Желілік қоғамдастық — бұл компьютерлік желілер көмегімен бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін және бірлесіп қызмет атқаратын адамдар тобы. Бұл отандық немесе алыс жақын шетелдердің оқытушыларымен байланыс жасап, пікір алмасып кәсіби біліктіліктерін жетілдіру тәрізді маңызды жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.
Желілік қауымдастықтың мақсаты:
- Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту;
- Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау;
- Кәсіби тақырыптарға қатысты формальды және формальді емес қарым-қатынастарды ұйымдастыру;
- Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу;
- Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Желілік қоғамдастықтың негізгі қағидалары:
- Ашықтық және сенімділік;
- Серіктестік және шеберлік;
- Қоғамдық белсенділікті дамыту;
- Қолдау және тең құқылы.
Желілік қоғамдастық педагогтарға жаңа мүмкіндіктер ашады:
- ашық ,тегін электрондық ресурстарды қолдану;
- өздігінен желілік оқу мазмұнын құру;
- ақпараттық тұжырымдамаларды, білім, біліктерді игеру;
- қоғамдастыққа қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылау.
Педагогтардың интернет желісіндегі кәсіби әрекетін шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады:
- Білім алушыға бағытталған, яғни олардың пәнге қызығушылықтарын арттыруға, ой-өрісін кеңейтіп шығармашылыққа баулу сияқты шараларды атқара алады.
- Педагогтарға бағытталған, біліктіліктерін арттыруға, пікірлесуге жағдай жасайды.
Желілік қоғамдастық іс –әрекеттің мына формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
- оқыту семинары;
- виртуальді конференция;
- сайыс;
- акция;
- шеберлік сабағы;
- жобалар фестивалі;
- телеконференция.
Педагогикалық интернет-қоғамдастықтар жұмысына қатыса отырып, оқытушылар мынадай мүмкіндікке ие болады:
- қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпаратқа қол жеткізеді;
- сарапшы, тренерлерден кәсіби кеңес пен көмек алады;
- кәсіби конкурстарға қатысады;
- әдістемелік қоржынға қол жеткізеді;
- өз материалдарын жариялай алады.
Қазіргі таңда ғаламторда педагогтарға арналған виртуалды қоғамдастықтардың бірқатары жұмыс жасайды. Солардың ішінде кең тараған ресейлік «Шығармашыл оқытушылардың желісі» деп аталатын сайт. Бұл сайт ерекшелігі — осы желілік қоғамдастыққа қатысушы оқытушылардың материалдары мен ресурстарын қарап шығып, қолдана аласыздар. Осы портал арқылы әріптестермен қарым қатынасқа түсуге болады. Порталдың басты ерекшелігінің бірі ашық қоғамдық кәсіби сараптама жүйесі ұйымдастырылған. Желілік жобаға қатысушы оқытушылар порталда жарияланған әдістемелік әзірлемелерге ашық сараптама жүргізе алады. Екінші үлкен атқаратын функцияларының бірі – қатысушылардың өз білімін жетілдіруіне қашықтан әдістемелік көмек көрсету. Порталда ұйымдастырылған кітапхананың материалдарымен танысып, олар туралы өз пікірлеріңізді білдіре аласыздар. Жарияланған әр түрлі сайыс пен жобаларға қатысып, куәліктер, дипломдар және сертификаттар алуға болады.
Ғаламторда педагогтар үшін мынадай әдістемелік көмектер бар:
http://www.openclass.ru/“Открытый класс” атты желілік қоғамдастық шеберлік сабақтар, қашықтан оқыту сияқты көптеген мүмкіндіктер береді.
http://pedsovet.org/Интернет-педкеңес – бұл ара қашықтыққа қарамастан, кәсіби деңгейді көтерудің тиімді жолдарының бірі
руwww.intergu.ru “Интернет — государство учителей” — креативті мұғалімдердің желілік қоғамдастығы.
http://metodisty.ru/“Методисты.ру”- педагогтердің кәсіби қоғамдастығы
Желілік қоғамдастық құру үшін не қажет?
Кәсіби желілік қоғамдастық құру үшін қоғамдастықтың жұмыс ережесі, мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі және жұмыс жүйесі болуы керек. Кәсіби желілік қоғамдастықтың негізін қалайтын үш факторды атап өтуге болады:
- Ортақ идея;
- Қарым қатынас жасау мүмкіндігі;
- Идеяны дамыту жағдайы.
Педагогтардың желілік қоғамдастығын құрудың негізгі мақсаты:
- бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
- тәжірибе алмасу;
- бір-біріне қолдау көрсету, ынтымақтастық;
- үздік педагогикалық тәжірибені тарату;
- кәсіби тақырыпта қарым-қатынасқа түсу;
- кәсіби деңгейді арттыру;
- жаңа білім беру бастамаларына қолдау көрсету.
Осындай мақсаттарды ұстанып, кәсіби бағыты бір колледждар арасында желілік қоғамдастық құруға болады.
Осылайша, желілік қоғамдастықтың бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде орнығуда. Дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен әлі де проблемалар бар. Бұл, ең алдымен, енжарлық, бірақ өз тәжірибесімен бөлісуге дайын емес оқытушылардың болуы. Олардың АКТ құзыреттілігі әлі де дамытуды қажет етеді, кейбіреуі интернеттің жағымсыз әсерін атайды.
Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу — бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа стандартты енгізетін кез келген оқытушының өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады.ХХІ ғасыр — жаңа технологиялар ғасыры. Оқытушылар осы жаңашылдықты таратушылар тізімінің ең басында тұруы тиіс. Олардың бірлескен жұмысы, жаңа ойлармен алмасуы оқыту мен оқу тәсілдерінің ықпалын күшейтеді, оқытушының кәсіби дамуын жетілдіреді. Ендеше, білім алушылардың мүддесі үшін оқытушылардың ортақ мақсат пен өзара бірлігі, білім мекемелерінің ынтымақтастықпен желілік қоғамдастыққа бірігуіне шақырамын.
Қолданылған әдебиеттер:
- Байжанов М. Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары. — Қызылорда, 2000.
- Драхлер А.Б. Сеть творческих учителей: Методическое пособие. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2008.
- Патаракин Е. Вклад сетевых сообществ в образование http://www.evarussia.ru/eva2001/russian/sod_116.html
- http://cpm.kz/
- http://pedsovet.org/Интернет-педкеңес
- http://www.openclass.ru/“Открытый класс”
- www.intergu.ru “Интернет — государство учителей”
- http://metodisty.ru/“Методисты.ру”