|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау; |
||
|
Оқушылардың басым бөлігі:магниттердің қасиетін зерттеу; |
|||
|
|||
|
Ресурстар: |
жолақты магниттер (әр оқушыға); металдан жасалған түрлі заттар (темір бұранда, бұрандалы шеге, кішкене темір шарлар, шегелер, қағаз қыстырғыштар, өшіргіштер, қарындаштар және т.б.); Интернет-ресурстар: магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q |
||
|
Күтілетін нәтижелер: |
Оқушылар: |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.5 минут |
«Оң зарядтар мен теріс зарядтар». Аттас зарядттар бір-бірін тебеді, әр аттас бір-бірін тартады.Топқа бөліну: түстер арқылы |
Шаттық шеңбері |
|
|
Cабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
||
|
Магнит туралы мультфильм. Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі.
Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады. Электромагнит — өзінен электр тогын өткізгенде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.
Магниттер. Оқушылардың назарын суретке аударып, сұраңыз: Тартыла ма әлде жоқ па? Эвриканың суретіне назар аудартыңыз. Магниттік қасиеттер. Суретке тағы да қараңыз.Оқушылардан магнитке тартылған заттарды атауды сұраңыз. Қорытынды жасатыңыз. Осы заттардың барлығына ортақ не бар? Оқушылар ол заттар металдан жасалған немесе металл бөлшектері бар деген қорытындыға келе алады. Магниттердің кей бір заттарды ғана тарта алатынын айтып беріңіз. Магниттің осы қасиетін қалай атауға болатынын сұраңыз. (Магниттік қасиеттер.) Суреттерге сәйкес қандай заттар осы қасиетке ие?
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Зерттейік. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.Мүмкіндігінше әр топта қабілеттері әртүрлі оқушылар болсын. Бір топ магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табу тапсырмасын орындай алады. Келесі топ су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төңкермей алуға бола ма, соны зерттейді. Үшінші топ магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма, соны тексереді. Төртінші топ магниттің қасиетін шынының сыртынан тексереді.
1-топ Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. 2-топ Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішін дегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.
3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтай шаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.
4-топ.Тәжірибе жасау үшін бұл топқа пластма табақша,қағаз қыстырғыштар қажет. пластма табақшаның бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқу шылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексе реді. Тәжірибе барысында оқушылар: “Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. Содан кейін әр топтағы оқушылар зерттеу үдерісінің орындалуы туралы айтып береді. Оқушылар “магниттің күші қағаздан, пластиктен, шыныдан, ағаштан, судан және басқа да көптеген материалдардан өтеді” деген қорытынды жасай алады.
Cергіту сәті Сен білесің бе? Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсетуге болады. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айтып беріңіз.
|
||
|
Пәнаралық байланыс |
Қосымша тапсырмалар |
||
|
Математика. Жасалған материалына қарай заттарды салыстыру.
|
Оқушыларға тұсбағар (компас) жасауды тапсы рыңыз. Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит қажет. Алдымен инені магниттің көмегімен “магнит теп” алу керек. Содан соң табақшаға суық су құйып, оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне инені қойыңыз. Сүлгі суға батып кетеді, ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып, ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәтижені тұсбағар көмегімен тексеруге болады. |
||
|
Бағалау
|
Оқушылар магниттердің қасиеттерін біледі. Сиқырлы магнит. Кестені толтыр. Оқушыларға түрлі заттардың атаулары жазылған парақшаларды таратыңыз. Олардың арасында металдан жасалған және металл емес заттар болуы керек. Оқушылар берілген заттардың ішінен қайсысы магниттік қасиеттерге ие, ал қайсысында ондай қасиет жоқ екенін анықтаулары қажет. Бағалау» Баспалдақ» әдісі арқылы |
||
|
Рефлексия «Бес саусақ»тәсілі. |
|||
|
Қорытынды бағамдау |
|||