+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мнемотехника — логопедтік жұмысының құралы

Жумагалиева Каламкас Жолжановна, ШҚО ББ «№6 арнайы мектеп—интернаты» КММ

Тәрбие — баланың дүниеге келген кезеңінен басталады. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беріп, ертеңгі еліміздің жан-жақты ұрпағы етіп тәрбиелеу барлық ұстаздың міндеті. Егеменді алған еліміз енді аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда балалар өзінің елін, тілін, туған халқын, салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп өсіру үшін балаға алдымен өз ана тілінде таза, айқын сөйлеуге үйрету керек.

Балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:

  • Балаларды ана тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.
  • Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге баулу.
  • Сөзді дыбысталу жағынан дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.
  • Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес, сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.

Жаңа сөздерді көпке дейін есте сақтауға үйретуде төмендегідей жұмыстар жүргізілуі керек, сонда балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып, байланыстыра сөйлеуі қалыптасады, құлшынысы жоғарылайды:

  • жаңа сөздер жайлы мағлұмат беру;
  • дыбыстарды, сөздерді анық айтуын көрсету;
  • сол сөздерді қолданып, сурет, тірек-сызба арқылы әңгімелету;
  • затты көріп, бақылау, салыстыру;
  • карточкалармен жұмыс жасау.

Логопед көздеген мақсаттарға жету үшін мынадай талаптарға сүйенуі керек:

  • сабақ кезінде шешілетін мәселелерді, оқу міндеттерін,мақсатты анық қоя білуді;
  • тірек карточкалар арқылы сөйлем құрастыруды үйретуді;
  • шығарманы мәнерлеп жатқа айтып, есте қалу үшін сызбалар қолдануды;
  • шығармадағы әрбір дыбысты дұрыс айтып, сөз тіркестерін анықтап түсіндіруді.

Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып, рухани дүниесін ашуына себеп болады. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – балабақша болып табылады. Халқымыз әрқашанда ұстаздың мәртебесін көтеріп, аса жоғары бағалап отырған.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіріп, жаңа технологияларды меңгеріп, жалпы бүлдіршіндердің дамуын қамтамасыз ету керек. Логопедтің міндеті — іздену, жаңа технологияларды қолданып, әрбір сабақты қызықты өткізу. Ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін түрлендіріп қолдану үшін ұстаздың шеберлігі қажет.

Технология — білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс тәсілдер жүйесі. Ол «шеберлік, іскерлік» деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқытудың көздейтін мақсаты – әдеби ғылыми негізде балаларға дүние туралы түсінік беру технологиясын пайдалану балалардың жалпы дамуын, шығармашылығын дамытады. Логопед бір бағытты ұстануы керек. Балалардың тіл дамытуға деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу белсенділігін дамыту, өтілетін тақырыпқа байланысты өз бетінше мазмұндауға үйрету. Баланың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, күнделікті өмірде тығыз байланыстыру, баланың тілінің таза, көру, есту, тыңдау, қайталау, жаттау қабілеттері жетілу үшін – мнемотехниканы қолданған дұрыс.

Мнемотехника — бұл әдіс-тәсілдер жүйесі, дыбыстарды қалай шығару, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту. Кез келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден ауырға қарай болады. Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн. Содан кейін мнемоалаша.

Т.В. Большева — коллаж, Л.И. Ефименко — ертегі құру сызбасын құрған. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету. Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Баланың тіліне жеңіл, шағын шығарма балалардың тілін дамытады, байланыстыра сөйлеу тілін арттырады. Әңгімені түсініп алуға, көпке дейін есте сақтауға көмектеседі. Ойын толық жеткізуге, ауызекі сөйлеуге үйренеді. Жаңа тенде алдымен ұстаз көркем шығармада сөздерге талдау жасап алады. Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес, шығармашылығы да дамиды. Әңгіме құруға үйренеді, әңгімені ретімен әңгімелеуге, лексика-грамматикалық әңгімелеуге үйренеді. Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес, көру анализаторы да дамиды. Ересек, даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды, бірліктерін орналастыру, әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет. Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану, ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру. Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтағы адамдардың немесе кейіпкерлердің сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді.

Мнемотехника, мнемоника — бұл әр түрлі әдіс-тәсілдер жүйесі. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауын жеңілдету. Сурет графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар тақпақты, мақал-мәтелді жатқа айтады, мәтінді әңгімелеп береді. Әрбір белгіде бір мазмұн бар. Әр тақпақ жолында оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекеттері белгілі бір символдармен бейнеленеді. Ертегі желісін ойдан шығаруға болады.

Мысалы: «Жанұя» ойынында тақтада жануарлар бейнесі тұр. Ал, балалардың алдында да сол бейнелер бар, бірақ, керісінше жатыр. Балаларға тапсырма беріледі. Пиктограммаға сүйене отырып, логопед көрсеткен сөзді ашу. Осы сияқты пиктограммаларды сабақтарда да қолдануға болады. 5-6 жастағы балалар қиялдағанды ұнатады, өздері ертегілер мен әңгімелерді құруда сауатты түрде құру үшін не істеуі керек? Балаларда әңгіме құруда оның құрылымы жайлы түсініктер пайда болады. Мысалы: басталуы, соңы, ортасы. Олар өз тілінде сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдана бастайды. Әңгіме құруда бірнеше кестелерді қолдануға болады.

«Мен кіммін?», «Немен?», «Орны мен уақыты», «Не болды?», «Кім кездесті?», «Соңы» деген бөлімдерден тұрады. Әрі қарай бала өзі үстел үстінде суреттерді ретімен қояды. Суреттер әңгімелеу жоспарында мазмұнды дұрыс беруге көмектеседі.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Полянская Т. Б. «Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста», 2009.

2. Большева Т. В. «Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники», 2001.

3. Чохонелидзе Н. «Учим стихи по картинкам», 2006.

4. Белоусова С. «Развитие лексики и грамматического строя речи у дошкольников», 2005.

5. Белоусова Л. Е. «Весёлые встречи», 2003.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype