Жиынтық (суммативті) бағалауды сапалы жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді, мұғалімдердің қалыптастырушы бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы керек, ал бұл өте күрделі мәселе. Ішінара мұғалімдер оқушыларды ынталандыру үшін жұлдызша, смайликтер береді де, бір кезде олардың жинаған санымен жиынтық бағалау шығарып жатады, бұл дұрыс емес деп ойлаймын.
Мұғалімдердің көбі қалыптастырушы бағалаудың ынталандыру әрекетін көрсеткенмен, стратегияларын нақты көрсетпейді. Бағдаршам, бас бармақ, шапалақ, смайликтерді қолдану оқушыларды ынталандырады, дегенмен оқушы жұмысын түзету, жетілдіру үшін бұл әдістер маңызды ақпарат, тиімді кері байланыс беру жағынан керемет емес. Яғни, оқушыны алға ілгерілетуде эмоциялық/аффекттік аспектіге қарағанда әлеуметтік/психомоторлық аспекті маңыздырақ. Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Плюс, минус, керемет», «жарық жұлдыз», «Колб циклы» т.б стратегияларын қолдану кезінде оқушылар қалай үйрену керек екендігін үйренеді, өзара және өзін-өзі бағалау, жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту жақсы жүреді.
Критериалды бағалаудың танымдық аспектісі бойынша мысалы қалыптастырушы бағалауға тапсырма жасаған кезде оқу мақсаты/сабақтың мақсатындағы етістікті блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Оқу мақсаты — дегеніміз оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
Сабақтың соңында сабақтың ортасында оқыған тақырыпты меңгеруін тексеру үшін берілетін қалыптастырушы бағалау тапсырмасы блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Қолдану болса тапсырмада одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді. Себебі, танымдық аспектіде көбіне оқу мақсатына жеткендігі тексеріледі. Оқу мақсатын меңгермесе оқу мақсатына жету үшін жұмыстар жасалады. Мысалы, «5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау» оқу мақсаты бойынша ойлау дағдыларының деңгейі білу және түсіну (блум бойынша). Осы сабақта қол жеткізілетін 5.3.2.1 оқу мақсаттары сол сабақта қалыптастырушы бағалау тапсырмасында қаралады, сонымен қатар бөлім бойынша жиынтық бағалауда 5.3.2.1, одан кейін тоқсандық жиынтық бағалауда 5.3.2.1 оқу мақсаты тағы қарастырылады. Оқушы осы арқылы алға ілгерілейді, мұғалім соны түсінуі қажет. Ол үшін мұғалім және оқушылар бір-біріне дұрыс кері байланыс берулері маңызды. Оқушыға оқу мақсаты беріледі, сол арқылы олар жиынтық бағалауларға дайындалады.
Блум таксономиясы оқыту нәтижелерін жазу үшін жиі қолданылады, ол дайын құрылыммен және етістіктер тізімімен қамтамасыз етеді. Етістіктерді дұрыс қолдану – оқыту нәтижелерін ойдағыдай жазып шығудың кілті. Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийідегеніміз- білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни берілген критерий бойынша тапсырманы қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым немесе тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Дескрипторда оқушыға жауап тұрмайды, жауапқа жеткізетін жол көрсетіледі. Егер дұрыс берілсе біз оқушыны табысқа жетелейміз. Тапсырманы орындауға да нұсқаулық түсінікті берілуі керек. Мектеп оқушыларының ішінде мұғалімнің берген тапсырмасын дұрыс орындай алмайтын оқушылар баршылық. Бұл жерде кінәні тек оқушыдан көрмеу қажет, себебі мұғалімдердің өздері тапсырмаға нұсқаулықты ұғынықты бермей жатады. Өмірде кез-келген тауарды алсаныз оны қалай қолдану керектігі туралы нұсқаулық беріледі. Теледидар, ноутбук, шаңсорғыш т.б. заттарды сатып аламызда нұсқаулығын қарап қолдана аламыз. Тамақ пысыруда да солай, әзірлеу жолы дұрыс көрсетілсе тамақты да пысырып шығады. Бұл жерден шығатыны тапсырмаға дескриптор дұрыс берілсе нәтиже болатындығы.
Кесте №1. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
|
Бөлім Тақырып |
5.2В Сақтар «Алтын адам» кім болды |
|
Оқу мақсаттары |
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну |
|
Бағалау критерийлері |
Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын атайды |
|
Тапсырмалар |
|
А) 1969 жылы археолог ________________ «________________» қорғанынан бірінші Алтын адамды тапты. Ә) Қазақстан аумағынан б.з.б 8 ғасырға жататын ШҚО-дағы ________________ обадан ________________ археолог үшінші алтын адамды тапты. Б) 1998-1999 жылы археолог ________________ жүргізген қазба жұмыстары кезіңде ________________ ашылды. 2. Орал аймағынан ұшырасқан ханшайымның аты (атауы) қалай? А. Томирис. Ә.Зарина. Б. Тақсай. В.Үржар ханшайымы. 3. Көне сақ мәдениетінің ғажайып туындысы «Үржар ханшайымы» табылған жер? А. Шығыс Қазақстан. Ә. Орал. Б.Атырау. В. Қарағанды. |
|
|
Бағалау критерийі
Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын атайды |
Дескриптор |
|
Қазақстандық 1-3 археологты атайды |
|
|
Археологтардың ашқан қорғандарын, обаларын жазады |
|
|
Орал аймағынан табылған алтын киімді ханшайымның атын көрсетеді |
|
|
«Үржар ханшайымы» табылған жерді анықтайды |
|
Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік бола отырып қалыптастырушы бағалауды сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады. Бағалау үздіксіз жүргізіледі, оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі. Сабақта мұғалім әрбір тапсырмадан кейін бағалауды, кері байланысты кіріктіріп отырса, Джон Хэтти зерттеулеріне сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екенін ескеріп үнемі кері байланыс жасалса оқыту нәтижелі болады. Оқушылар да құрбыларын бағалауда бір-біріне құнды кері байланыс ұсына алды және бір-бірінен үйренеді, бір-бірін қолдайды.