+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Кроссенс тәсілін тарих сабағында пайдалану

Мухтарбеков Нурлыбек Адилбекулы, «Қ.Билялов атындағы гимназия» КММ-нің  тарих және география пәнінің мұғалімі, Ақжар ауылы, Тарбағатай ауданы

         «Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса»,
«жұмыс істейтін материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп,
өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» оқудың
анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс». 
Ж. Аймауытұлы

         Әр ұстаз өз сабақтарын оқушылар үшін қызықты, қайталанбайтын, жаңа технологиялар элементтерін кіріктіріп өткізгісі келеді. Ол бүгінгі күн талабы, күнде өзгеріп жатқан әлемде дәстүрлі сабақ түрлері қатардан шығып бара жатқаны белгілі.
         Менің ойымша жаңа технологиялар элементтерін тарих сабақтарының әр кезеңінде пайдаланып отыру, оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытатын, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу арналған жаттығулар тақырыпты меңгеруде жоғарғы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
         Осындай әдістердің біріне жоғары сыныптарда қолдануға болатын «Кроссенс» әдісін атар едім.

         «Кроссенс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «мағынаның қиылысуы» деп аударылады. Сөзжұмбаққа (Кроссвордқа) ұқсас тәсілдің бірі.
         Алғаш рет бұл тәсіл туралы Ресейде 2002 жылы жазушы Сергей Федин мен математик Владимир Бусленко «Ғылым және өмір» («Наука и жизнь») журналына шығарған болатын. Кроссенс суретпен бейнеленген ассоциациялардың тізбегінен тұрады.  Барлығы 9 ұяшық, әр ұяшықтағы сурет келесі ұяшықтағы суретпен байланысты болады.
         Ал ортадағы сурет – негізгі, ол бірнеше суреттерді байланыстырып тұрады. Солдан оңға, немесе жоғарыдан төмен де оқуға болады.

         Кроссенсті шешу жолдары:

 

         Кроссенспен қалай жұмыс жүргізуге болады?
        
* Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде.
        * Қызығушылықты ояту үшін.
        * Жаңа тақырыпты өткен кезеңде.
        * Сабақты бекіту кезеңінде.
        * Сабаққа рефлексия жасау үшін.
        * Үйге орындауға берілген тапсырма ретінде.
        * Мұғалім мен оқушы арысында байланыс орнату үшін.
        * Оқушыға өздік жұмыс ретінде.
        Дайын кроссенстерді сабақтарда әр оқушыға жеке жұмыс ретінде беруге болады.
         Оқушыға өзіндік жұмыс кезінде:
         Қағаздан жасалған хатқалтаға алдын ала дайындалған кроссенстерді 8 бөлікке бөліп жеке-жеке қиып саламыз. Оқушыға тапсырма ретінде әр кроссенсті мағынасына қарай ретімен қойып, ортаға негізгі тақырыпты, ойды идеяны немесе тұлғаны жазу ұсынылады.

         Кроссенс қалай жасалады?
        —  Негізгі тақырып, түйінді идея  таңдалынады.
        — Тақырыпқа байланысты 9 ұяшыққа тарихи  бейне алынады.
        — Әр бейнемен байланысты табу керек.
        — Таңдалған бейнелердің, бір-бірімен байланысын анықтап алу.
        — Негізгі ой кроссенстің бір бөлігіне жинақталады. (9-шы  немесе 5 ші ұяшықтарға).

         Таңдалған бейнелерді негізгі ойды ашатындай кроссенске суреттерді таңдап орналастыру.
         Кроссенсті оңай құру үшін әр ұяшыққа  таңдалған негізгі ойды ашатын сөздер мен сөз тіркестерін таңдап жазып қойған дұрыс, содан кейін ол сөздердің мағынасын ашатындай суреттермен алмастырамыз.
         Әр жұмыста қызығы мен қиындығы қатар жүретіндей кроссенс құрудың да екі жағы бар.
         Жағымды жағы:
        — Ауқымды тақырыптарды бейнелі түрде танысып шығуға мүмкіндік береді.
        — Оқушының  танымдық қабілетін жетілдіреді.
        — Сыни ойлауға жетелейді.
        — Оқушылар қызығушылық танытады.
         Кроссенс құруда келесі қиындықтар туындауы мүмкін:
        
— Ұзақ әрі ауқымды дайындық жұмыстарын қажет етеді.
        — Білім алушылардың оқу материалдарын жетік меңгеру үшін қосымша ақпараттар білуін талап етеді.
        — Кроссенс құруға ұзақ уақыт кетеді.

         Өз тәжірибемде көрсеткендей тарих сабақтарында жайлы орта қалыптастырса  мұғалім мен оқушы арасында орнайтын әріптестіктен, оқушының  өзіндік оқу, өзіндік даму, зерттеушілік, танымдық қабілеттері жетіліп сапалы білім алуға қадамдар жасағанын көрдім.
         Қорытындылай келе оқушылар құрастырған «кроссенстерді» әр сабақта пайдаланып, жасаған оқушыларға қолдау жасап отырсақ жұмысқа деген ынтасы артады.  Оқушылардың жасаған жұмыстарын басқа сыныптарда пайдаланып жүргенімізді көргенде жұмысы да еленіп ескеріліп жатқанын көріп шығармашылығы да артады. Қазіргі уақыттағы жаңа білім беру әдістері мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастыққа негізделіп мұғалімнің міндеті оқушыға тек үйрету ғана емес өзі жасауға және әрқашан шығармашылық ізденіске жетелеуінде екені мәлім.
        

        Пайдалынылған әдебиеттер:     

  1. «Кроссенс как средство развития логического и творческого мышления обучающихся»
  2. Гаврилова Т.Б. Статья «Использование метода «кроссенс» на уроках истории»
  3. Тарих пәнінің мұғалімі Вагу М.В. сайты.
  4. Кроссенс как современное средство обучения на уроках истории и обществознания. Псков қаласы.  Дурникова Е.В
  5.    1. http://www.myshared.ru/slide/765510
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype