+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ақпараттық біліктілік пен ақпараттық мәдениетті дамыту үшін экономикалық пәндер оқытушысының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті

Еримбетова Аманкуль Налжигитовна, «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің экономикалық  пәндердің оқытушысы, Өскемен қаласы

     Заманауи оқытушы – бұл үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, кәсіби, жалпы мәдени мінсіздікке талпынатын тұлға, алға қойылған міндеттерді орындау үшін оқытудың барынша тиімді тәсілдерін, технологияларын тандай алатын, кәсіби біліктілігі өте жоғары деңгейде болатын тұлға. Оқытушының педагогикалық шеберлігі оның кәсіпқойлығында көрініс табады.
   Оқыту кәсіпқойлығы – бұл жалпы және кәсіби білімнің жоғары деңгейі, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды пайдалану, мамандану деңгейі, оқудың мақсат пен міндеттерін білім беру үрдісінде жүзеге асыру. Оқытушы өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп, өз бетінше білім алумен шұғылдануы қажет, сондай-ақ оның қызығушылықтары да жан-жақты болуы тиіс. Әсіресе, мұғалімнің өз бетімен білім алу мәселесі ақпараттық қоғам аясында аса өзекті, себебі мұнда ақпаратқа қол жеткізу және онымен жұмыс істей білу маңызды рөл атқарады. Ақпараттық қоғам –  білім қоғамын білдіреді, ал мұндағы басты рөлді ақпараттың білімге өзгеру үрдісі алады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесі мұғалімдерден үздіксіз түрде білімнің жетілдірілуін талап етеді. 

 

    Оқытушының педагогикалық шеберлігі – бұл психологиялық-педагогикалық ойлаудың, кәсіби-педагогикалық білім мен дағдының, эмоционалды-жігерлі құралдардың синтезі. Ал осының барлығы тұлға қабілеттерімен өзара байланысып оқытушыға білім беру мен тәрбиеге қатысты міндеттерді табысты атқаруға көмектеседі.
     Білім берудің қазіргі даму деңгейінде оқыту үрдісінде пайдаланылатын түрлі әдіс-тәсілдер мен технологиялар бар. Аталған технологиялар мен әдіснамаларды білу, оларды өз жұмысында пайдалану – бұл оқытушының ғылым өкілі ретіндегі заманауи, прогрессивті мамандану көрсеткіші. Қазіргі заманғы педагог өзінің студенттеріне білімді толық көлемде жеткізу үшін уақыт ағымынан қалыспай, заманауи технологияларды пайдаланып, өз бетімен білім алуы қажет. Сонымен қатар сабақ кезінде студентке көбірек бостандық беру арқылы, оның тұлғасын дамытуы және түрлі ақпарат пен технологияларға толы осы әлемде өз бетімен өмір сүруге болашақ маманды дайындауы керек.
    Білімді түрлі тәсілдермен алуға болады. Бүгінгі таңда бізге мамандануды жетілдіруге арналған қызметтердің кең спектрі ұсынылады. Сондықтан мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамытуына септігін тигізетін ең тиімді тәсіл – бұл өз бетімен білім алу. Үздіксіз өз бетінше білім алу – бұл уақыт ағымынан қалыс қалмауға мүмкіндік беретін, қазіргі адамдар өмірінің анықтаушы активі. Оқытушының кәсіби деңгейінің жоғарылауы білім ордасында қажетті жағдайлар жасалған кезде ғана мүмкін бола алады. Ол үшін әрбір оқытушыға оның кәсіби қажеттіліктеріне қарай әдістемелік бөлмеде де, ғаламторда да ғылыми-педагогикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін жағдай жасау қажет. Алдыңғы қатарлы педагогтар әрекетінің тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік жасау, педагогикалық ұжымда ізденіс пен шығармашылық атмосферасын қалыптастыру керек.
     Оқытушының өз бетімен білім алуының негізгі критерийлері келесідей: кәсіби педагогикалық әрекеттердің тиімділігі (білім беру үрдісінің сапасының жоғарылауы), оның шығармашылық дамуы, білім беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
    Педагогтың өздігінен дамуын басқаруға болады және басқару қажет, себебі кәсіби біліктілік деңгейі бұл оқытушының жеке мәселесі емес. Кәсіби түрде өз бетінше даму – мамандық талаптарына сай өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған және білім беру сапасының жоғарылауын көздейтін саналы әрекет. А.С.Макаренко айтқандай, оқушылар мұғалімнің қаталдығын да, кеберсушілігін де, қазымырлығын да кешіреді, бірақ оның өз ісін білмеуін кешіре алмайды. Олар көбінесе педагогтың бойындағы білімді, дағдыны, өнерді, көпсөзділіктің болмауын, жұмыс істеуге деген дайындықты, жүйелі ойларды, тәрбиелеу үрдісіне қатысты білім мен тәрбиелеу дағдысын бағалайды. «Тәжірибемнің нәтижесінде мәселені дағды мен мамандануға негізделген шеберлік шешетінін түсіндім» (А. С. Макаренко).
    Бүгінгі таңда кез келген оқытушыда білім беру үрдісінде түрлі ақпараттық-байланыс технология құралдарын пайдаланудың көптеген мүмкіндіктері бар. Соның ішіне мәлімет қорлары, Ғаламтордан алынған ақпарат, көптеген электронды оқу әдіснамалары, сөздіктер мен анықтамалықтар, презентациялар, білімді бақылауды автоматтандыратын бағдарламалар енеді. Сонымен қатар оқытушы студенттерге білім беріп, оларды тәрбиелеп, дамытып қана қоймай, жаңа ақпараттық-байланыс технологияларының енуімен өз бетінше білім алуға, кәсіби және шығармашылық жағынан дамуға жақсы стимул ала алады.
    Ақпараттық-байланыс технологияларын пайдаланып, оларды болашақ мамандарды дайындаудағы білім беру үрдісіне енгізу арқылы арнайы пәндер оқытушысы өз кәсіби шеберігін жетілдіре отырып, білім сапасын, мамандарды дайындау деңгейін жоғарылатады. Сондай-ақ аталған болашақ мамандардың келешекте жаңа ақпараттық қоғамда өз қабілеттерін жүзеге асыруға тиісті болатындарын ескерген жөн.
    Оқытушы мен білім алушының шығармашылық қабілетінде шек жоқ. Тек оларды білім беруде алға қойған мақсаттарды орындауға дұрыс бағыттау қажет. Осындай мақсаттардың бірі — жоғары білікті маманды дайындау.
    Оқытушы үнемі аудиториясының көз алдында болады, ол білім алушылар үшін беделді тұлға, көп жағдайда оның әрекеті көпшілік үшін үлгі болып табылады. Сондықтан студенттерге әсер ете алу үшін, оқытушыға көп еңбектену қажет. Нағыз педагог өз ісіне адал болады, өз білімін студенттерге жоғары деңгейде жеткізуге,  олардың бойларына ғылыми көзқарасты дарытуға, өз мамандығына, білім ордасына, Отанына, мемлекеттік және ұлттық идеалдарға деген махаббатты тәрбиелеуге талпынады. Мұнымен қоймай ол әрбір білім алушыға өз ықыласы мен мейірімін білдіреді.
    Педагогикалық мәдениеттің негізінде жалпы адами мәдениет жатыр. Оның негізгі көрсеткіштері келесідей болады: адамның өмірге деген көзқарасы, оның білім деңгейі, еңбекке деген қарым-қатынасы, жалпы тәрбиесі, қызығушылық аясы, күнделікті өзін-өзі ұстау ережелері.
     Жоғары мәдениетке ие оқытушының бойында реттілік, әрекеттерге толықтай сараптама жасау, қамқорлығындағы адамдардың орнына өзін ойша қоя білу және оларға қол ұшын беру, әрбір оқушыға сену сияқты қасиеттер болады. Егер мұғалім өзінің айналасында дұрыс микроклиматты қалыптастырып, өзге адамдар үшін тартылыс орталығы болса, онда ол әрбір білім алушының сезімін, көңіл-күйін басқара алады.
   Оқытушының педагогикалық мәдениеті түрлі ақыл-ой және тәжірибелік әрекеттерін синтездейді. Соның ішінде дүниетанымдық, адамгершілік, кәсіби, зияткерлік, эмоционалды, эстетикалық және физикалық жақтарды атап айтуға болады. Педагогикалық еңбектің әлеуметтік маңыздылығын түсіну оқытушыны өз білімін арттырып, кәсіби деңгейін жоғарылатуға итермелейді.
     Оқытушы тұлғасының маңызды қырының бірі — педагогикалық такт, ол «талап қоюшылық деңгейін білуді, талап қоюдың тәсілін дұрыс тандауды, оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жүргізу жүйесінде, педагогикалық әрекет үрдісінде пайда болатын түрлі маңызды психологиялық мәселелерді шешуде ерекше сақтық танытуды» білдіреді. Ф.Н.Гоноболин педагогикалық тактті оқытушының оқушылармен дұрыс қарым-қатынасты сақтай білу, сақтық, түсіністік, ізеттілік таныту, олармен жұмыс істегенде қажетті ырғақты таба білу, білім алушыларға ойға қонымды талаптар қою, балалардың бойындағы адамгершілік қасиетті құрметтеу ретінде анықтайды. Педагогикалық такт – бұл оқытушы мен оқушылардың арасындағы рухани жақындық пен сенімділіктің  пайда болу негізі болып табылады. Әсіресе, бұл педагогтың бақылау-бағалау әрекетінде айқын көрініс табады. Өз кезегінде мұнда ерекше ілтипаттылық пен әділеттілік өте маңызды.
    Педагогикалық шығармашылық пен кәсіби шеберлікті жетілдіру мәселесін оқытушыға кешенді түрде, өз бетімен дамудың шығармашылық үрдісінде шешу қажет. Кез келген оқытушы шығармашыл педагог бола алады, алайда оған «талпыныс, айқын мақсат, өжеттілік пен еңбексүйгіштік, өз бетінше білім алу, тұлғаның жалпы мәдениетін дамыту бойынша үздіксіз жұмыс» керек. 
    Үнемі жүргізілетін шығармашылық, кәсіби-жекелей өзін-өзі тәрбиелеу оқытушыға педагогикалық шеберлікті шыңдап, педагогикалық еңбектің шебері атану үшін өз бойында қажетті қабілет пен дағдыны дамытуға, ақпараттық біліктілік пен ақпараттық мәдениетті дамыту үшін өзінің жеке шығармашылық зертханасын құруға көмектеседі.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype