+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер

Уркунчинова Назгуль Маркленовна, «№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Уақыты:

Өткізген:               
Уркунчинова Н.М қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі

Қазақ тілі

Сынып:6-А

Сабақ тақырыбы:

Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер

Жалпы мақсат:

Сан есімнің түрлері жайлы  түсініктерін толықтыру, есептік және реттік сан есімдерді  ажырата білуге, өзіндік ерекшеліктерін меңгертуге жол сілтеу. Ойлау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,  шығармашылық ізденіске, ұлттық өнегені бойына сіңіруге жетелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі  оқыту әдістемесі 

 

Оқу нәтижесі:

Оқушылар сан есімнің түрлері жайлы  түсініктері толығады. есептік және реттік сан есімдерді  ажырата алады. Ойлау қабілеттері,сабаққа деген қызығушылықтары  артады, сөйлеу тілдері  жетіледі, ұлттық өнеге жайлы білімдері толығады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, компьютер, презентация, А-3 қағаздар,маркерлер, бейнетаспа,  жұлдызшалар, Жұлдызды бала макеті

Оқыту әдістері:

7 модульді ықпалдастыру

Сабақ  барысындағы  мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сәлемдесу, түгендеу. Кіріспе сөз айту. Оқушыларды 3 топта топтастырылған.         Топ ережесін есте сақтауларын ескерту.

«Көшбасшылар», «Дарындылар», «Білімділер»

Топтарға   өз ұстанымдарын сан есім кездесетін  мақал-мәтел арқылы  айтқызу.

Сабақ барысы жайлы түсінік беру. Бүгінгі сабақта  «Білім шыңына» шығатын «Жұлдызды баланы» анықтау. Топ басшыларын өздері сайлайды. Бағалау отыру үшін бағалау парағын беру. Бағалау критериилері:

  1.  Үй тапсырмасы  толық дұрыс орындалса
  2. Сұрақтарға толық дұрыс жауап айтса
  3. Өздік жұмысты толық дұрыс орындаса
  4. Сабақта белсенділік танытса

Топтар «Көшбасшылар», «Дарындылар», «Білімділер»

 

 Әр топ сан есімге байланысты мақал-мәтелдер арқылы өздерінің ұстанымдарын айтады. 

   1.Білекті бірді, білімді мыңды жығады.                  2.Жүз  сомың болғанша, жүз досың болсын.  3. Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені.  

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Топ басшыларына келесі топтың балаларының үй тапсырмасын тексереді.

Шағын шығарма «Біздің сынып»  жазу, дара және күрделі сан есімдерді қатыстыру. Әр топтан бір баладан сұрау.  Әр дұрыс жауапқа және топтың жұмысына жұлдызша беріп отыру.

 

 

Топ басшылары басқа топтағылардың жұмыстарын тексереді.

Қызығушы-
лықты ояту

Жаңа тақырып 

 

 

 

 

 

 

 

   Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сан есімдер жайлы кызықты мәліметтер (бейнебаян) көрсету,ойларын білу. Жаңа тақырыпты өздері анықтайды.

 Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есімдер Оқулықтан оқып шығып, А-3 қағазына сөздерді қайталамай, жаңа тақырыптың басты 2 ерекшеліктерін жазу керек.  Мұғалім тексеріп қорытынды  жасайды.

  1.А )Оқулықтағы   жаттығу  орындайды. Есептік сан есімдерді,  реттік сан есімдерге айналдырып жазады.

  Ә) Топ басшыларына жеке тапсырмалар беру 1.  Берілген  әртүрлі мәтінді оқиды, сан есімдерді есте сақтап, дәл табады. 2 (есептік және реттік ) сан есімге математикалық фонетикалық талдау жасау. Бірінші дұрыс орындаған оқушының жұмысы бағаланады, Яғни оған 2 жұлдызша беріледі, калғандарына 1 жұлдызша беріледі.

         Жұмбақтар:

1)Қос қазық,екі желі,сегіз ноқта,
   Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)

 2)Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,

  Жүреді он екі аяқ  қадам басып.
  Әр бірінде отыздан бармағы бар,
  Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай)

 3)Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

   Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)

 4)Таңертең төрт аяқты,

   Түсте екі аяқты.
   Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)

 5)Он көзі бар өзінде,

   Он саны бар көзінде.
   Көзіне саусақ саласың,
   Жырақтан хабар аласың. (телефон)

6) Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (Түйеқұс ұшпайды)

7) Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (Бір)

 2. Қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есімнің  де алатын орны ерекше  сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 3,7,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.

1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

3. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)

4. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)

5. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)

6. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)  

7. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)

Мысалы,біз 5-сыныпта Шешендік сөздер бөліміндегі «Қазыбектің тапқырлығын» білеміз, Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қазыбек би келеді.Сонда Бұқар:- 1-ден 10-ға дейінгі санның мағынасын ешкім айтып бере алмады,сен айтшы,-дейді.Сонда Қазыбек айтып береді.

   Енді бәріміз де өзімізге арнап санамақ айтайық:  топта орындайды.

                    Бір дегенім –білім алу.
                    Екі дегенім-елін сүю.
                    Үш дегенім-үлгілі болу.
                    Төрт дегенім-төзімді болу.
                    Бес дегенім- бірлікте болу.
                    Алты дегенім- ақылды болу.
                    Жеті дегенім- жетістікке жету.
                    Сегіз дегенім- сезіне білу.
                    Тоғыз дегенім-толғану.
                    Он дегенім-осының бәрін ойға алу.

 — Олай болса, балалар, осындай қасиеттерді ойға алып қазақ деген қасиетті елдің бір перзенті болуы үшін Қазыбектей,Төле бидей, Әйтекедей тұлғалары бар халықтың ізін жалғастырушы «Біз кімбіз?» деген сұрақ туындайды.

                                     Біз кімбіз?

      Кеше                           Бүгін                          Ертең

3-4 жасар                       6-сынып                     ХХІ ғасырдың

біз балдырған               оқушысы                    болашақ

баламыз                        білім қуған                көшбасшымыз

                                      өренбіз

Сабақты бекіту

Рефлексия

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.

 

Үйге тапсырмасы

  «Киелі сан есімдердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі»  жайлы ойтолғау жазу. ( есептік және реттік сан есімдерді қатыстыру)

Үй тапсырмасын  түртіп алу.

Бағалау  

Жұлдызшалар арқылы жұлдызды баланы, жеңімпаз топты  анықтау.Ал бағалау парағы арқылы оқушылар бағасы айтылады. Мұғалім қорытынды бағаны айтады.

Топ басшысының   бағалауы

Кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін білдіреді

Жұлдызшаларға жазады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype