Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, мәдениетімен тығыз байланыста қарау ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады. Тіл – табиғаттың қыр-сырына терең, жан-жақты үңілу – ғалым Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алады.
Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, туған халқын оқуға, өнер-білімге шақырды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш «Әліппесін», «Тіл құралын», «Әдебиет танытқышын» сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы. Ол- ең алдымен қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер.
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орыны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынұлының да орыны сондай. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы, турколог, дарынды ақын – аудармашы, белгілі қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасының негізделген қазақ жазуының реформаторы болған. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 жылдан 1928 жылға дейін пайдаланылды. Ұлтшыл, халық жауы деген жала жабылып, сталиндік режимнің құрбаны болды. Ахмет Байтұрсынұлы қайта құрудың арқасында ақталды.
Қай ғылымның болсын өзінің даму жолдары бар, оны дамытуда ерекше қызмет атқарған белгілі тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ғалым – тілшінің сапалы оқытудың кілті – іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрлі әдістерге сүйеніп отыру керек. Бұл көзқарастар қазіргі уақытта қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне жедел үйретудің тиімді жолы деп санауға болады.
Тілшінің пікірі бойынша, жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Бұл әділетті тұжырым. Оны бүгінгі өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол ұлтының тәуелсіздікке қол жеткізуі жолында аянбай күресті. Елінің ертеңіне сенімділікпен қарады. Кейінгі ұрпаққа сөз қалдыруды мақсат тұтты. Ахмет Байтұрсынұлының тарихи орнын ардақтай білуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарын жазып, білім беруді жолға қоя білген шын мәніндегі алғашқы ағартушы. Араб графикасына негізделген қазақ алфавитін жасап, оқыту әдістемесін түбегейлі түрде жетілдірген ұлттың ұлы ұстазы. Елбасының қазіргі таңда қойып отырған тапсырмасы латын графикасына көшу, бұл бірден – бір Ахмет Байтұрсыновтың жасаған әліппесінің негізінде деуге де болады.
Еліміздегі мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі, оны оқытудың, меңгертудің тиімді жолдары, бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Бүгінгі күннің талабы – қазақ тілі пәнінің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіру, оқу үрдісінің өмірмен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Олай болса, осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде – өз тәжірибемнен бөлісейін.
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»,-деген екен Қытайдың ойшылы Конфуций.
Ахмет Байтұрсынов: «Бала білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті – баланы белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру».
Оқушының ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсаттарында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыға бағыт – бағдар беремін. Жұмыс істеу барысында топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыруда оқулықтағы жаттығулар арқылы теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге дағдылындырамын. Талдау жұмыстарын жүргізгенде әр тапсырманың тиянақты орындалуын қадағалаймын. Шығармашылық жұмыстар оқушыны логикалық ойлауға, ізденуге жетелейді. Өз ісінің нәтижесін көруге көмек жасайды. Оқушылардың осындай жұмыстарын назарларыңызға ұсынайын.
Оқушыларға алдын – ала берілген тапсырмалар:
1.Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
2.Ахмет Байтұрсынұлының мұражайы
3.Ахмет Байтұрсынұлы туралы ойлар
4.Ахмет Байтұрсынұлы ақын
5.Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау. Оның мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын тиянақты игеруіне, қолдана білуге үйрету.
Палкин Александр. 9а сынып оқушысы
|
1. |
Менің ойымша Ахмет Байтұрсынұлы ірі талант иесі |
|
2. |
Себебі мен оны қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы деп түсіндіремін |
|
3. |
Осыған байланысты мен Ахмет Байтұрсынұлы атақты ұлы ұстаз деген шешімге келдім. |
|
4. |
Қорытынды. Ахмет Байтұрсынұлы өз заманының зияткері. |
Тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі,қабылданған ақпаратты пайдаланып отырып орындайды.
«Синквейн» әдісі бойынша Жуков Иванның жұмысы
|
Кім? |
Ахмет |
|
Қандай? |
Әйгілі, ұлы |
|
Не істеді? |
Жазды, ашты |
|
Сөйлем |
Ахмет Байтұрсынұлы әйгілі адам. |
«Синквейн» әдісі бойынша Тетерина Ангелинаның жұмысы
|
Кім? |
Ахмет |
|
Қандай? |
Белгілі, ұлтшыл |
|
Не істеді? |
Зерттеді, жазды |
|
Сөйлем |
Ахмет Байтұрсынұлы оқулықтар жазды. |
Филатов Максимның жұмысы
|
Мен сабақта … жұмыс жасадым |
Белсенді/белсенділігім төмен |
Сабақта белсенді жұмыс жасадым |
|
Мен сабақ барысындағы жұмыссыммен … |
Қанағаттанамын/ қанағатсыздықтамын |
Қанағаттанамын
|
|
Сабақ менің ойымша … |
Қызықты / қызықсыз |
Қызықты болды. Ахмет Байтұрсынұлы туралы көп мәлімет алдым |
|
Менің көңіл – күйім .. |
Жоғары/ төмен |
Көңіл-күйім жақсы |
|
Тапсырмалар |
Түсінікті/түсініксіз |
Тапсырмалар қиын болды, бірақ та түсінікті және де қажетті болды |
|
Қорытынды |
|
Жетістіктеріме ризамын |
|
Не білгің келеді? |
|
Ахмет Байтұрсынұлының жазған оқулықтар туралы толық білгім келеді |
|
Сабақ соңында қандай сезімде болдың? |
|
Өзіме сенімдімін |
Кері байланыс «Шырақ болып жанайық!»
|
1. |
Менің түсінгенім … |
Ахмет Байтұрсынұлы дарынды ақын, ірі ғалым. |
|
2. |
Менің үйренгенім … |
|
|
3. |
Менің ұсыныстарым … |
|
|
4. |
Кемшіліктер … |
|
|
|
Менің ұраным: Шырақ болып жанайық, жылуымызды шашайық! |
|
Логашов Кириллдың жұмысы
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
|
Не білдім? |
Не ұнады? |
Сабақтан алған әсерім |
|
1.Ахмет Байтұрсынұлы туралы толық мәлімет алдым. Оның мұражайы туралы білдім. |
1.Мұражайдағы күміс таяқшасы ұнады |
Жақсы. Тапсырмаларды орындай алдым. |
Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер. Сабақтан алған білімдерін Де Бононың алты қалпағы бойынша қорытындылайды.
«Алты қалпақ» стратегиясы
Қалпақтардың қызметі:
1.Ақ қалпақ – Ақпарат айтады
2.Сары қалпақ – Сәтті кезең туралы айтады
3.Қара қалпақ – Сәтсіздік туралы айтады
4.Жасыл қалпақ – Болжамдайды
5.Қызыл қалпақ — Не ұнағаны туралы айтады
6.Көк қалпақ – Қазіргі таңдағы қажеттілік. Қорытынды жасайды
Щеблыкин Даниланың жұмысы
|
№ |
Оқушының аты – жөні: |
Щеблыкин Данила. |
|
1. |
Ақ қалпақ |
Ахмет Байтұрсынов белгілі ағартушы – ұстаз, көрнекті ғылым қайраткері. |
|
2. |
Сары қалпақ |
Ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. |
|
3. |
Қара қалпақ |
Сталиндік режимнің құрбаны болды |
|
4. |
Жасыл қалпақ |
Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді. |
|
5. |
Қызыл қалпақ |
Ол ерекше тұлға. |
|
6. |
Көк қалпақ |
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы ұстаз. |
Дескрипторлар
|
Деңгей |
Бағалау критерийлер |
Ұпай , баға |
|
Төмен |
Мұражайдағы экспонаттар жайында айтады, оны басқаларға таныстыра алады. 1-2 сұрақ құрайды. |
2 – 4 ұпай «3» |
|
Орта |
Тақырып аясында 5 – 6 сөйлем құрап айта алады, үлгілер бойынша сұрақ-жауап құрайды. Мұражай қызметін сипаттайды. |
5 – 7 ұпай «4» |
|
Жоғары |
Сыныптастарымен мұражай жайында тілдесе алады, өз бетімен мәтін құрайды, сұхбаттаса алады. |
8 – 10 ұпай «5» |
Оқушыларды бағалау
|
дескрипторлар |
жетті |
талпынды |
Қорытындыға жетті |
талпынды |
|
Топ мүшелері белсенділікпен жұмыс жасады |
|
|
|
|
|
Ақпаратты толық пайдаланды |
|
|
|
|
|
Берілген тапсырманы шығармашылықпен орындады |
|
|
|
|
|
Сыни пікір айта білді |
|
|
|
|
|
Өз ойларын айтып, бүгінгі өмірмен байланыстырды |
|
|
|
|
|
Уақытты тиімді пайдаланды |
|
|
|
|
Бағалау (жалпы жұмысты бағалау)
|
Дескрипторлар |
|
|
Өзіне қажетті ақпаратты анықтай алды |
|
|
Тапсырмаларды дұрыс орындады |
|
|
Қорытынды шығарып, өмірмен байланыстырды |
|
|
Уақытты тиімді пайдаланды |
|
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының өзі айтқан: «Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық іс» деген сөзімен аяқтаймын. Сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше демекпін.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
2. Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» №1, 2015ж.
3.Республикалық ғылыми – әдістемелік және педагогикалық журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті» қазақ, орыс сыныптарында №1, 2013ж.