+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағын жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту

Н.А. Жанузакова.,

 п.ғ.м.,

«Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы»

АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы 

Зәуреш Омарова.,  

 «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

 Өскемен қаласы

Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағын жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту

Қазіргі таңда бүкіл әлем даму үстінде. Жаһандық даму барысында білім беру жүйесі де күн сайын болып жатқан өзгерістерге бейім болуды қажет етеді. Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар.

 

Қазір әлемнің барлық елдері жоғары әрі сапалы білім алуға ұмтылады. Себебі бүгінгі таңда Еліміздің өркендеуі қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, еліміздің экономикасының дамуына үлес қосатын, білімді және білікті азаматтарға байланысты. Сол себепті білім беру жүйесі болашақ талаптарға сай дамуы керек.

Елімізде білім беру жүйесінің мазмұны да жаңартылып, жаңа көзқарастар да пайда болуда. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында зор жауапкершіліктер туындады. Ұстаз оқыту барысында әр түрлі стратегияларды қолдану арқылы үнемі ізденіс үстінде бола отырып жаңарту, инновациялық технологияны меңгеру, оны ұтымды пайдалана алуы міндетті. Білім саласында болып жатқан өзгерістер ұстаздарға зор жауапкершілік жүктеуде.

Ағылшын тілі пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасында бастауыш сыныптар үшін сөйлеу әрекетінің бес түрі: тыңдалым (listening), айтылым(speaking), оқылым(reading), жазылым(writing), қолдануды (use of English) жетілдіру қарастырылған. Осы сөйлеу әрекетіндегі дағдыларды қалыптастыру оқу жоспарында «спиральдік» әдісі арқылы берген. Спиральдік әдісі Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) еңбегіндегі танымдық теорияны басшылыққа алған. Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі қағидаcы оқу бағдарламасындағы спиральдік қағидаcы болып саналады. Яғни қарапайым тапсырмалар біртіндеп күрделене береді. Балалардың білімі мен біліктілік дағдылары әрі қарай дами береді. Оқу мақсаты оқушының алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуына бағыттылған. Бастауыш сынып оқу бағдарламасында оқушының әлеуметтік дағдыларын және танымдық белсенділіктерін арттыру, әрі қарай дамыта беруіне аса назар аударған.

Жаңартылған білім беру жүйесіндегі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаты оқушыдан негізгі мәселелерді анықтау арқылы зерттеп үйренуге итермелейді. Оқушылардың шығармашылық дағдыларын және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады. Балалар топпен, жеке және жұппен жұмыс істей отырып негізгі мәселелерді шешуді үйренеді. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйрену балалардың қызығушылығын оятады. Оқушылар тілді әр түрлі жолмен: ойын ойнап, ән айтып, тақпақтар жаттау арқылы тез үйренеді. Ұстаздар балаларды қолдай отырып, олардың тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға көмектесу арқылы балалардың сенімділігін күшейтеді. Оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың ағылшын тілін күнделікті өмірде қолдана алу қабілеттерін, тілдік дағдыларын, қызығушылықтарын және сенімділіктерін одан әрі дамыту болып табылады.

Жоғарыда айтып өткенімдей бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі сабағында сөйлеу әрекетінің бес түрін дамыту қарастырылған. Тыңдалым кезінде сыныпта күнделікті қолданылатын негізгі нұсқауларды, қойылған сұрақтарды түсініп жауап беруді үйренеді. Белгілі бір тақырыпқа берілген қысқа әңгімелердің негізгі идеясын түсіну және өзіне қажетті ақпаратты ала білу дағдыларын дамытады. Айтылымда оқушылардың сұрақ қоя және жауап бере алу, сөйлеу ырғағына, өзі туралы жеке ақпаратты бере алу дағдыларын дамыту қарастырылған. Оқылымда бастауыш сынып оқушылары қысқа және қарапайым мәтіндерді оқып үйренеді. Жазылымда үлкен және кішкене әріптерді жазуды, жиі қолданылатын сөздерді, қысқа сөйлемдерді жазу қабілеттерін дамытады. Ағылшын тіліндегі тілдік дағдылардың бір ерекшелігі ағылшын тілін қолдану. Балалар бір оқиғаны суреттегенде немесе өзі жайлы қысқа ақпарат берген кезде модальді етістіктерді және осы шақ, созылыңқы осы шақ формаларын қолдану дағдыларын үйренеді. Осы тілдік дағдыларды дамыту арқылы балалар қысқа және қарапайым әңгімелер құрастыруды, берілген үлгі бойынша сөйлем құрастыруды, ертегілер желісі бойынша қысқа қойылымдарды сахналауды және күнделікті өмірде жиі қолданылатын қысқа диалогтарды қолдануды үйренеді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасында бағалау жүйесі де өзгерістерге ұшырады. Критериалды және қалыптастырушы бағалау жүйесі пайда болды. Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу және бағалау принциптеріне сүйенеді. Критериалды бағалауда балалардың үлгерімдері алдын ала берілген критерийлер бойынша өлшенеді. Критериалды бағалаудың нәтижесі оқыту үдерісін жүйелі түрде жоспарлауға және ұйымдастыруға қолданылады. Оқушылар қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша бағаланады. Бұндай бағалау жүйесі оқушының ойлау қабілетін дамытады, бір-бірін, өзін әділ бағалауға үйретеді. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу процесінің ажырамас бөлігі және тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау ұстаз бен оқушы арасындағы кері байланысты орната отырып, үздіксіз жүргізіледі. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлімдерді аяқтағанда оқушылардың үлгерімін анықтау үшін өткізіледі. Оқушымен кері байланысты қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Қорытындылай келе, жаңартылған бағдарламаның мақсаты, балалардың функционалды сауаттылығын қалыптастыра отырып, мектепте алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға үйрету. Өз-өзіне есеп бере алатын, ойлары мен әрекетін талдай алатын, өзін-өзі бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асыра алатын, өз өмірі мен іс-әрекеттерін жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру болып табылады. (Әлімов А. Интербелсінді әдістерді ЖОО-да қолдану. Оқу құралы. – Алматы 2013.)

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін — тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» деп Альберт Эйнштейн айтқандай ұстаз балаға өз мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға қолдау жасауы керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана өз пікірін еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, цифрлі технологияны еркін меңгерген, алған білімін өмірде қолдана алатын азамат өсіп шығады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype