+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту

 Жетписова Раушан Анашбековна, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің химия, биология пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

        Өткенде бір семинарға қатысы отырып, білім мазмұның жаңарту бойынша ата-аналардың қазіргі критериалдық бағалауға, сындарлы оқытуға деген әр түрлі пікірлері бар екенін айта келе, әріптесім мұғаліммен қатар ата-анада өзгеруі қажеттігін басты проблема етіп алған екен. Дұрыс айтады, білім мазмұнындағы жаңашылдықты қабылдау үшін ата-аналар жиналысында да критериалдық бағалау, спиральды оқу қағидаты, бағалау жайлы түсіндіруіміз керек. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын да әрбір сабақта оқушылар бойына сіңдіру де өзекті. Ол үшін «Мәңгілік Ел» құндылықтарына тәрбиелеуді отбасынан бастау керек. Менің тәжірибе барысында түсінгенім жаңартылған білім мазмұнында саралау тәсіліне ерекше мән беруде, ал оны биология, химия сабақтарында қолдану үшін лицей сыныптарында шығармашылық тапсырмаларды қолдануды жөн көрдім. Мысалы, тапсырма арқылы саралауда күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырма арқылы саралауға болады. Ең соңғы деңгейге көбіне шығармашылық тапсырма беруге болады.

 

    1-деңгей: Вирус қандай міндетті бөліктерден құралды?
    2-деңгей: Вирустар неліктен ағзалардың соңынан ашылған?
    3-деңгей: Сіз қалай ойлайсыз, тұрақты немесе шетінегіш вирустардың қайсысы қауіптірек? Бұл жерде сұрақтарда сараланып берілген.

    Елбасымыз Жаңа Жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті —  білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.   Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

    Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек: өзіндік пікірлерін дәлелдеу; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;  өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы; танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау. Мысалы, графикалық органайзерлер арқылы оқушылардың өз ойларын қағаз бетіне түсірулерін дамытуға болады. «Венн» диаграммасы, фишбоун, «Т» кестесі, «SWOT» талдау, «РАФТ» тәсілдерін қолдануда ойлаудың жоғарғы деңгейлері жүзеге асады. Жаңартылған білім мазмұнында оқу мақсаттары бойынша ойлау дағдысының деңгейін анықтау барысында сабақта қолданатын тәсілдерде анықталады. Қазіргі бір проблемалардың бірі мұғалімдер мақсаттағы етістікке мән бермей әдіс-тәсілдер қолдануда. Бұл оқушы шығармашылығын дамытуға кедергі.

     Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

    Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

    Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми — ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры.  Әрбір мұғалім өз сабақтарының қызықты, тартымды, есте қаларлықтай болғанын қалайды. Ғалымдардың зерттеулері оқыту барысында балалар өзара талқылау жасап, алған білімді өз тәжірибесімен ұштастырып және өз білгенін өзгеге үйреткенде ғана бұл деңгейден асуға болатынын көрсетіп отыр.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype