандықтан / Тиын — Қазақстанның ұсақ ақша өлшемі. Қане, буынға бөлейік? — Ти — ын Неше буын?/ 2 буын, жуан айтылады. Себебі ы дыбысы жуан болғандықтан / «Ой сергіту». «Жылжымалы поезд» ü Сергіту сәтін жасап алайық. Ол үшін қазір жылжымалы поезд болып, әр қабырғада сөздерді дыбыстық талдау жасау. Сергіту сәтінің негізгі ережесі поезд болып барып, поезд болып қайту. |
Шаттық шеңбері Табиғат туралы видео
Инелік суретін көрсету
Аудио таспадан тыңдату
|
|
|
Қызықты тапсырма Фильм көрсету 8 минут
|
— Мультфильм көргілерің келе ме? Барлығымыз тақтаға қарап мультфильмфильмді мұқият қарап, көрейік…. — Мультфильмнің басын көрдік. Енді сендер өздерің қалай аяқтар едіңдар? — Иттің адамға досы жайында айтылған. Осы фильмге сүйене отырып топтарға тапсырма беремін.
Күн тобы: Өрт шыққан үйде кім қалып қойды? — тақтаға шығып қорғау. — мыны топты «Бас бармақ» арқылы бағалап жіберейік. — өте тамаша. Гүл тобы: — Өрт ішінен қызды қалай алып шықты? бұл топты «Үш шапалақ» арқылы бағалайық…
— жақсы Жұлдыз тобы : Иесі итіне ризашылығын қалай білдірді? — келесі топты- «От шашу» әдісі арқылы бағалайық.. -Жақсы Су тобы: Сендер сарапшы топсыңдар. — Сендердің топтарың қорытынды жасайды. Мультфильмге ат қойыңдар. «Сен білесің, сендер білмейсіңдер?! әдісі арқылы өз ойларын айту. -1)Сен білесің- ит адамға дос екенін, — сен білмейсің жыртқыш аңдар қатарына жататынын. 2) Сен білесің- итті, сен білмейсің иттің алдыңғы аяғында 5 башпай, артқы аяғында 4 башпай болатынын. 3) Сен білесің – иттің өте иісшіл екенін, сен білмейсің- ит 10-12 жыл өмір сүретінін 4) Сен білесің – иттің түрлері көп екенін, Сен білмейсің – иттің дүние жүзінде 400 түрі бар екенін — жаксы. Соңғы топты «Бағдаршам» арқылы бағалап жіберейік…
|
|
|
|
|
|||
|
|
|||
|
Бағалау байцланысты ресурстар — бағдаршам |
|||
|
№3 Жазылым 3 |
ü Ии әрпін тақтада жазып көрсету. ü Бас әрпін жазу:/ Қосымша жолдың ортасынан бір нүкте алып, біраз жоғары көтеріп, доға жасаймыз. төменгі негізгі жолға дейін көлбеу түзу сызықпен төмен тұсынан бір нүкте алып, жоғары қарай көлбеу түзу жүргізіп, қолымызды үзбей, негізгі жолдың төменгі сызығына дейін көлбеу түзу жүргізіп, доға жасап қолымызды үземіз./ Кіші әрпін жазу: Кіші әрпі негізгі жолда жазылады. ü / жұмыс жолының жоғарғы сызығынан бір нүкте алып, төмен қарай көлбеу түзу жүргізіп, төменгі сызыққа тигізіп доға жасаймыз/ ü Ауада жазамыз. ü Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. Отыру ережесін айту. |
«Ит –адамның досы» атты видео көрсету
1 топ: 1 кадр бойынша: Өрт шыққан үйде кім қалып қойды?
2 топ: 2 кадр бойынша: Өрт ішінен қызды қалай алып шықты?
3 топ 3 кадр бойынша: Иесі итіне ризашылығын қалай білдірді?
4 топ: Осы үш топтың тапсырмаларын қорытындылап, фильмге ал қою. |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия
|
ü Бүгін сабақта не білдік? ü Дыбыс деген не? ü Әріп деген не? ü Қандай дыбыспен таныстық? ü Дауысты ма? Дауыссыз ба? Сабақ сендерге ұнады ма? (сұраққа жауап арқылы) — Егер сабақты түсіндім десеңдер, мына ағашқа ЖАСЫЛ алманы жапсырамыз. — Ал, САРЫ түсті алма түсіндім, бірақ әлі пысықтау керек. — Қызыл түс – түсінбедім дегенді білдіреді. — Бүгінгі сабақты кім қаншалақты түсінгеніне байланысты алмаларды ағашқа ілейік… — Жаксы. Барлағымызға сабақ түсінікті болған екен. — Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! |
|
|
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі). |
|
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер нгіздім жəне неге?
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||
|
|
|||

Ши



