Зерттеудің мақсаты: Пән бойынша өз беттерімен жұмыс істеу біліктіліктерін жетілдіре отырып, құзыреттілік негізіне қол жеткізу.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыру міндеттері:
1.Теориялық міндеттер:
а) Оқушының жеке бас ерекшеліктерін, психология-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып өз бетімен жұмыс істеу іскерліктерін дамыту әдіс-тәсілдерін нақты анықтау. Ол үшін новатор педагоктардың әдістемелері мен ғылыми еңбектеріне сүйене отырып осы әдіс-тәсілдердің оптималды екендігін дәлелдеу.
б) Өз бетімен жұмыс істеу іскерліктері аркылы сыни ойлауын, құзыреттілігін дамыту үшін арнайы әдіс-тәсілдердің жоспарын (модель) құру
2.Практикалық міндеттер:
а) Жаңа методикалар мен технологияларды қолдана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерліктері аркылы сыни ойлауын, құзыреттілігін жетілдіріп дамытатын арнайы құрастырылған сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістерін айқындау.
б) Оқу үрдісіне модификацияланған сабақтарды енгізіп, апробация жасау.
в) Зерттеу және статистикалық өңдеу әдісін қолдана отырып зерттеу тақырыбының маңызын, зерттеу жұмыстарының нәтижесін анықтау.
Зерттеу нысаны: бастауыш буын оқушылары.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерлігі аркылы сыни ойлауын, кұзыреттілігін дамыту мақсатында мұғалімнің жүргізетін іс-әрекеті және арнайы модификацияланған сабақтардағы оқушының іс-әрекеті. Оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы қарым-қатынасы.
Зерттеу пәні: Сабақ үрдісі барысындағы оқушы.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру үшін арнайы модификацияланған сабақтар жүргізілетін сыныптарының оқу үрдісі.
Зерттеу болжамы
Оқушыларға пән бойынша жүйелі әртүрлі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде қалай оқу керектігін үйрете отырып жүйелі жан-жақты терең білім берілсе, пәнге қызығушылықтары артып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталанады, ізденуге өз жұмысының нәтижесін көруге асығады, құзыреттілігі қалыптасады.
Зерттеу әдістері:
— Бақылау жүргізу, жинақтау, байқаудан өткізу, талдау, салыстыру, дәлелдеу (тест нәтижелерін, бақылау нәтижелерін) әдістерін қолданамын. Зерттеу барысында статистикалық өңдеу әдісі де қолданылады.
— Ғылыми әдебиет таңдау әдісін қолданамын (мазмұнын талдау,жинақтау).
– Эксперимент әдісі (модельді апробациялау).
– Сауал-сұрақ әдісі (анкета алу) арқылы пәнге қызығушылығын, қандай іскерліктерінің дамығанын арнайы сұрақтарға жауаптар арқылы анықтау.
Өзекті тақырыппен жұмыс кезеңдері:
Іздену кезеңі– 2016-2017 оқу жылы.
– Теорияны оқып үйрену, семинарларға, ашық сабақтарға қатысу, әртүрлі қажетті материалдар жинақтау.
Эксперименттік кезең – 2017-2018 оқу жылы.
– Аралық нәтижелерді бақылау, салыстыру, қорытындысын шығару. Оқушы шығармашылығын арттыратындай мәселелермен жұмыс.
Қорытындылау кезеңі – 2018-2019 оқу жылы.
– Оқушылардың шығармашылық есептерін тыңдау, мақалалар жазу, тәжірибе тарату, педагогикалық жинақтар жасау.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстардың түрлері:
І. Іздену кезеңі – 2016-2017 оқу жылы.
- Интерактивті технологияны оқып үйрену,
- Озық технологияларды оқып үйрену (БжС)
- Интерактивті тақтаны қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру,
- Білім беру жүйесінің түпкілікті құзіреттіліктері туралы материалдарды оқып үйрену,
- Оқушыларға педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, даму картасын жасау,
- Өзекті тақырыптың теориялық бөлімі бойынша кафедра және мектеп ішілік семинарларға қатысу.
ІІ. Эксперименттік кезең – 2017-2018 оқу жылдары.
Кесте 1.
Эксперименттік кезең
№ |
Тақырыбы |
Түрі |
Өтетін орны |
Мерзімі |
1 |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстармен айналысуына көмек беру, қорытындылау |
Реферат, ғылыми жоба |
Мектепте, қалада, облыста |
Жыл бойында |
2 |
Озық технологияларды оқып үйрену |
Ашық сабақ |
Мектепте, қалада, облыста |
Жыл бойында |
ІІІ. Қорытындылау кезеңі – 2018-2019 оқу жылдары.
Кесте 2.
Қорытындылау кезеңі
1 |
Озық технологиялар негізінде құрылған сабақтар арқылы өз бетімен жұмыс істету негізінде оқушы құзіреттілігін арттыру |
әдістемелік құрал, мақала |
2018 оқу жылы |
2 |
Оқушылардың ғылыми жобасын қорғауына басшылық жасау |
Реферат, ғылыми жоба |
2018-2019 оқу жылы |
Білім беру сапасын басқарудың бірегей білім беру технологиясының авторы – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Сапа және білім» Қоғамдық қорының президенті, Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қорының кеңесшісі Вассерман Федор Яковлевич болып табылады. 2016 жылдың қарашасында Ф.Я. Вассерман мектеп педагогтарымен уйретуші семинар өткізді, семинар барысында мұғалімдер білім беру сапасын басқару технологиясын енгізудің қадамдарын меңгерді.
Ұстаздардың шығармашылық қабілетін ояту, дамыту, жас мамандарды шығармашылық әрекетке баулу үшін мектептерде шығармашылық топтар құрудың тәрбиелік мәні зор. Біздің мектеп жаңа технологияға байланысты жаңашыл мұғалімдерден құрылған шығармашалық топ жұмыс істейді.
Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Автордың жасаған қорытындысы бойынша оқыту сапасын басқару — оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Сонда ғана сапаның нақты көрсеткіштері көрінеді. Өлшем нормаларының бірі – тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні тәжірибеде дәлелденіп отыр. Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар құрылымын да ұсынған.
Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады. № 27 мектепте осы технология бойынша бастауыш сынып мұғалімдері бірнеше ашық сабақтар бердік.
«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
– Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
–Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді.
Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі.[1]
«БжС» білім беру технологиясының ерекшелігі: мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады. Мұғалім – пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы. Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек. Аталған технологияның өлшеуіштер жүйесінің бірі «қиындықты есептеу формуласы».[1]
Биоинформатика және синергетика технологиясымен танысып, саралай келе төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:
— нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;
— оқыту формасының белсенділігі;
— жекелей, даралап оқытуды қамтамасыз етеді;
— деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады;
— түзету, коррекция және рефлексия жұмыстарын сабақтың әрбір кезеңінде іске асыруға болады;
— зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сол арқылы оқушыларда пәннің мазмұнын білумен қатар белсенділік, жауапкершілік, бастамашылдық сияқты құнды тұлғалық қасиеттер қалыптасады, яғни субъект ретінде дамиды.
Сабақтарда байқалғаны:
— оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды;
— дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді;
— өзара қарым-қатынас қалыптасады;
— жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;
— бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;
— машықтандыру жаттығулары жасалады;
— оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;
— сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;
— сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.
Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор. Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады. Есеп шығарудың саны да, тапсырмалар көлемі де 3 есе артты. Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жылдамдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.
Менің № 27 мектепте жұмыс істеу барысындағы 2016-2017 оқу жылынан бастап білім көрсеткіштерін салыстырғанда өсу деңгейін байқауға болады.
Кесте 3.
2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарындағы математика пәні бойынша білім сапа көрсеткіштері
Жыл |
«5» сапа |
білім сапасы |
үлгерімі |
2016-2017 жж |
42% |
95% |
100% |
2017-2018 жж, I жартыжылдық |
46% |
96% |
100% |
Қорыта келе, «Биоақпараттандыру және синергетика» арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады.
— Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтытуына кепілдік алады.
— Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады.
— Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.
— Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Вассерман Ф.Я. «Биоинформатика және синергетика» жалпы білім беру мектебінде сапаны басқару технологиясы\\ Алматы «Білім беру технопаркі»\\ 2016 [1].