+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Алтын күз. Септік жалғаулар (6-сынып)

Алдабергенова К.Б., қазақ тілі пәні мұғалімі, 
Киселева Н.Е., орыс тілі мұғалімі, 
Будкеева С.В., ағылшын тілі мұғалімі
«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын  №38 гимназиясы» КММ, Өскемен қаласы 

Пән мұғалімі:

Алдабергенова К.Б., Киселева Н.Е.,   Будкеева С.В.

 

Күні:

 

 

Пәні:
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі

Сыныбы: 6 б

Сабақтың тақырыбы:

Грамматикасы:

Алтын  күз.

Септік жалғаулар.

Жалпы мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша мәлімет алуына, тақырып төңірегінде өз ойларын, пікірлерін жеткізе білуіне,  алтын күз туралы мәлімет алуына жағдай туғызу.
Дамытушылық: Тілдік қатынас арқылы сөйлеу әрекетін дамыту, еркін, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Қоршағанортаны қорғауға, табиғатты сүюге.

 

Мұғалімдерүшін оқу нәтижелері:

Оқушылар жан-жақты ойланып, ізденеді. Мәтін мазмұнын түсініп, сұрақ қоя алады. Өз ойларын еркін жеткізе алуға, өзіндік қорытынды жасауға  дағдыланып, білімдерін өмірмен ұштастыра алады.                                                                                                                      

Сабақтатуындаған

негізгіидеялар

 

Тақырып көлемінде лексикалық бірліктермен танысады, өз ойын баяндауға тырысады, берілген тірек сөздерді қолдана алады. Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды жақсы игеріп, ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 Сабақтың түрі:

Сұрақ-жауап, грамматикалық  жұмыс,  топпен жұмыс,тілдесім, жазылым, айтылым, сөйлесім, тыңдалым, т.б.

Қорытынды сабақ. Урок -обобщение.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру  әрекеті:

— Қайырлы  күн, құметті қонақтар, әріптестер, балалар.
— Здравствуйте, дорогие ребята, уважаемые гости.
— Бүгінгі сабағымызға қонақтар келді. Осы сабақта үш тілде: қазақ тілінде,орыс тілінде, ағылшын тілінде  әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы,білім деңгейлерін көрсете аласыңдар ,сондықтан  бұл сабақ кіріктірілген сабақ деп аталады.

Сынып  2 топқа бөлінді.
1 топ.»Күзгі жапырақтар». 2 топ.»Листопад»
Психологиялық  бейімдеу.

Сонымен, балалар, көңіл-күйіміз қандай? (смайлик)
Жақсы, көңіл-күйіміз тамаша.
Көңіл- күйіміз тамаша. Бір- бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Рақмет. Бір-бірлеріңе  жақсы тілектер айттыңдар. Жарайсыңдар.

II. Әрекет.  Тілдесім.

Бізге қонақ  келді. Ол қандай қонақ екен?
На фоне музыки   с чтением  отрывки  из стихотворения «Күз» входит Күз.

Сұр бұлт, түсі суық , қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

— Сәлеметсіздер ме? ( үш тілде).
—  Бұл  оқылған бір шумақ  өлеңнің аты қалай?
— Күз.
— Бұл» Күз» өлеңінің авторы кім?
— Қазақ халқының ұлы ақыны  Абай Құнанбаев.
Сонда, мен кіммін?                                                                                   

-Күзсіз.
-Мен қандай күзбін?
— Сіз алтын күзсіз.
— Мені неге алтын күз деп атайды?
Алтын сары, сіздің жапырақтарыңыз сары алтындай.
Қамбадағы дәніміз де сары алтындай. Сондықтан, Сізді алтын күз дейді.
-Ал, енді, балалар, күз туралы кім өлең шумағын айтады? (екі тілде)
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын                                                                                                 
Жер мен көк жалтыраған сап сары алтын.
Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.

Жақсы, балалар. Сонымен, сабағымыздың  тақырыбы  қандай?
Алтын  күз. Септік жалғаулар. Дәптерімізге жазамыз.

Сабақтың  мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Бүгін сабақта тақырып бойынша алған білімімізді көрсетеміз.
Әр түрлі тапсырмалар арқылы біз үш тілде оқимыз, жазамыз, әңгіме құрастырамыз.

— Жақсы. Балалар, күз айлары қандай?
— Қазір күздің қай айы?
— Қараша күздің нешінші айы?
 Осы күздің үш айының ауа-райына  байланысты   әңгіме құрастырамыз.

III кезең. Презентация суреттері бойынша әңгіме құрастыру және оны үш тілде атау.
Қыркүйек  айы.  Алтын  күз келді. Көлде  үйрек, қаздар жүзіп  жүр.  Ауа-райы жылы. Аспан ашық, көгілдір.Көлдің жағасында  қалың  орман. Орман  ағаштарының  да жапырақтары.  алтындай сап-сары. Құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр.

Қазан айы. Осы айда  ауа райы салқындайды.  Аспан бұлтты болады. Жаңбыр жиі жауады. Ағаштардың   сары,жасыл, қоңыр жапырақтар жерге түседі.

Күздің соңғы  айы – қараша айы.  Қараша айында  күн суытады, қар жауады. Ағаштардың басы, жер қармен жабылады.

Қорытынды жасау.
IY әрекет. Жазылым.
Тапсырма.  Топпен жұмыс.

«Күзгі жапырақтар» тобына тапсырма.

Септік жалғауларын анықтап, кестеге жазу.

Біздің мектебімізде «Алтын күз» іс – шарасы өткізілді. Әр сыныптаноқушылар сайысқа қатысты, өнерлерін көрсетті. Мектеп оқушылары сән үлгілерін көрсетті және  көгөністерден, жеміс – жидектерден тағам дайындау сайысы болды.

Ілік септік

Жатыс  септік

Табыс  септік

Шығыс  септік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

»Листопад» тобына тапсырма.

Определить склонение существительных. 

1-ое   склонение

2-ое склонение

3-ье склонение

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар. Мәтінді жақсы оқып, аудардыңдар, септік жалғауларды анықтадыңдар.
Хорошо. Правильно определили склонение существительных.

 Бағалау.

Енді, интерактивті тақтаға қарап, ағылшын тілінде білімдеріңді көрсетіңдер.
Y әрекет: Интерактивті тақта. (Ағылшын тілінде).
Жарайсыңдар. Ағылшын тілінде өз ойларыңды жеткізе білдіңдер. Енді аздап демалып алайық.
YI  әрекет. Сергіту сәті.  «Көңілді күй».

YII әрекет.«Бәйге ойыны»

YIII әрекет. Қорытынды жасау. 

Итог  урока в виде  творческого задания «Листопад» тобына тапсырма.

Составить  кластер с использованием эпитетов   по стихотворению И. Бунина «Лес, точно терем расписной».

«Күзгі жапырақтар» тобына тапсырма.
Күздің кереметі тақырыбына кластер құрастыру.

IX әрекет. Үй тапсырмасы. Написать сочинение на тему «Осень в моем городе».
X әрекет. Рефлексия.
Стикер арқылы сабақты не білгенін,не білгісі келетінін тақтаға жабыстыру.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype