Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.
Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет.
Тілді меңгертудегі басты мақсатым — оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыта отырып, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу. Өз толғамын жеткізе алатын, кез-келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, компетентті іскер азамат тәрбиелеу.
Қазіргі жаңа педагогикалық парадигмаға сәйкес мемлекеттік тілді оқытуда озық технологиялардың қолданылуы тиімді оқыту әдістемесін жетілдіре түседі. Олардың тілдік қорын молайтуда, ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, тілге деген қызығушылығын арттыруда коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруын жүзеге асырудың бірден-бір ұтымды жолы болып табылады. Оқушының білім деңгейін көтеруде, жан-жақты білім беру ортасын құру. Әр оқушы өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, қарым-қатынасының нығаюына, оқушының білім алуына қолайлы жағдай туғызу, тілге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат — тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат — оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Тіл дамыту — тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады.
Тілдік бес дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым, тілдесім) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.
Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Белгілі бір тақырып аясында бес дағды өзара сабақтастық тапса онда, бес саусақ жұмылып жұдырықтай күшке ие болар еді.
Тыңдалымның мақсаты оқушыны: аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, үйрету. Мысалы: отбасы мүшелері тақырыбын алсақ, әр сөзді аудиожазба арқылы айтып,отбасы мүшелерінің суреті көрсетіледі.Суретін көру арқылы оқушы сөздің дыбысталуын тыңдайды,көзбен көріп еске сақтайды.Сол сияқты кезкелген тақырыпты ауға болады.
Айтылым — адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын
сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол — тілдік қарым-қатынас барысында
адамның өз ойын жарықа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге
ұғынықты етіп жеткізуі. Мысалы:
Өз отбасың туралы, олардың жұмыстары туралы айт. Үлгі бойынша өз отбасың туралы айт.
Үлгі: Менің отбасым үлкен. Отбасымда тоғыз адам бар.
Олар: атам, әжем, әкем, анам, ағам, әпкем, қарындасым, інім және
өзім. Атамның аты Қайрат. Әжемнің аты Қарлығаш. Әкемнің аты Сәбит. Анамның аты Арайлым. Ағамның аты Ғабит. Әпкемнің аты Айару. Қарындасымның аты Тұмар. Інімнің аты Мұхтар.
Мен өзімнің отбасымды жақсы көремін.
Ақ параққа отбасы мүшелерінің жұмысына қатысты суреттер жапсыр немесе сурет сал, постер жаса. Айт.
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау,негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу; Мысалы, мәтінді оқы. Менің отбасым үлкен. Менің атам алпыста.Оның аты Асан. Менің әжем елу бесте. Оның аты Ханшайым. Менің әкемнің аты Марат. Ол отызекіде. Менің анамның аты Гүлім. Ол отызда. Ағам он екіде. Ол оқушы.Әпкем онда. Ол да оқушы.
Оқы. Сұраққа жауап бер.
— Сенің атаң кім? — ……
— Сенің әкең заңгер ме? — Жоқ, …..
— Сенің анаң мұғалім бе? — Иә, …..
— Сенің әпкең студент пе? — Жоқ, ……..
— Оның ағасы оқушы ма? — Иә, ……
Оқы.
Менің
мен
бар.
мен
ауылда тұрады.
Жазылым әдісі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: тақырыпты аша білуі, грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі, қорытынды шешім шығарып,өз көзқарасын дәлелдеуі; мысалы:
Сөздерді сәйкестендіріп жаз.
Менің атам дәрігер
әжем заңгер
әкем зейнеткер
анам мұғалім
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жаз.
Анам отыз…, әкем отыз екі…, ағам он бес…, інім алты… .
Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрап жаз.
Тірек сөздер: анам, әкем, атам, әжем, ағам, інім, жұмыста, балабақшада,
оқиды, дәрігер, аспаз, заңгер, мұғалім.
Тілдесім – сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамтиды.Тілдесім арқылы оқу,жазу,тыңдау,сөйлеу жүзеге асады.мысалы
«Ол кім?» ойыны.
Түстер бойынша топқа бөлінеміз. Текшені кезекпен лақтырып, тақта бетіндегі сурет бойынша адамның қандай жұмыс істейтінін айтыңдар. Бір минуттың ішіндеқай топ көп және дұрыс айтса, сол топ жеңіске жетеді.
Отбасы мүшелерінің атын, жасын, мамандығын сұрап, диалог
құрыңдар.
Қорытып айтқанда, оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұның бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдық қабілеттер, танымдық үрдістер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет үрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». — Алматы, 2002ж.
2. Н.Қ.Мухамадиева, Н.Ә.Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». — Алматы, 2002ж.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. — 2000-2006жж.
4. Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірігіп шығарған «Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері» жинағы. – 2013 ж.