+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Г. Жаксылыкова,

«Өрлеу» БАҰО АҚ  ШҚО бойынша ПҚ БАИ

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық процестер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең өріс алуда. Бірақ мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты ең алдымен таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлпынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін өзі тәрбиелеуіне, өзін өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуде.

 

Сондықтан, әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін баланың қабілетін ескере отырып сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда ғылыми-зерттеушілік әрекетке дайындау қажет.

Оқушының ғылыми-зерттеушілік дағдысын қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Оларға ғылыми зерттеу элементтері мен нақты ғылыми-зерттеу сипаты бар тапсырмаларды, зертханалық жұмыстарды, ғылыми эксперименттерді, ғылыми мәліметтерді өңдеу, жоба дайындау жұмыстарын жатқызуға болады.

Жоба — латын тілінен «алдыда келе жатқан» деп аударылады. Жобалау — әзірлеу үрдісі және жобаны құру (нысанды немесе жағдайды).

Зерттеу — жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс үдерісі және оның нәтижесі.

Жобаның зерттеуден айырмашылығы: жоба әзірлеу кезінде нақты әлеуметтік маңызды мәселе шешіледі, ал зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құрастыруды көздейді.

Зерттеу — жаңа білімді іздеу, ал жоба үнемі тәжірибеге бағытталады.

Кесте 1. Жобалау мен зерттеудің қатынасы

Жобалау

Зерттеу

1. Жоспарланған нысанды немесе оның нақты бір жағдайын әзірлеу немесе құрастыру

1. Алдын ала жоспарланған нысанды құрастыру көзделмейді

2. Тәжірибелік мәселені шешу

2. Жаңа интеллектулды өнімді құрастыру

3. Элементтердің нақты нұсқалары өзгерістерін дайындау

3. Таныс еместі іздеу үдерісі, жаңа білім алу

Қазіргі таңда білім алушылардың арасында жоба әзірлеу жұмысына көп көңіл бөлінуде.

Жобаның тиімділігі — көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобау негізінде оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Жоба әзірлеу жұмысының алғашқы, ең маңызды кезеңі бүгінгі күн үшін көкейкесті тақырыпты өздігінше таңдау. Ол оқушының ізденімпаздылығына және мұғалімнің дұрыс бағыт беруіне байланысты. Сондықтан оқушы төменде көрсетілген бағыттағы әдебиеттерге шолу жасауы қажет.

—       жалпы адамтану (ғылым классиктерінің еңбектері);

—       жалпы, арнайы әдебиеттер;

—       тарихи ресми деректер мен құжаттар;

—       мерзімді басылымдар;

—       көркем шығармалар;

—       анықтама құралдары;

—       сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар, әдістемелік қолданбалар.

Жоба жұмысында тақырып таңдаудаоқушының жас ерекшелігіне сай болуы, өңір үшін өзекті, неғұрлым тар мағынада, оқушының өмірлік тәжірибесіне жақын, эксперимент жүргізуге қолайлы болғанын ескеру маңызды.

Жоба жұмысының жоспарын құру оқушының нәтижеге жетуіне мүмкіндік беріп, кездейсоқ келеңсіз жағдайлардың болуына жол бермейді. Зерттеу жұмысының жоспарын құру дегеніміз — оның барлық кезеңдерінің жүйелі түрде жүргізілуін, нақты нәтижеге жетуді толық жан-жақты ойлап қарастыру болып саналады.

Жоспар құру алдымен жоба жұмысының мақсаты мен міндеттерін таңдап алудан басталады. Жоба жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан мақсат зерттеу принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Жоба  жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның міндеттері де айқындалады.

Міндет – зерттеу мақсаты, нысаны, деніне сәйкес, әдетте болжамды тексеру мен дәйектеуге бағытталып белгіленеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жетекшімен біріге отырып жоспар құрастырылады.

Кесте 2. Жоба  жұмысын әзірлеу бағдарламасы

Жобаның өзектілігі

Неге? (жобаны әзірлейміз)

Мәселенің өзектілігін анықтау

Жобаның мақсаты

Не? (не үшін жоба әзірленеді)

Жобаның мақсатын анықтау

Жабаның міндеттері

Қалай? (біз оны әзірлейміз)

Міндеттерді құрастыру

Әдіс тәсілдері

Не шығады? (мәселені шешуде не шығады)

Жоспарлау, әдіс-тәсілдерді таңдау

Нәтиже

Неге? (бұл неге маған маңызды)

Күтілетін нәтиже

Жоба жұмысыныңәзірлеу сатылары.

1. Ойдағыны іске асыру:

1.1. Мәселе (Қайсысы дұрыс емес?)

1.2. Ой Не? Қандай?

1.3. Алушы Кім үшін?

1.4. Қажеттілік (пайда, қазығушылық)  Неге? Не үшін?

1.5. Нәтиже Не және Не үшін?

1.6. Зерттеу командасы  Кіммен?

2. Өндіру (анықтау немесе жоспарлау):

2.1. Жалпы жоспар  Не істеу қажет?

2.2. Мерзімдеу Қашан?

2.3. Әр сатының жоспары (деңгейлердің, команданың) Қалай істеу керек?

2.4. Қатысушылар Кім жасайды?

2.5. Ресурстар  Ол үшін не қажет және қанша?

2.6. Әріптестер  зерттеу нәтижесі кімді қызықтырады?

2.7. Тәуекелдермен жұмыс не кедергі туғызуы мүмкін? Не істеу қажет, егер…?

3. Зерттеу нәтижесін жүзеге асыру

4. Зерттеуді бағалау

5. Тұжырымдар (есеп)

Оқушының дайындаған жобасын бағалауда төмендегі критерийлер ескеріледі:

—         шығармашылық қабілеті;

—         ғылыми ой-талдауы (түсініктілік деңгейі, нақтылық, нәтижелерді талдау, тексеру деңгейі, жұмыс болашағы, ғылыми әдебиеттер цитаталары);

—         қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі;

—         тақырыптың ашылу деңгейі (жұмыстың аяқталуы, толықтығы, эксперимент, шешудің өзге жолдарын қарастыру);

—         ораторлық қабілеті (сөйлеу жүйелілігі, нақтылығы, сұрақтарға жауап, жұмыстың безендірілуі, көрнекі құралдары).

Жоба жұмысының қорытындысы — жазбаша немесе ауызша есеп. Мультимедиялық презентация, фильм, қойылым. Интернет жүйесіндегі бет, дайындалған макет, модель ретінде көрсетіледі.

Жоба дайындаумен қатар оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін сабақта да тиімді ұйымдастыруға болады. Біз бастауыш сынып оқушылырын бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың бірнеше мысалдарын көрсетіп отырмыз. 

Мәселені көру дағдысын қалыптастыру (өз ойларын қалыптастыру, зерттеу нысанына жан-жақты қарау). Оқушыда зерттеу мәселесін көру ұзақ уақыт бойы қалыптасады.

1 — сатыда зерттеудің элементтерін келесідей тапсырмалар беру арқылы қарастыруға болады.

1 — жаттығу

А) «Қоршаған ортаға бөгде адамның көзімен қарайық».

Оқушыларға аяқталмаған әңгіме оқу:

«Таңертең аспанды қара бұлт басты, қар жауды. Үйлер, ағаштар, жолдар қар ұлпаларына көмілді…»

Тапсырма: осы әңгімені жалғастырыңыз.

1 топ — далада ойнап жүрген балалар атынан

2 топ — қала әкімінің атынан

3 топ — ұшақ жүргізушісі атынан

Б) «Бөгде кейіпкердің атынан әңгіме құрастырыңыз»

Тапсырма: қиялдағы бір күніңізді баяндап жазыңыз.

1 топ — бір күнге осы бөлменің партасына айналдыңыз

2 топ — бір күнге жолда жатқан тасқа айналдыңыз

3 топ — бір күнге үй жануарына айналдыңыз

Осындай тапсырмалар арқылы бір құбылысқа әртүрлі қөзқараспен қарауды үйретуге болады.

В) «Заттың қанша маңызы бар»

Тапсырма: осы затты дәстүрлі емес бірақ нақты қолдануға болатынын жазыңыз

1 топ — бор

2 топ — қарандаш

3 топ — қағаз

Г) «Заттың белгілерін (нышанын) атаңыз»

1 топ — бор

2 топ —  қарандаш

3 топ — қағаз

Оқушылар зерттеу мәселесін көруді бақылау әдісі арқылы меңгерулеріне болады. Бастауыш сынып оқушыларын бақылау әдісіне үйрету қажет. Бақылау әдісін қолдануда неге деген сұрақтарға жауап беруден бастау дұрыс. Мысалы: неге қар жауады? Неге шалшық кебеді? Неге бор қатты?

2 — жаттығу. Болжамды құрастыра білу дағдысы (егер болса, егер, болуы мүмкін, онда).

А) Пайымдау, ойлау тапсырмалары

Мысалы: Неге су ағады? Неге жел соғады? Неге күн мен түн болады?

Қандай жағдайда мына заттар адам өміріне пайдалы, ал қандай жағдайда бұл жаттар қауіп төндіреді

Мысалы: тұз, қант, ұялы телефон.

Б) «Болған оқиғаның себебін тап»

Мысалы: Сүт ашыды, балалар аулады көп ойнайтын болды, аю қыста ұйқыға кеткен жоқ

3 — жаттығу. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоюға үйрету.

А) Оқушыларға нақтылау сұрақтарын қоюды үйретуге арналған жаттығулар

Оқушыларға адамдардың, аңдардың, заттардың суретін көрсетіп, олар не, кім екені туралы сұрақтар қою. Немесе сол суреттегі бейне оған қандай сұрақ қоюы мүмкін екенін білуге болады.

Б) Тақтаға бір оқушы шығады қолындағы мұғалім берген карточкалардағы сұрақтарды оқымай оған дауыстап жауап береді. Қалған оқушылар не туралы сұрақ болғанын шешуі керек.

Мысалы: Үкі неге түнде аң аулайды? Ағаш неге көктемде жапырақ жібереді? Космонавтар немен тамақтанады?

Сонымен, оқушының зерттеу әрекеті күрделі кіріктірілген білім болып табылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ү.Б Жексенбаева. Оқушыладың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру /Әдістемелік құрал/, Алматы. 2006  — 32 б.
  2. Р. Аубакирова, М.Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі /Оқу құралы/, Астана. 2008  — 128 б.
  3. С.М. Бахишева. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы: Оқулық. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -336 бет.
  4. А.С.Шарипханова, Б.М.Шайымова. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу: олимпиада, факультативтік сабақ, ғылыми жоба: Оқу-әдістемелік құрал. — Өскемен: ШҚМУ, 2010.
  5. Взятышев В.Ф. Методология проектирования в инновационном образовании//Инновационное образование и инженерное творчество. — М., 1995.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype