+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдануының маңыздылығы

Алдабергенова К.Б., «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын  №38 гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы 

      Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.
      Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

 

          Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану.
          Инновация дегеніміз, педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің  жаңа тұжырымдаларын, әдіс-тәсілдерін енгізу. Сабақты жоспарлағанда бір ғана мақсатқа бағыттап, сабақтың міндеті  ретінде оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын  жаңа технологияларды енгізу арқылы ғана  жүзеге асыруға болады. Оны меңгеру мұғалімнің  рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі.
          Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде иинновациялық технологияның бір түрі педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып, сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
       1. Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
          2. Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
          3. Берілген білімді пысықтау.
          4. Оқушының білімін тексеру, бақылау.
          5. Шығармашылық қабілетін арттыру.
          Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
          Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да,мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. Өйткеі бұл тапсырмалар әдетте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай ойлауын дамыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырады, ізденушілікке баулиды.
1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
          10-сынып. «Мағжан Жұмабаев» сабағы бойынша:
          І. Мағжанның  өмір жолы
          ІІ. Алгоритімдік саты. Шығармаларын талдау.
          ІІІ. Эвристикалық саты. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау.
          ІV. Шығармашылық сатысы. «Мен жастарға сенемін» (шығарма).

          Қазіргі кезде жаңа технологияның бірі визуалды компоненттер қолдану түрі. Бұл технологияның ерекшелігі оқушыны сурет бойынша сөйлету. Бұл технология оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.
Қазіргі кезде инновациялық технологияның бірі: ақпараттық технологияны қолдану болып саналады. Сабақта интерактивті тақтаға орындалатын жаттығулар да сауатты жазуға үйретеді.
Мысалы, 6 сыныпта «Досыма СМС жазамын» деген тақырыпта интерактивті тақта, слайдтар, А4, парағы, өзара бағалау парағы, желімқағаздар қолданылды.

          Сабақта сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, жұптық жұмыс, «Кім  жылдам» ойыны, сергіту жаттығулар жүргізілді.
Әр сабақта әртүрлі инновациялық технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылықтары артып келе жатқаны білінеді.

          Қазақ тілін меңгертуде айтылым, тілдесім, жазылым, сөйлесім әрекеттерін меңгерту өте маңызды. Ол оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптастырады, сөздік қорын молайту арқылы оқушыларды тілді меңгеруге жағдай жасайды. 
          Сонымен, әр тапсырмалар орындағанда инновациялық технологиялардың әртүрлі элементтерін қолдану арқылы оқушыларыма сабақ барысында тілге мотивация туғызу үшін өз бетімен, жұптық, топтық жұмыс істеуге дағдыландырамын, сын тұрғысынан ойлауға үйретемін, қазақ тілінде өз ойын жеткізуге ынталандырамын.

          Пайдаланылған әдебиеттер:
          1. «Инновация-технология» журналы. — №3, 4, 6.- 2006.
          2. «Ұлағат» журналы. — № 7.- 2007.
          3. Бақзыбекова Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру //  «Қазақ тілі» журналы. —  №4. — 2007. — 16 б.
          4. Қуанышбаева А. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану // «Әдістеме» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. — №2 — 2004. — 47 б.
          5. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype