+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

 Ерсаинова Маржан Ерсаиновна, «№19 ҚББ МО» КММ-нің қазақ тілі мұғалімі,  Өскемен қаласы

       «Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет мен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет»  деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, мемлекетіміздің болашағы өскелең ұрпақ қолында. Біз ертеңгі ұрпақты қалай тәрбиелесек, келешекте соның  жемісін көреміз. Сондықтан әрбір мұғалім жеке тұлғаны тәрбилеуде құндылықтары, қажеттіліктері, мінез-құлықтарын ескере отырып, білім беруге көзделсе, ол оқушылардың кейбір қасиеттерін ашуға, кей-кезде дұрыс бағыт алуына жағдай туғызады.

        Пәнді оқыту кезінде, біріншіден оның оқыту міндеттеріне де басты назарда ұстадым. Яғни, оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту, оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту, қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту, ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру, оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу, оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру, оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

       Сабағымның  әрбір қадамын бақылау үшін (Екі жұлдыз, бір тілек), «Колбтың оқу циклы», «Сұхбаттасатын жұп», «Плюс», минус, керемет» стратегияларын оқушылар пайдаланып, осының барысында олардың  жұмысын түзету, түсіну дәрежесін анықтауға, кері байланыс алуға қолданамын, өйткені оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керектігін анықтау үшін қажет, сонымен қатар бұл білімді өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздедім.
       Сабақта әрбір сабақтан кейін формативті бағалауды кіріктіріп отырамын, ол оқушылардың бағалауда бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуына және бірі-біріне үйренуіне, бір-біріне қолдау табуына жол ашады. Қысқа мерзімді сабақ жоспарымды құру кезінде көбінесе оқушыларға өз білімін нәтижесін  көрсете алуына жағдай жасауға бағыттадым. Сабақта көшбасшы мұғалім емес, оқушылар екенін түсіндіру қажеттігі туындайды. Мұғалім тек қана бағыттаушы, ал оқушы білімін өз бетімен іздену арқылы табатынын білім алушы ретінде қарастыру. Сабақта балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін немесе қалай оқу керектігін үйрету үшін жасалатын әдіс-тәсілдерді қолданамын. Осыдан барып, оқушылар өздерінің оқу ісіне тікелей араласу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады деп ойлаймын. Сабақты сайыс түрінде өткізген кезде, олардың арасында қызғаныш емес серіктестік әрекетті қалыптастыру, сабақ үдерісіне барлық оқушыларды қатыстыру арқылы белсенді жұмыс жасата аламын деп ойлаймын.
       Сөйтіп, осында жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күнінен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.
       Сіздердің алдыңызға өзімнің қысқа мерзімді сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.

 Қысқа мерзімді сабақ жоспар

САБАҚ:  

Мектеп:  Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» ҚМК

Күні: 26.04.2016

Мұғалімнің есімі: Ерсаинова Маржан Ерсаиновна

Сынып: 7 «и»

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 12

Сабақтың тақырыбы

«Спорт  — денсаулық кепілі»

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (оқу мақсаттары)

Салауатты  өмір салты бойынша негізгі идеяны түсінеді және жіңішке сұрақтарға жауап береді

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бейнефильмдегі мәтінін түсінеді, мұғалімнің көмегімен   жеңіл сұрақтар құрай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:  бейнефильмдегі мәтінін түсінеді және сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: бейнефильмдегі негізгі идеяны түсінеді,  зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

Тілдің мақсат

Оқушылар істей алады: салауатты өмір салтын ұстану жолдарын туралы әңгімелей алады, осы тақырып бойынша тілдік дағдыларды  тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттерін жүзеге асыра алады. Тілдесімді сұрақ-жауап арқылы орындай алады.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері:
Салауатты өмір салты, шұғылдану, құрама, жарыс, жанкүйлер, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, қабілетті, зиянды әрекет, зор байлық, нәтижесі,  айналысу,  өркениет,  шымырлы, жаттығу. 

Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Кім? Қашан?  Қайда?
Білесің, ойлайсың 

Талқылауға арналған тармақтар:
Бірінші байлық — денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер ?
Дүниежүзілік денсаулық күнінің негізгі мақсаты қандай?
Сендер салауатты өмір салтын ұстану дегенді қалай түсінесіңдер?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

 

Алдыңғы оқу

 — Өткен лексикалық  және грамматикалық тақырыптарды қайталау
 «10 сұрақ» әдісі. Берілген сұрақтарға «Иә»  немесе «Жоқ» деп жауап береді
 — «Семантикалық кестені» толтырады. 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жосарланған жаттығулармен қатар, ескертпеларді жазыңыз)

Ресурстар

 Сабақтың басталуы

10 минут

 

Стартер

 

Сәлемдесу , кезекшімен  сұхбат
Ынтымақтастық оқу ортасын құру (Тілектер әлемі)
Топқа бөлу(спорт түрлеріне қарай бөліну, ауыр атлетика, жеңіл атлетика)
Топ басшысын тағайындау

Бәріміз біз топпыз,
Жалқаулыққа жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мұратымызға жетеміз.
Бір-бірімізгі тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз.
Аламыз білім жақсы ғып,
Тілеймін саған сәттілік. 

 

 

Сабақтың мақсаттарын бірлесіп қою.
-Мұғалім сабақтың мақсаттарымен таныстырады.
-Оқушылар «білу», «істей алу » мақсаттарын қояды.

 

Сабақтың ортасы

20 минут

Топпен жұмыс
1-тапсырма
1,2 — топ – Спорттың пайдасы, зияны
Вен диаграммасын толтыру 

Тыңдалым

 

 2-тапсырма
«Даналық ағашы» стратегиясы

«Спорт -денсаулық кепілі» атты шағынбейнеклиптен үзіінді  тамашалау.

Бейнефильм материалдары бойынша әр топ күрделі сұрақтар құрастырады. Кейін сұрақ араластырылып, әр топқа қайтарылады.

3-тапсырма «Қабырғадағы сөздер стратегиясы»  Бейнеклип  бойынша қабырғаларда жазылған сөздердің ішінен бейнефильмнің мазмұнына байланысты сөздерді теріп жазады. 

1-топ

2-топ

Салауатты өмір
Қоршаған орта
Шынығу
Есеп
Ұрпақ
Тауар
Жарыс
Азық-түлік

Денсаулық
Бақта
Келешек
Білім
Жаттығу
Мазмұндау
Жанкүйлер
Жайлау

4-тапсырма
Берілген сөздерден сөйлем құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың аяғы

10 минут

Өз ойларыңмен бөлісіңдер.
Бірінші байлық — денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер ?
Денсаулық күнінің негізгі мақсаты қандай?
Сендер салауатты өмір салтын ұстану туралы ойыңыз? 

Бағалау парағын толтыру

 

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

   

  

Қосымша ақпарат

Саралау –сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жосарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері  АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Қабілеті төмен оқушылармен ауыр тапсырма кезінде көпірше орнатып көмек беру.  

Кейбір оқушылар: Амина, Вероника, Виктория т.б.

« Даналық ағашы»  әдісінде (кейбірі)  берілген  бейнефильм бойынша түйінді ой қорытады, жіңішке сұрақтар құрастырады)

Берілген ақпарат-түсініктік жүйесінде еркін бағдар ала алып, оны сипаттай және түсіндіре алу критериялары бойбағалаймын

Дүниежүзі тарихы, география, орыс тілі.

 Мектептегі ішкі тәртіп ержелері мен оқушыларға арналған ережелерді сақтау.

 Белсенді оқыту әдісі, проблемалық оқыту.

 Топта және жұпта жұмыс істей алу арқылы ұжымшылдыққа, сыйластыққа, өз бетімен білім алуын дамыту.

Салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Рефлексия
Сабақ міндеттері орындалды ма? Білім алушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Уақыт есебінен ауытқулар болды ма?
Жоспарға қандай өзгертулер енгізілді?

 

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуда да, оқуды да ескеріңіз) ? –тыңдалымдағы  өз бетімен  берілген тапсырмада  таныс емес сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну үшін сөздіктер  қолданады.
—  Жіңішке сұрақтарды құрай  алды, сұрақтарға еркін жауап береді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype