+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Анам және Мен (Ашық тәрбие сағаты)

Утеева Салтанат Мухаметкаримовна, «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі», Катонқарағай ауданы

Мақсаты: Жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу.
Көрнекілігі: «Анам және Мен» слайд, флипчарттар, гүлдер
1-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сутің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

 2-жүргізуші:

Ержеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың,
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме анашым  

1-жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

2-жүргізуші: Қош, келдіңіздер!  Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса  бүгінгі бастауыш сыныптарда болғалы отырған «Анам және Мен» — атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық бишілерді, -дей отырып, 2-сынып бишілерін ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып,  – дей отырып, сайысты бағалайтын әділқазылармен таныс болыңыздар:

1-жүргізуші:Енді сайысқа қатысушы анасы мен қыздарын ортаға шақырайық.

1-сынып оқушысы Инабат, анасы – Фарида апай
2-сынып оқушысы Балнұр, анасы – Сәуле апай
3 сынып оқушысы Аяулым, анасы – Алмагүл апай
4-сынып оқушысы Аружан, анасы – Армана апай

 2-жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып

1-жүргізуші:
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

  1. Тегін білген тектілік. Таныстыру.  (анасы мен қызы өздерін таныстырады)
  2. Өнерліге өріс кең. (өз өнерлерін көрсетеді)
  3.  «Он саусағың майысып, шебер болар ма екенсің?» қолөнер сайысы.  (анасы мен қызы қазақтың оюын ояды)
  4. «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» сайысы  (салт-дәстүрге байланысты көрініс)
  5. Дәм думан. (анасы дайындап әкелген қазақтың ұлттық тағамын таныстыру)
  6. Қазақтың ұлттық киімінен сән үлгісі. 

2-жүргізуші:
Келе жатқан мәңгілік дара салтым.
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме өң беріп жарасатын, — дегендей бірінші сайысымыз «Тегін білген тектілік»  таныстыруды бастаймыз.

1-жүргізуші:
Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші депте биші деп те айталық.
Талаптары таудай екен бүгінгі
Өнерлеріңді паш етіңдер, байқалық – дей отырып сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

2-жүргізуші: Бұл бөлімнің бағасын беру үшін әділқазыларға сөз береміз.

1-жүргізуші:
 Халқым әркез мән берген қолөнерге,
Тәнті болып, сүйсінген хас шеберге.
Қолдан келген өнерді аямағын,
Көрсет қане, барыңды бұл бөлімде – дей келе, «Он саусағың майысып, шебер болар ма  екенсің?»  атты қолөнер сайысын тамашалайық.

2-жүргізуші: Біздің сайыскерлердің жұмысы дайын болғанша 3-сынып оқушыларының «Қос бәйтерек» атты әнін қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші:
Қазылар алқасына сөз.
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында
Түседі бәсекеге салт-дәстүрден бұл көріністер, – деп сайысымыздың үшінші бөлімізді бастайық.

2-жүргізуші:
Бұл мереке мәресіне таянған,
Көрсетіңдер бар өнерді аналар,
Бұл бөлімде барынша енді аянба – деп «Ас мәзірі» бөліміне берейік. Анасы дайындап әкелген ұлттық тағам түрін  таныстырып өтеді.

1-жүргізуші: Қазақ биі 

2-жүргізуші:
Үкілі камшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашы, төгіліп жерге,
Күмістей шашбау, жарасып белге – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, келесі кезекте сән үлгісіне береміз.

1-жүргізуші: Қазылар алқасына сөз берейік.

2-жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен сайысымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,  – дей отырып, бүгінгі «Анам және Мен» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype