Карипбаева Лаура Төлегенқызы, «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі, Семей қаласы
Үштілділік — бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Өз тәжірибемде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор екендігін байқадым. Сабақта ағылшын терминологиясын енгізу, бейнебаяндар көрсету, тапсырмаларды жартылай ағылшын тілінде орындату үшін түрлі ойындар қолданамын. Әсіресе quizlet, Kahoot ойындары арқылы сабақты бекіту сұрақтарын, терминдерді жаттатыруға көп көмек берді. Bilimland.kz сайты жақсы көмекші құрал оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Ағылшын тілінде сабақ беру әдістерін талдау барысында CLIL әдісіне тоқтадым, себебі біздің пәндерге жақын әдіс.
CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді, бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді. Сөздікпен жұмыс, сызба-нұсқалар құрастыру, топтастыру, сәйкестендіру, семантикалық карта, мәтін аудару әдістерді сабақ барысында қолданамын барлық тапсырмалар биологияның терминдерін ағылшын тілінде жазу, жаттау, сәйкестігін табу, шағын мәтіндерді аудару болып табылады. Бекіту тесті 5-10 сұрақтан құралған.
Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді».
STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату [1].
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы [2].
Дегенмен, қазіргі уақытта SТЕМ бағытының негізгі субъектілерін зерттеуге заманауи козқарас басқаша корінеді, яғни заманауи ақпараттық қоғам, математика, физика, химия, биология жэне инжиниринг (программалық қамтамасыз ету, молекулярлық-генетикалық инженерия, инженерлік техника жэне т.б.) бойынша қол жетімді жэне ықтимал ғылыми зерттеулермен интеграциялауды қамтитын омірге неғүрлым бейімделген оқытудың жаңа формасының пайда болуына ықпал етті. Сонымен қатар, ол технологиялық сауаттылығын үштастыра математика, ғылыми жэне инженерлік тәжірибені, интеграциялық шешімдерді табу күрделі процесінде окілдік проблемалары мен перспективалары терең түсінуге ықпал етеді деп күтілуде. SТЕМ білім беру, бүл — білім беру саласында «Жаратылыстану», «Математика және информатика», робототехника бойынша элективті пәндер өзгермелілігін субъектілерінің терең зерттеуді білдіреді, графикалық дизайн жэне басқа да оқушылардың XXI-ші ғасырда табысқа мен бәсекеге қабілеттіліктің қажет негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сонымен, жаратылыстану ғылымдары мен математиканы зерттеу технологиялық және инжинирингтік дағдыларды бір уақытта меңгеру арқылы қазіргі заманғы проблемаларға инновациялық шешімдерді ашады.
Инженерлік жобалау барысында оқушылар проблемаларды анықтап, оларды дамытады, сынайды және оларды шешу жолдарын табады. SТЕМ білім беру оқушыларды жаратылыстану-математикалық және инженерлік- технологиялық бағыттағы негізгі пәндер бойынша білім алуға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға жэне ғылым мен техникада кәсіпке деген ұмтылысты дамытуға бағытталады.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда, орта білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың ғылыми-зерттеу жэне жобалық қызметіне жағдай жасау, жаратылыстану, физика-математика және техникалық ғылымдарды оқып-үйрену, ғылыми-техникалық шығармашылықты жүзеге асыру, тақырыптық рекреациялық жэне желілік жоба өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық есептік ойпау қабілетін қалыптастыруға, ғылыми-зерттеу бастамаларына, инженерлік және технологиялық перспективаларына өздерінің ынталандыруларын көрсетуге ықпал ету.
Шығармашылық тапсырмаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына 8-10 сынып оқушылары арасында модельдеу жұмысын жүргізу өте тиімді. Себебі, биологияны математика, технология, информатика пәндерімен байланыстыра отырып, оқушылардың графикалық дизаин, технологиялық сауаттылық дағдаларын қалыптастыра алады. Моделдеу әдісі арқылы оқушылар бойында мұғаліммен, сыныптастарымен арасында ынтымақтастық орнататындығын , жеке, жұппен және топта жұмыс істеу арқылы ортақ шешім тауып, өз пікірін тұжырымдап дәлелдейді және қорғайды. Бұл модельдер сабақтың әр түрлі кезеңінде қолданылады. Тапсырмамен таныстырған кезде, білім мен біліктерін бекіту кезеңінде, үй жұмысы және шығармашылық тапсырма орындау кезінде пәнді оқуға уәжін арттыру құралы ретінде пайдалану тиімді.
Модельдеу әдісі дегеніміз — ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың моделдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі
Модельдеу әдісінің тиімділігі
- Теорияны терең меңгеру, танымдық қабілеттерін арттыру
- Баланың ынтасын аттыру
- Модель құру процесін, ойынды еске түсіру
- Шығармашылық дағдысын дамыту, фантазиясын іске асыру
- Ғылыми еңбек дағдысын арттыру, оқушының табысқа жетуіне қолайлы жағдай жасау
- Топтағы жұмыста еркін қарым – қатынасты жүзеге асыру
- Есте сақтау түрлерін жүзеге асыру
- Қол моторикасын дамыту
- Көрнекілік ретінде пайдалану
Осы орайда моделдеу әдісін қолданған бір сабақты ұсынамын.
Сынып: 9
Тақырыбы: «Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері».
Оқу жаттығуы
Оқушылар жануар және өсімдік жасушаларын зерттеп, «Жасуша» тақырыбы бойынша модель жасайды. Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының модельін құрастырады. Келесі органоидтарды сипаттайды: ядро, цитоплазма, жасуша мембранасы, жасуша қабықшасы, вакуоль, хлоропласт және митохондрия.
Дескриптор
- Жасушалардың негізгі компоненттерін біледі, жасуша органоидтарын анықтау үшін білімдерін қолданады.
- Оқулықтағы ақпаратты қолданып, жасуша компоненттерін олардың қызметтерімен байланыстыруға арналған кестені пайдаланады.
- Модельде әрбір компоненттерінің (немесе органоид) атауын атайды.
Оқу жаттығуын орындауға қажетті ресурстар: фетр қағазы, пенопласт, степлер, картон қағаз, пластилин.
Оқу жаттығуына түсініктеме:
- Жасушалар компонентін айыра алады;
- Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысындағы ұқсастықтардың сипаттайды;
- Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысындағы айырмашылықтарды сипаттайды;
- Өсімдік жасушасындағы органоидты ажыратады;
- Жануар жасушасындағы органоидты ажыратады;
- Жасуша компоненттерінің негізгі қызметін түсіндіреді;
- Жасуша қабырғасының /мембрана, ядро, митохондрия, хлоропластар, вакуол, лизосомалар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық ретикулум, клеткалық органелланың пішінін қалыптастырады.
Бұл ұсынымдар жаңа ғасыр оқушылары үшін қажетті дербес деректерді — ғаламдық ақпараттар мен қарым-қатынас дағдыларын, жаһандық адамның интеллектуалды пікірталастарын және шешім қабылдауды, жалпы алғанда жаһандық ақпараттарды, коммуникациялық және технологиялық құзыреттілікті есептік ойпау сияқты белсенді қасиеттерді дамытуға көмектесетін сапалы білім ортасын құруға көмектеседі.
Қолданылған әдебиеттер:
- Отчет сотрудников НАО им. И. Алтынсарина по итогам научной командировки в Сингапур с 23 по 28 ноября 2014 г. — НАО им. И. Алтынсарина, 2014 — 12 с.
- SТЕМ білімді енгізу бойынша әдістемелік үсынымдар. Методические рекомендации по внедрению SТЕМ образования. – Астана, 2017.
- Ногайбаева Г., Развитие SТЕМ образования в мире и Казахстане.
- Аксенова Н.И. Системно-деятельностный подход как основа формирования метапредметных результатов [Текст] // Теория и практика образования в современном мире: материалы Междунар. науч. конф. (г. Санкт- Петербург, февраль 2012 г.). — СПб.: Реноме, 2012.
- 5.Н. Грин, У. Стаут, Д. Тейлор «Биология», 3 том
- 6.http://infourok.ru
- 7.http://www.kozlenkoa.narod.ru/ 8.Бексуинова Т.П., «Модельдеу әдісі» Қазақстан 2004 ж.